-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Алматы облысында 4 мың тоннадан астам тауарлық балық өсірілді

    12.02.2025
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Алматы облысында 4 мың тоннадан астам тауарлық балық өсірілді
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Алматы облысында шаруашылығын дамытудың 2021- 2030 жылдарға арналған бағдарламасы жүзеге асуда. Жоба шеңберінде тауарлы балық өсірумен айналысатын 70 шаруашылық құрылған. Аталған шаруашылықтардың ішінде қазіргі уақытта 55 шаруашылық тауарлы балық өсірумен айналысады. Бұл туралы Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Ринат Маратұлы баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

    Жалпы, 2024 жылы бағдарлама бойынша тауарлы балық өсірудің жоспары 7000 тонна болып белгіленген, есептік кезеңде Алматы облысы бойынша 4488,55 тонна тауарлы балық өсірілген жайы бар.

    «Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде 2021 жылдан бастап 2024 жылдар аралығында жеке инвестициялардың жалпы сомасы 5 млрд. 238 млн. теңгеден асатын, жобалық қуаттылығы жылына 4,5 мың тоннаға жуық балықты құрайтын 14 жаңа балық өсіру шаруашылықтары іске қосылды»,-дейді Ринат Маратұлы.

    Баршаға мәлім, өңірде балық шаруашылығын дамытуға мемлекеттен қолдау жоғары. Бүгінгі күні облыс бюджетінен 300,0 млн. теңге көлемінде субсидия бөлініп, толығымен игерілген.

    Айта кетейік, 2024 жылы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Балқаш-Алакөл бассейнінің су айдындарына жалпы саны 2 млн. 13 мың дана құнды балық шабақтары жіберілген еді.

    Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі – браконьерлікпен күрес болып табылады. Өткен жылы аталған бағыттағы жұмысты жүргізу барысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 462 фактісі тіркелген. Нәтижесінде 438 жеке тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартып, 79 құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік іс қозғалған.
    Ринат Маратұлының айтуынша, табиғат қорғау заңнамасын бұзғандарға 10,9 млн. теңге көлемінде айыппұл салынып, 34,4 млн. тенге талап-арыз қойылған екен.
    «8 тоннаға жуық заңсыз ауланған балық, 22 бірлік су көлігі және 169 дана қолдануға тыйым салынған балық аулау құралдары тәркіленді»,-деді спикер.

    Ұсынымдар

    Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі

    Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі

    3 weeks ago
    Ұлттық аспапты ұлықтаған

    Ұлттық аспапты ұлықтаған

    11 months ago
    МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

    МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

    7 months ago
    Биыл қандай алаяқтық түрлері кең тарады?

    Биыл қандай алаяқтық түрлері кең тарады?

    1 year ago
    Алматы жылу кешенін газға ауыстырудың алғашқы кезеңі аяқталды

    Алматы жылу кешенін газға ауыстырудың алғашқы кезеңі аяқталды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.