-13 °c
Qonaev
Tuesday, July 15, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңа нысандар бой көтеруде

    20.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Өңір тынысы
    Жаңа нысандар бой көтеруде
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

            Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласында салынып жатқан және келешекте құрылысы басталатын нысандарды аралады. Сапарын Қапшағай су қоймасының оңтүстік-батыс жағалауында қоныс тепкен «Asp arena» кешенінің құрылысымен танысудан бастады.

    Аумағы 64 га аумақты алып жатқан бұқаралық мәдени іс-шараларды өткізуге арналған туристік-спорттық ойын-сауық кешенінің 3600 көрермен сиятын трибунасы бар мұз айдынын, мейрамхана, қонақ үй, 1 мың шатырға арналған кемпинг алаңы, пилоттық академия, бассейн, 2 мың орынды көлік тұрағын және тағы басқа да аталған кешен аумағындағы ғимараттарды көріп шықты. Қонақтарды ертіп, кешенмен таныстырып жүрген қаржы директоры Исмар Яхьяров болашақ жоспарымен бөлісті. Облыс әкімі құрылысы аяқталмаған және пайдалануға берілген нысандарға өз бағасын берді.
    Келесі кезекте Марат Елеусізұлы салынып жатқан кеңсе бөлмелері бар көпфункционалды білім беру орталығына барды. Облыс әкімдігі мен «Medeo Build Almaty» ЖШС басшылығы арасындағы меморандумға сәйкес бой көтеретін 200 орынды нысан қолданысқа берілген кезде уақыт талабына сай жабдықталған, балалардың барлық қажеттілігі ескерілген ғимарат болады. «Medeo Build Almaty» ЖШС-ның директоры Нұрсұлтан Төлештің айтуынша, құрылыс жұмысы биыл 2-тоқсанда аяқталады. Қазіргі кезде 1-қабаттың төбесі жабылуға таяп қалған. Жерді тегістеу мақсатында аулаға құм төгілуде. Алдағы уақытта абаттандыру жұмысы жүргізіледі.
    Облыс басшысының келесі аялдаған жері – қалалық №6 жағажай. Бұл жағажай уақыт талабына сай қайта жаңғыртылады. Мердігер мекеме басшысы құрылыс жобасымен таныстырып, барлық жұмысты шомылу маусымына дейін аяқтап үлгеретінін жеткізді.
    Облыс әкімінің құрылыс нысандарын аралау сапары «Алматы демалыс» жағажайында жалғасты. Бұл жерде архитектура және құрылыс бөлімінің басшысы Руслан Ботамбаев пен жер қатынастары бөлімінің басшысы Талғат Исахан қайта жаңғырту жобаларымен таныстырды. Демалыс аймағы көшелерінің жолы 2018 жылы күрделі жөндеуден өткен. Қонаев қаласының бас архитекторының сөзінше, пайдаланылмай жатқан 200 гектарға жуық жер телімі қайтарылған. Жаңа Іледен 20 шақырымдай жердегі солтүстік жағалауды дамыту бағытында 427 гектарды құрайтын аймақта дүкен, аквапарк, қонақүй кешендерін салу қарастырылуда. Жаңа Іледе Бас жоспарға сәйкес бой көтеретін нысандардың мемлекеттік сараптама қорытындысы биыл көктемде дайын болады. Келешекте бұл аймақты қала аумағына қосу жоспарлануда.
    Аймақ басшысы нысандарды жаңғырту жұмысына инвестор тарту керегін қаперге салды. Бұл ретте осы істі дөңгелетіп отырған бірқатар кәсіпкерлер де өз ұсыныстарын айтып, қысы-жазы ауызсу болып, газ тартылса, жылдың барлық мезгілінде демалушылар болатынын алға тартты.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Ауыл мен қала мектептеріндегі білім сапасы тең болуы керек – Президент

    Алматы облысында оқу жылы қалай корытындыланды?

    1 year ago
    Президент: Конституциялық реформ арқылы бүкіл жүйені өзгертетін қадамдар жасалды

    Президент: Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыру қажет

    2 years ago
    5 облыста құрғақшылыққа байланысты ескерту жарияланды

    5 облыста құрғақшылыққа байланысты ескерту жарияланды

    1 year ago
    Қазақстан мен Өзбекстан басшылары кездесті

    Қазақстан мен Өзбекстан басшылары кездесті

    4 months ago
    Облыс тоғызқұмалақшылары әлем біріншілігінде топ жарды

    Тоғызқұмалақтан «Абай жүлдесі» турнирі өтеді

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>