-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Биыл 17 мектеп пайдалануға беріледі

    04.02.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Инфрақұрылым
    Газдандыру қарқын алады
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

    Еліміздің бірнеше өңірінде 2023 жылдан бері апатты мектептер, үш ауысымды оқыту, мектептердегі орын тапшылығы мәселелерін жою мақсатында “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы қабылданып, заманауи мектептер салына бастағаны белгілі. Жобаның Алматы облысында қалай жүзеге асып жатқаны туралы Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергеновпен шағын сұхбат құрдық.

    – Алматы облысында білім беру саласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында қандай өзгерістер болып жатыр?

    – Алматы облысында 5 ауданда 24 900 оқушыға арналған 26 жаңа мектеп салынып жатыр. Бұл жоба облыстың білім беру жүйесін жақсартып, оқушылар үшін жайлы және заманауи мектептер құруды мақсат етеді. Мектептердің құрылысы 2023-2025 жылдар аралығында жүргізіліп жатыр, оған республикалық бюджеттен 181,6 миллиард теңге қарастырылған.

    – 2024 жылы қанша мектеп пайдалануға берілді? Олардың ерекшеліктері қандай?

    – 2024 жылы 9 жаңа мектеп ашылды. Олар Қарасай, Іле, Жамбыл аудандарында және Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан. Бұл мектептерде заманауи жабдықтар, интерактивті тақталар, мультимедиялық құралдар мен цифрлық зертханалар бар. Сондай-ақ, үш ауысымда оқитын мектептер саны 53-тен 32-ге дейін азайды. Мектептерде 10 921 оқушы оқып, 812 педагог пен 394 техникалық қызметкер жұмыс істейді.

    – Жаңа мектептерде қай тілде оқытады?

    – Жаңа мектептердің 8-і қазақ тілінде, 1-і аралас тілде оқытады. Мәселен, Қарасай ауданындағы Қошмамбет, Елтай, Долан, Көкөзек, Кемертоған ауылдарындағы мектептерде оқу қазақ тілінде жүргізіледі. Ал Долан ауылындағы мектепте орыс тілінде де оқыту бар.

    – 2025 жылы қандай жоспарлар бар?

    – Биыл тағы 17 мектептің құрылысы аяқталады. Бұл мектептер Талғар, Қарасай, Жамбыл және Іле аудандарында салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың жаз айларында аяқталып, жаңа оқу жылына дайын болады. Жергілікті бюджеттен 2,9 миллиард теңге бөлініп, инженерлік желілер мен абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

    Қазіргі уақытта 4 мектепте инженерлік желілер толығымен тартылды, ал қалған мектептердің жұмыстары жоспар бойынша жалғасуда. Жаңа мектептердің ашылуы оқушылардың білім алу мүмкіндіктерін жақсартып, үш ауысымда оқытатын мектептер санын айтарлықтай азайтады. Бұл бастама өңірдегі білім беру сапасын көтеруге ықпал етеді деп сенеміз.

    – Сұхбатыңызға рахмет!

    Өз тілшіміз

    Ұсынымдар

    Бірлесе көтерген жүк жеңіл

    Бірлесе көтерген жүк жеңіл

    1 year ago
    ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ — АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛАР МЕН ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕ ОРТАЛЫҒЫ

    ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ — АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛАР МЕН ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕ ОРТАЛЫҒЫ

    2 years ago
    Ауқымды жобалар жүзеге асырылады

    Ауқымды жобалар жүзеге асырылады

    1 year ago
    «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша қазақстандық балаларға 888 млн доллар аударылды

    «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша қазақстандық балаларға 888 млн доллар аударылды

    4 months ago
    «Таза бейсенбіге» белсене қатысты

    Экоакция аясында өзен арналары тазартылды

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.