-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Жемқорлықсыз қоғам орнасын десек

    23.12.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Қылмыс
    Жемқорлықсыз қоғам орнасын десек
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті биыл облыста жемқорлықпен күрес бағытында атқарылған жұмыстарын қорытындылады. Өңірлік коммуникация қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында департамент басшысы Болат Жармақов құзыретті органның жемқорлыққа қарсы қызметіндегі негізгі бағыттары мен іс-қимылдарын дәлел-дәйектермен баяндады.

    Департамент басшысы Болат Серікпайұлының сөзінше, Департамент негізінен Алматы облысындағы сыбайлас жемқорлық қауіп-қатерлерінің картасын басшылыққа алады. Бұл картада әр сала бойынша азаматтарды жиі толғандыратын жемқорлық қауіп-қатерлері мен мәселелері жүйеленіп, тоқсан сайын жаңаланып отырады.

    «Біз сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтап, жоюға ерекше назар аударамыз. Бұл жердегі басты жұмыстар сыбайлас жемқорлыққа мониторинг жасау және сыбайлас жемқорлық қауіп-қатерлерін сыртқы талдауға негізделеді. Мониторинг пен талдаудың қорытындысына қарай біз сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмауға қатысты тиісті ұсыныстар береміз. Мәселен, мониторинг қорытындысы бойынша 28 ұсыныс беріліп, оның 20-сы немесе 73 пайызы орындалды. Ал талдау қорытындысында барлығы 55 ұсыныс беріліп, олардың 39-ы немесе 70 пайызы орындалды», – деді Болат Жармақов.

    Статистикадан нақты мысалдар келтірсек, биыл жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алу бойынша жүргізілген талдау барысында жер учаскелерінің нарықтағы құнын асыра бағалау салдарынан бюджет қаражатының негізсіз артық жұмсалуына әкеп соқтыруы мүмкін фактілер анықталған. Департамент дер кезінде шаралар қабылдап, уәкілетті органдарға жер телімін сатып алудан бас тарту туралы хаттар жолдаған, осылайша, қаржының ысырап болуының алды алынған.

    Сонымен қатар, Департаменттің алдын алу жұмысының маңызды бөлігі жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып саналады, ол қоғамда жемқорлық көріністеріне төзбеу мәдениетін қалыптастыруды көздейді.

    «Бұл бағыт бойынша Департамент «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасын іске асырып жатыр, онда өңірдің мүдделі азаматтары жемқорлыққа қатысты мәселелерді анықтауға және жоюға белсенді қатысады. Мәселен, жемқорлыққа қарсы еріктілер Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылдық округінде 30 га жер учаскесін беру кезінде болған заң бұзушылықтарды анықтады. Жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган тиісті тексеруден кейін ол фактіні растады, яғни учаскенің басқа мақсатта пайдалануға берілгені анықталды» деді Болат Серікпайұлы.

    Департамент басшысының орынбасары Айдос Мамыттың түсіндіруінше, мониторинг бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желі сияқты көпшілікке ашық дереккөздерінде жарияланған ақпараттар негізінде жүргізіледі. Ал сыртқы талдау Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мен мемлекеттік органдардың тікелей өзара іс-қимылы арқылы жүргізіледі.

    Болат Жармақов сонымен қатар қай саланы сыбайлас жемқорлық меңдеп кеткен деген сұрақтың жауабын берді. Оның сөзінше, нақты бір салада жемқорлық фактісі бойынша тұтқындау айталық, биыл былтырғыдан көп болса осы салада жемқорлық тамыр жайған деп кесіп айтуға болмайды. Себебі бұл сол салада қызметін адал атқаратын азаматтарға топырақ шашу болар еді. «Егер биыл былтырғыдан көп шенеунік ұсталса, ол жемқорлықпен күрестің сәтті жүріп жатқаны емес, оның алдын алу жұмыстары тиімді жүргізілмей жатқанынан деп есептеген жөн. Демек, алда осы бағыттағы жұмыстарды күшейту қажет болады» деді Департамент басшысы. Оның пікірінше, қандай да бір салада жемқорлық фактісіне байланысты мемлекеттік қызметкер ұсталып жатса оны сыбайлас жемқорлықпен күресте сәттілікке жетіп жатырмыз деп емес, әділдік пен заңдылықтың салтанат құруы деп есептеу керек.

    Бір ескере кететін жайт, Департамент азаматтардан қандай да бір салада көзге көрініп тұрған жемқорлық фактісі туралы шағымданса д, құрғақ сөзге сеніп шара қолдана алмайды. Ол үшін әуелі растайтын құжаттар болуы керек, сосын тексеру жүргізліп, ол бойынша акт толтырылып, одан кейін ғана тиісті органға жемқорлық фактісі бар-жоғы туралы шешім қабылданады.

    Халықтың жемқорлық фактілеріне төзбеу мәдениетін мәдениетін қалыптастыру үшін өңірдегі әлеуметтік маңызы бар нысандарды салу барысын жергілікті белсенді азаматтармен бірлесіп қадағалау тәжірибесі де қолға алынған. Тұрғындармен осындай бірлескен жұмыстардың арқасында Райымбек ауданының Жамбыл ауылында Мәдениет үйі өткен қараша айында уақытынан кешікпей пайдалануға берілген.

    Айбек Мұқан

    Ұсынымдар

    Антына адал азамат

    Антына адал азамат

    1 year ago
    Алматы облысында шомылу маусымы басталғалы 10 адам суға батып кеткен

    Алматы облысында шомылу маусымы басталғалы 10 адам суға батып кеткен

    2 years ago
    Алматы облысында Құрбан айтқа қатысты брифинг өтті

    Алматы облысында Құрбан айтқа қатысты брифинг өтті

    2 years ago
    Қауіпті анықтайтын көк код

    Қауіпті анықтайтын көк код

    4 months ago
    Мерекедегі мерейлі сәт

    Мерекедегі мерейлі сәт

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.