-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫН

    22.02.2025
    in Барлық жаңалықтар
    БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫН
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

          Жамбыл ауданының Қасымбек ауылындағы қазақ-түрік бірлескен кәсіпорны 2012 жылы құрылған еді. Ауылдың кіреберісіндегі атшаптырым аумаққа өндірістік базаларын орналастырып,  сол жылдың соңында алғашқы өнімін бере бастады. Электр шамдарын шығаратын зауыт алғашқы кездері «Тексан Қазақстан Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі деп аталған.

    Содан бері электр бұйымдарының сан түрімен қатар басқа да тауарлар шығаруға маманданды. Алғашында 25 жұмысшымен ісін бастаған кәсіпорында еңбек етушілер саны жыл өткен сайын артып, 200-ге жеткен болатын. Тұрғын үйлерге, кеңсеге, көшеге арналған шамдардан бастап, ажыратқыш, сым, кабель сияқты электр тауарларының басқа да көптеген түрін заманауи үлгіде өндіруге бейімделді. Бірте-бірте өнім көлемі ұлғайып, тауарлар түрлене түсіп, жаңа цехтар іске қосылған. Кәсіпорындағы өндіріс үдерісі қалыпты жолға қойылып, бірнеше жыл қатарынан тұрақты түрде дамыды.
    Инвесторлары зауытты техникалық жарақтандыруға жыл сайын шамамен 500 млн теңге инвестиция салып, сапаға баса назар аударады.  Зауытта орта есеппен айына 200 мың бірлік өнім шығарылады. Өнімдері өз елімізден басқа таяу шетелге, оның ішінде Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстанға, сондай-ақ Парсы шығанағы мен Латын Америкасына да экспортталып келді. Бұл елдерде бөлімшелері де жұмыс істейді.
    Алайда нарықтағы сұраныстың құбылмалылығынан және әлемді жайлаған індеттік жағдайларға байланысты өндіріс көлемі кейінгі жылдарда біраз бәсеңдеді. Қазір зауыт «Kaz Tek Invest» деп аталады. Отандық үлестің көлемі көбейген кәсіпорында жарық диодты шамдардың 100-ден астам түрі шығарылады. Кеңсеге, көшеге, тұрмысқа және өнеркәсіп орындарына арналған әртүрлі пішіндегі шамдар, өзге де электр бұйымдары, одан бөлек мектеп парталары, саябақ­қа арналған орындықтар мен өрт сөндіру бөлімдеріне, медициналық мекемелерге түрлі өлшемдегі шкаф, сейфтер мен төсектер де жасалады. Отандық өнімнің 400-ге жуық түрі тұтынушыға жөнелтіліп жатыр. Темір бұйымдарды әрлеуге қолданылатын ою-өрнектер заманауи лазер қондыр­ғысымен салынады. Нәтижелі жұмы­сының арқасында зауыт «TEKMETAL» брендімен танымал болды. Әртүрлі мақсаттағы металл өнімдерін бөлшек­тен бастап жаппай сериялық өндіруге маманданды.
    – Кәсіпорын әуел баста тек электр шамдарын шығарған болса, одан кейін темірден жасалатын тауарларды қолға алды. Осы жылдар ішінде зауыт жұмысшылары түрлі металл бұйымдарын өндіруде үлкен тәжірибе жинақтады. Кәсіпорын қаншама адамның қолайлы ортасына, ортақ «үйіне» айналды. Қазір осында 100-ден аса жұмыскер әртүрлі салада, цехтарда тұрақты еңбек етеді. Инженер, конструкторлардан бастап, дәнекерлеушілер мен металл құрас­тыру­шылардың тәжірибесі толысып, бәсекеге қабілетті өнім өндіруде табандылық танытып келеді, – дейді «Kaz Tek Invest» зауытының директоры Нұрмұхан Маделиев.
