-13 °c
Qonaev
Tuesday, June 3, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    «Таза бейсенбі»: Қарасай ауданының тұрғындары көше бойынан 6 тонна қоқыс шығарды

    Алматы облысына қарасты Жалпақсай ауылында экологиялық акциясы өтті

    20.02.2025
    in Барлық жаңалықтар, Экология
    «Таза бейсенбі»: Қарасай ауданының тұрғындары көше бойынан 6 тонна қоқыс шығарды
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Игі бастаманы «AMANAT» партиясының мүшелері қолға алып, оны «Жастар рухы» жастар қанатының волонтёрлері мен ауыл тұрғындары қолдады. Жалпы сенбілікке 30-ға жуық адам қатысып, бірнеше сағат ішінде 6 тонна қоқыс жиналды.

    Ауыл көшелерінде жиналып қалған қоқыс тұрғындар үшін өзекті мәселеге айналған болатын. Әсіресе, құрылыс қалдықтары – бетон сынықтары, кірпіштер, тақтайлар мен пластик панельдер көшелер мен бос жатқан жерлерде шашылып жатты. Кейбір тұрғындар жөндеу жұмыстарынан кейін бұл қалдықтарды арнайы орындарға шығармай, жол жиегіне немесе ашық жерлерге төге берген..

    «Бұл қоқыс бірнеше апта бойы жиналмай жатты. Кейбір тұрғындар жөндеу жұмыстарынан кейін қалдықтарды кез келген жерге тастай салған. Айнала лас болып, қоқыс күн санап көбейе берді. Ал «AMANAT» партиясының мүшелері сенбілік ұйымдастыратынын айтқанда, біз бірден қолдадық. Егер бұл акция болмаса, қоқыс тағы да айлап жатар ма еді», – дейді ауыл тұрғыны.

    Экологиялық акцияның басты мақсаты – тек қоқыс жинау ғана емес, ауыл тұрғындарын қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақыру. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мәселені бір реттік сенбілікпен шешу мүмкін емес, ең бастысы – қоқыстың қайта жиналуына жол бермеу. Сондықтан бұдан былай ауыл тұрғындары апта сайын сенбілік өткізіп, тазалықты сақтап отыруға келісті.

    «Біздің мақсатымыз – тек көшелерді тазарту ғана емес, тұрғындарға тазалық мәдениетін сіңіру. Тазалық жұмыстары кезінде біз қоқыстың қаншалықты көп екенін өз көзімізбен көрдік. Егер әр адам қоршаған ортаны таза ұстауға атсалысса, мұндай ластану мүлдем болмас еді», – деді «AMANAT» партиясының мүшесі Бекжан Сүнбеков.

    Жиналған барлық қоқыс сұрыпталып, арнайы орындарға шығарылды. Ұйымдастырушылар мұндай бастамалардың тұрақты түрде өткізіліп, ауылдағы экологиялық ахуалды жақсартуға үлес қосатынына сенімді.

    Ұсынымдар

    МӘЖІЛІСМЕН БАҚҚОЖАЕВТЫҢ ҰСТАНЫМЫН ҚОЛДАУ СӨЗ

    МӘЖІЛІСМЕН БАҚҚОЖАЕВТЫҢ ҰСТАНЫМЫН ҚОЛДАУ СӨЗ

    2 years ago
    Жұмыс қарқыны жоғары

    Жұмыс қарқыны жоғары

    5 months ago
    Ұлт рухы

    Ұлт рухы

    7 months ago
    Тазалыққа шақырды

    Тазалыққа шақырды

    1 year ago
    Оқырманға жол тартты

    Оқырманға жол тартты

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.