-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Оқушы қауіпсіздігінің кепілі

    03.02.2025
    in Барлық жаңалықтар, Жол-көлік оқиғасы, Қауіпсіздік
    Оқушы қауіпсіздігінің кепілі
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларға қатысты жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында Қарасай ауданының мектеп оқушылары технология сабағында өте маңызды және қажетті іс атқаруда. Атап айтқанда, сыртқы киімдеріне жарық қайтаратын ленталар тігуді қолға алған.

    Шынымен, жаңалықтардан және әлеуметтік желілерден жиі еститін «Автокөлік оқиғасынан қаза тапты» деген жаманатты хабарлардың жүрегімізге жүк түсіріп жүргені анық. Солардың қатарында қаншама бала жарақат алып, мүгедек болды, қыршынынан қиылды. Оны ойлаудың өзі қорқынышты.
    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің деректеріне сәйкес, өткен жылы 31 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 40 мыңнан астам адам зардап шеккен, 2,5 мың адам қаза тапқан. Жарақат алғандар саны 109 пайызға артқан. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында балалар да бар. Қайғылы оқиға көбінесе Алматы, Астана және Шымкент қалаларында орын алатыны да белгілі.
    Осыған байланысты балалардың жол-көлік оқиғасына ұшырауының алдын алу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі болып қала бермек. Бұл бағытта үлкен жұмыс атқарылып келеді. Бейнекамераларды орнатуға, айналма жолдарды, жаяу жүргіншілер көпірлерін, эстакадаларды салуға үлкен қаражат бөлінуде. Полиция қызметкерлері ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейте түскен. Осыған орай Қарасай ауданындағы білім беру ұйымдары жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуда. Атап айтқанда, аудандық білім бөлімі мен аудандық полиция басқармасының бастамасымен 1-7-сынып оқушыларының киімдеріне және мектеп сөмкелеріне жарық қайтаратын лента тігу жұмысы қолға алынған. Оған 5-7-сыныптар жауапты болса, 8-9-сынып оқушылары қолдау көрсетіп келеді. Бұл жұмыс мектеп шеберханаларында орнатылған арнайы өнеркәсіптік тігін машиналарының көмегімен атқарылуда. Осылайша балалар өздері мен сыныптастарының мектепке бару және үйге қайтудағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.
    Аталған шараның орындалуын көру үшін Кошмамбет ауылындағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша салынған жаңа білім ошағына барған едік.
    – Мен осы маңызды іске қатысып, өз үлесімді қосқаныма қуаныштымын, – дейді 9-сынып оқушысы Аяулым Қыпшақпай. – Біз көбінесе таңертең ерте мектепке барамыз да, кешкі қараңғыда қайтамыз. Мұндай жағдайда жарық қайтаратын ленталар оқушылардың көлік жүргізушілерінің назарына ілігіп, қауіпсіздігін сақтауға көмектеседі. Бұл ленталарды біз балалардың сыртқы киімдеріне тігіп жатырмыз.
    Бұл жобаның өмірге сәтті енгізілуіне қатысты Қарасай аудандық білім бөлімінің басшысы Әсел Еркімбаева да өз пікірін білдірді.
    – Біздің ауданымызда автокөліктердің саны жыл сайын артып келеді, – деді Әсел Әблеқызы. – Бұл өз кезегінде жол апатының артуына әкеліп соғуда. Әсіресе кішкентай балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу керек, себебі олар жолда жүру кезінде дұрыс бағдар жасай алмайды. Осыған байланысты әр мектепте жол қозғалысы ережесі туралы түсіндіру жұмысы жүргізіледі, қауіпсіздік шарасы туралы айтылады. Біздің бастамамыздың мәні аталған жұмыстың балалардың қатысуымен жүзеге асырылуында деп ойлаймын. Киімдерде алыстан көрінетін және жүргізушінің көзіне бірден түсетін жарық қайтарғыш элементтер балаларды жол-көлік оқиғаларына ұшырауының алдын алу шараларының бірі болмақ. Біз бұл бастаманың қайғылы оқиғаларды болдырмауға және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесетініне сенеміз.

    Қуат Қайранбаев

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Газдың әлеуметтік әділ құны белгіленеді

    Алматы облысының тұрғындары газ бағасының қымбаттағанына наразы

    2 years ago
    Жастарға жанашыр еді

    Жастарға жанашыр еді

    11 months ago
    “Бизнеске жол” жобасының жұмыс барысы таныстырылды

    “Бизнеске жол” жобасының жұмыс барысы таныстырылды

    2 years ago
    ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ «БЕНТ» ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

    ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ «БЕНТ» ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

    8 months ago
    Балқаш ауданында ауыл шаруашылығы саласы өркендеп келеді

    Балқаш ауданында ауыл шаруашылығы саласы өркендеп келеді

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>