-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    152 шақырымнан астам жол жөнделді

    28.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Жолдың жайы
    Газдандыру қарқын алады
    0
    SHARES
    15
    VIEWS

    Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергеновпен өңірдегі көлік жолдарының жай-күйі туралы шағын сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз.

    – Нұржан Кеңесұлы, облыстағы автомобиль жолдарының ахуалы қалай? Былтыр қанша шақырым жол жөнделді?

    -2024 жылғы автомобиль жолдары бойынша 5,4 шақырым жол салынды, 143,2 шақырым жолға орташа жөндеу, 6,9 шақырым жолға маршруттық тәсілмен жөндеу, 2,4 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

    Шамадан тыс жүк тасымалдаушы көліктердің автомобиль жолдарына зиян келтірмеу мақсатында жергілікті автомобиль жолдарына 2 автоматтандырылған өлшеу станциялары (АӨС) орнатылды.

    – Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қандай шаралар атқарылып жатыр?

    – Биылғы жылға «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 12 мектептің кіреберіс жолдары жасалды.

    Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, 90 000 шаршы метр ағымдағы жөндеу жұмыстары, 29 дана стробоскоп, 9  дана бағдаршам, 10 дана жол панносы, 300 дана катафот (кошачий глаз), 31 дана бала макеті, 1200 шақырым жолақ сызықтары және 5 316 шаршы метр жаяу жүргіншілер өткеліне таңба сызу жұмыстары жүргізіліп, 946 жол белгілері, 9522,9 м2 жасанды жол кедерігілері мен 4 шақырым металл тосқауыл қоршаулары орнатылды.

    Аудандық және қалалық көше-жол желілері бойынша 426,4 шақырым автомобиль жолдарын маршруттық тәсілмен, ағымдағы жөндеу және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

    Былтыр 1 қаңтардағы жағдай бойынша автомобиль жолдарының 91 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда деп танылды, жыл соңына дейін жақсы және қанағаттанарлық жағдай 94 пайызға жетті, жоспар бойынша жұмыстар толығымен орындалды.

    – Биыл облыста жол салуға қатысты қандай жоспар бар?

    – 2025 жылға облыстық маңызы бар 126,2 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу,  26 шақырым автомобиль жолын күрделі жөндеу, 5 көпірді күрделі жөндеу және автомобиль жолын салу жоспарланған.

    Сонымен қатар, 3 автоматтандырылған өлшеу станциясын орнату жұмыстары жоспарлануда. Қонаев қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары бойынша жобалық-сметалық құжаттама, апаттық жағдайдағы 3 көпірді күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

    – Сұхбатыңызға рахмет!

    Өз тілшіміз

    Ұсынымдар

    Рух пен жігер жеңісі

    Рух пен жігер жеңісі

    8 months ago
    Алматы облысында гидроцелеге шалдыққан науқасқа сәтті ота жасалды

    Алматы облысында гидроцелеге шалдыққан науқасқа сәтті ота жасалды

    10 months ago
    Ауыл әкімі сайлауына үміткерлер тіркелді

    Ауыл әкімі сайлауына үміткерлер тіркелді

    1 year ago
    Тұрғындар жанайқайын жеткізді

    Тұрғындар жанайқайын жеткізді

    10 months ago
    Ілгерілеуге бастаған алты жыл

    Ілгерілеуге бастаған алты жыл

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.