Перейти к содержимому
Главная страница » Қауіпсіз жол кепілі

Қауіпсіз жол кепілі

     Қалың қар жауғалы Жамбыл ауданында автокөлік жолдарын тазалау ісінде тыным жоқ. Қар күрейтін арнайы техникалар күндіз-түні жұмыс істеп, жолаушылардың діттеген жеріне кедергісіз жетуіне жағдай жасауда. Мұндағы аудандық, облыстық, республикалық маңызы бар жолдарға бірнеше ұйым бекітілген.

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы – 915 шақырым. Оны қысқы күтіп-ұстау жұмысын «АБЗ КАРЬЕР ДРСУ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізеді. Елді­мекендер арасын байланыстыратын жолдар қардан тазартылып, көктайғаққа қарсы материалдар себілді. Жұмысты уақытылы және сапалы жүргізу үшін 4 КДМ, 3 МТЗ тракторы, барлығы 7 бірлік арнайы жол техникасы жұмылдырылды.
Облыстық маңызы бар автомобиль жолдары – 393 шақырым. Осын­ша жолды қысқы күтіп ұстауды «Дортехмонтажсервис» ЖШС жү­гізуде. Бұл жолдар да қардан аршы­лып, көктайғаққа қарсы материал­дар себілді. Жұмысты уақытылы және сапалы орындау үшін атал­ған мердігер ұйымының 11 арнайы техникасы жолға шықты. Бұлар – 8 КДМ және 3 МТЗ тракторы.
Аудан аумағынан өтетін респуб­ликалық маңызы бар жолдар «Алматы-Бішкек», «Алматы-Шамалған-Ұзынағаш-Аққайнар-Сұраншы батыр-Қырғызстан шекарасы», «Ұзынағаш ауылына кіреберіс» деп аталады. Бұлардың жалпы ұзындығы – 187 шақырым. Осы автомобиль жолдарына қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын АОФ «КАЖ сервис» ЖШС-не қарасты «ДЭУ-14» мердігер ұйымы жүргізуде. Мұнда 8 бірлік арнайы техника жұмылдырылды: 5 КДМ, 2 тиегіш, 1 автогрейдер. Аталған жолдар қар­дан тазартылып, көктайғаққа қарсы материал пайдаланылды. Сондай-ақ республикалық маңызға ие «Алматы-Астана» күрежолының 144 шақырымы аудан ішімен өтеді. Оны қысқы күтіп ұстауды да АОФ «КАЖ сервис» ЖШС-ге қарасты ДЭУ-20 мердігер ұйымы міндетіне алған. Мұнда 12 бірлік арнайы техника жұмыс істеді, атап айтқанда, 7 КДМ, 2 тиегіш, 1 автог­рейдер, жүк көлігі мен трактор.
Қардан тазарту және көктайғаққа қарсы себу жұмыстары жалғасуда.

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Жамбыл ауданы