    Айтуынша, компания инновациялық технологияларды пайдалана отырып, серіктестеріне заманауи жабдықта дайындалған жоғары сапалы тауар­ларды тиімді бағамен ұсынады әрі өнім сапасына кепілдік береді. Сол арқылы осы салада көшбасшы болуға ұмтылады. Негізінен жарық шамдарын шығаруға машықтанған зауыт «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында салынып жатқан ғимараттардың ауласын жарықтандыруға, озық үлгідегі қоршауларын жасауға белсене қатысып келеді. Бұдан бөлек, қарғын су басқан Құлсары мен Атырау қала­ларына заманауи үлгідегі аялдама, жайлы орындық, сонымен қатар қоқыс жәшіктерін жасайды.
    Жалпы, іске қосылғалы бері электр шамдарының 30 мыңнан астам түрін шығарған зауыттың өнім­дері бірегейлігімен ерекшеленеді. Оған шамдардың басым бөлігінің арнайы тапсырыспен, бірін-бірі қайталамайтындай етіп жасалатыны себеп. Сәні мен салтанаты келіскен тұрмыстық бұйымдар Германия, Жапония, Қытай, Тайвань, АҚШ-тан алынған озық станоктардың көмегімен жасалады. Дайындалған өнімдер зертханалық тексерістен өткізіліп, сапасына кепілдік беріледі. Қолданысқа керекті шикізаттың 80-85 пайызы отандық өнім саналады. Қажетті металл Теміртау мен Қарағанды, Талдықорған қалаларынан алынса, қалған 15 пайызы  Қытай елінен әкелінген.
    Өндіріс орнын дамытудың басым бағыттарының қатарына жұмысшы­лардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, еңбекті қорғау, мамандардың білік­тілігін арттыру да жатады. Қазіргі таңда зауытта еңбек етіп жатқан 110 адамға толыққанды жағдай жасалған. Зауыт іргесінде алыстан келетін жұмысшылар үшін 100 орынды жатақхана салынған. Ішінде бильярд бөлмесі бар, ал аулада теннис, шағын футбол алаңы жабдықталған.
    «Ауылымызда осындай өндіріс орнының барына қуанамыз. Себебі тұрғындардың біразы осы жерде еңбек етіп, отбасын асырап отыр. Айлығымыз уақытылы беріледі. Біз еңбек еткелі де он шақты жылға жуықтады», – дейді Қасымбек ауылының тұрғыны Жадыра Қаршыбаева. Ал монтаждау бөлімінің бригадирі Айғаным Сұлтанова 3 бригада бойынша 35 адам жұмыс істейтінін айтты. Олардың басым бөлігі – шам құраудың шебері атанған әйелдер.
    Отандық өнім өндіруде өзіндік орны бар зауыт өнімдері түрлі деңгейдегі көрмелерге қатысып, жүлделі орын­дарға ие болып жүр. Өткен жылы өндіріске 10 млн доллардай инвестиция салыныпты. Мемлекетке тиісті салығын төлеп, жергілікті бюджет қоржы­нын толықтырып отырған зауыт сапалы өнімдерін алуға ниет білдірген мекеме­лерден тапсырыс қабылдауға мүдделі.

    Қасымбек ауылы,
    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    JTI компаниясы Іле ауданында жаңа темекі өңдеу цехын ашты

    JTI компаниясы Іле ауданында жаңа темекі өңдеу цехын ашты

    2 years ago
    Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы «16 күн» науқаны басталды

    Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы «16 күн» науқаны басталды

    6 months ago
    Бас жүлде – біздің өнерпазда

    Бас жүлде – біздің өнерпазда

    2 weeks ago
    Олқылықтардың орнын толтыру қажет

    Олқылықтардың орнын толтыру қажет

    7 months ago
    Цифрлық Әділет: Қазақстан құқықтық сауаттылықты және заң көмегінің қолжетімділігін қалай арттырады

    Цифрлық Әділет: Қазақстан құқықтық сауаттылықты және заң көмегінің қолжетімділігін қалай арттырады

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>