-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Мал қыстату – маңызды науқан

    20.01.2025
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Мал қыстату – маңызды науқан
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

           Төрт түлік мал өсірумен айналы­сатын шаруалар жылдың барлық мезгілінде тыным таппай еңбек ететіні белгілі. Төрт түліктің қасиетін жақсы білетін халқымыз амандасқанда бірінші кезекте «Мал-жан аман ба?» деп сұрайды. Өйткені, төрт түлік өлім-жітімнен аман болса, жан да аман болатынына баяғыда-ақ көз жеткізген. Сатсаң – пұл, сойсаң – ет, саусаң – сүт болатын малдың қасиетін осыдан-ақ аңғарасың. Әйтеуір, мал баққан ел аш болмайтыны, көштен қалмайтыны ақиқат.

    Аграрлы аудандағы мал қыстату науқаны өңір басшысының тікелей назарында тұрғандықтан ауыл шаруашылық мамандары бұл істі үнемі бақылауға алып отырады. Малдың жай-күйін бағамдау мақсатында аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Нұралы Шүленбаев Миялы ауылдық округіне қарасты «Қайсар» шаруа қожалығына арнайы барып қайтты.
    Аталмыш шаруашылыққа атбасын бұрғанымызда осындағы істің басы-қасында жүрген Алмат Төреханұлы жауапты һәм күрделі науқанды қалай еңсеріп жатқаны жөнінде баяндай жөнелді. Ол қысқа тиянақты әзірлік жасап, жаз айларында 5 тонна арпа, 300 орама жоңышқа және 1000 орама табиғи шөп дайындап алған. Мал қыстату науқанына ерте қамданған шаруашылықта мал азығы жеткілікті. Сондықтан да олар күнделікті ірі қараларға шөп шашып, мал қоңын қалыпты ұстап келеді.
    Әңгіме барысында Алмат Байзақов «Қайрат» шаруа қожалығы 2004 жылы әкесі Төреханның көзі тірісінде құрылғанын және бүгінгі таңда әулеттің үлкен ұлы Аян төрағалық жасап отырғанын айтты. Әке жолын жалғаған ағайынды Аян, Дәулетхан және Алмат сынды ер азаматтарға аналары Ләззат Әбдіханова бас-көз болып, шаруашылықтың тасын өрге дөңгелетіп келеді.
    Дастарқаны жиылмаған Ләззат ананың айтуынша, көктем, жаз мезгілінде сауынға сиыр ұстап, айран, сүт, құрт, ірімшік әзірлеп алады. Бұл жұмысқа келіндері де білек сыбанып, дайын тұрады екен.
    Ауызбіршілігі жарасқан ағайынды жігіттер мал қыстату, төлдету және қысқы мал азығын дайындау жұмыстарын үнемі бірлесіп атқарып жүр. Қысқы мал азығын дайындау науқанында шөп тиегіш құрылғы орнатылған «МТЗ-80» тракторы, «ЗИЛ-131» жүк көлігі тіркемелерімен, шөп шабуға арналған «Германка» комбайны және шөп престегіш техникалары сақадай-сай тұрады екен.
    Ірі қара тұқымын асылдандыруды қолға алған шаруашылықта 220 ірі қара болса, оның 140-ы аналық бас. Сондай-ақ 280 бас жылқы және 60 бас қой бар.
    Мал өсірумен тұрақты айналысуды мақсат тұтқан шаруашылық иелері мемлекеттік жер қоры есебінен Құланбасы баурайынан 430 гектар жер алса, кейіннен мал өрісін кеңейту мақсатында Малайсары асуының маңына 550 гектар және Дәулет қыстауынан 650 гектар жер алған. Шаруашылықтарға тиесілі мал жайылымдарына көктем, жаз мезгілінде қоныс аударып отырады. Сонымен қатар суармалы егіс алқабында 60 гектар жоңышқалық жер де бар.
    «Қыс – қатал сыншы» десек, мал қыстату аса маңызды науқан. Осы кезде арқаны кеңге салуға болмайды. Сондықтан да бұл жауапты іске тыңғылықты дайындық керек.

    Бақтығали ДӘУІТБАЕВ
    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Жаһандық жарыс

    Жаһандық жарыс

    9 months ago
    Әлем біріншілігінде топ жарды

    Әлем біріншілігінде топ жарды

    1 year ago
    Спорт журналистикасы мектебі

    Спорт журналистикасы мектебі

    1 year ago
    Қазыналы қаламгер

    Қазыналы қаламгер

    9 months ago
    Облыс әкімі Шерзат Полаттың өліміне қатысты сауалдарға жауап берді

    Облыс әкімі Шерзат Полаттың өліміне қатысты сауалдарға жауап берді

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.