-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home БАҚ

    Қойнауы құт Қарадала

    28.02.2025
    in БАҚ, Барлық жаңалықтар, Туризм және саяхат
    Қойнауы құт Қарадала
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

    Қарадала төсінде екі күнге созылған баспасөз туры өтті. Жұмысшы мамандықтары жылына орай ұйымдастырылған шараға республикамыздың түкпір-түкпірінен журналистер мен блогерлер жиналды. Мақсаты –  адал еңбек пен табыс ұғымын насихаттау, сондай-ақ жастар арасында жұмысшы кәсіптеріне деген қызығушылықты арттыру. Сонымен қатар ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын таныстыруға бағытталған.

    Бұл шараның басы-қасында Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусізова мен аудан әкімінің орынбасары Ерасыл Толымбекұлы жүрді. Алғашқы күні журналистер Шарын ауылындағы шаруалардың адал еңбекпен, маңдай термен жеткен жетістіктеріне куә болды.

    Шарын – халқы еңбекқор, табысы тасыған ауыл. Елдімекенде жүгері өсіріп, мал шаруашылығын дамытып отырған фермерлер аз емес. Тіпті шарындықтардың техникалары науқан кезінде аудандағы барлық ауылдың шаруаларына септігін тигізіп қана қоймай, көршілес аудандарға да қолұшын созады. Шарындағы үздік шаруа қожалықтарының бірі – «Илхам».  Төрағасы Максим Идрисов алғаш жұмысын бастағанда бірнеше бас ірі-қарамен, жүзден аса қойы болған екен. Ал қазір иелігінде 900 гектар жайылымдық, 150 гектар суармалы жері бар. Мұнда мал азығы ретінде жүгері мен беде өсіріледі. Ауылшаруашылық техникасы да жеткілікті. Ал бордақылау алаңында 150 бас асылтұқымды ірі-қара мен 1000-нан астам ұсақ мал тұр. Ол мұндай жетістікке айналасындағы жақсы жандардың қолдауымен, сонымен қатар мемлекетімізден шаруаларға қарастырылған жеңілдіктің арқасында жеткенін сөз етті.

    Шарын ауылы Кеңес одағы кезінде Свердлов атындағы ұжымшары атанып, атағы Мәскеуге де жеткен. Ұжымшарды үздіктердің қатарына қосуға сіңірген үлесі үшін Рахилям Сеитова 1967 жылы Социалистік Еңбек Ері атанған. Бүгінде 87 жасқа келген апамыз – шарындықтардың мақтанышы. Жан-жақтан келген журналистер ол кісінің үйіне барып, еңбек жолымен танысты. Бүгінгі алып техникалар атқаратын жұмыстарды ол кезде адамдар істеді. Күн демей, түн демей еңбек етті. Апамыз жалынды жастық шағы мен сол кездегі еңбек адамдары туралы естеліктерімен бөлісті.

    Еліміздегі ең үлкен құс фабрикасының бірі Қарадала төсінде ораласқанын көпшілік біледі. «Chickodelli» брендімен танымал «Прима құс» фабрикасында сағатына 6000 бас тауық сойылып, тәулігіне 45-50 мың бас құс еті еліміздің түкпір-түкпіріне жөнелтіледі. Бұл өндіріс орнының жылына 17500 тонна құс еті мен айына 400 тоннаға дейін шұжық өнімдерін шығаруға мүмкіндігі бар. Фабриканың өнімдері көршілес Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан республикаларына да экспортталады. Заманауи өндірісте Нидерланды, Германия, Чехия, Польша, Бельгия, Дания және басқа Еуропа елдерінің инновациялық және заманауи технологиялары қолданылады. 700-ге тарта жұмыс күші бар. Міне, осындай ірі өндіріс ошағының тыныс-тіршілігімен танысқан журналистер сапарын әрмен қарай аудан орталығы Шонжы ауылында жалғастырды.

    Нағыз жұмысшы мамандар топтасқан орта – аудандағы су құбыры мекемесі. БАҚ өкілдері тұрғындарды таза ауызсумен қысы-жазы қамтамасыз етіп отыратын мекеменің тыныс-тіршілігімен жан-жақты танысты. Еңбек династиясы атанған Худайбердиевтер отбасына да атбасын бұрды. Ағайынды Горупжан мен Маратжан саналы ғұмырын осы мекемеде өткізген. Бүгінде Горупжанның қызы Айнурам да әке жолын жалғастыруда.

    Кәсіпкерліктің қай саласында болмасын, алдыңғы қатардан табылатын Қарадала халқы балық шаруашылығын дамытудан да кенде емес. 2019 жылы ашылған «Tengry Fish» ЖШС бүгінде жылына 200 тонна балық өсіреді. Олардың бәрі қапталып, оңтүстік астананың сауда орындарына жөнелтіледі. Баспасөз турына қатысушылар осында еңбек етіп жатқан жұмысшылармен тілдесіп, мамандар пікіріне ден қойды.

    Журналистер екінші күні де ауданымыздағы ауыз толтырып айтарлық жаңалықтардың куәгері болды. Қарадаланың аспанына қалықтай ұшқан дельтаплан мен әуе шарларының көрінісін тамашалады. Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі, жуырда ғана қол күрестен әлем чемпионы атанып, абыроймен ауданға оралған Раушан Тоқтарбаймен және жеңіл атлетикадан Қазақ КСР-нің чемпионы – 93 жастағы Армия Ушуровпен кездесу өтті. Әлі де тың, жүріп-тұруы ширақ қария журналистер алдында спорт саласы турасында әңгіме айтып, артынан еріп келе жатқан Раушандай чемпиондарға батасын беріп, ел намысын қорғайтын жастарымыздың көп болуын тіледі.

    Бұдан кейін тілшілер тобы Шонжы политехникалық колледжіне арнайы барды. Бүгінде 302 студент білім алып жатқан оқу орнында  «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер», «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Дәнекерлеу ісі», «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» және тағы да басқа мамандықтар бар. Мұнда заманауи білім беруге барлық жағдай жасалған. 5 кабинет арнайы оқу-өндірістік шеберхана ретінде жасақталған. 26  оқу кабинеті, 2 информатика кабинеті, жаттығу залы, 100 балаға арналған жатақхана, асхана, медициналық пункт, кітапхана, акт зал, спорт алаңы бәрі де колледж шәкірттеріне арнайы жасалған. Колледж директоры Гүлназ Тегісбаева келген қонақтарға оқытылатын әр мамандықтың қыр-сырына қанықтырып, студенттердің жасаған жұмыстарын көпшілікке ұсынды.

    «Жұмысшы мамандықтары жылы біз үшін үлкен қуаныш. Шәкірттеріміздің мерейін асырды. Олардың алып жатқан білімдерінің ел үшін шынымен қажет екендігін көрсетті», – деп ағынан жарылды Гүлназ Бағдәулетқызы.

    Ауданда өткен «Адал еңбек – адал табыс» атты шарада да қарапайым еңбек адамдары еленді. Олардың жетістіктері көпшілікке таныстырылды. Қарадаланың өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген озық мамандардың есімі сахнада аталды. Еңбектері көпке үлгі етті.

    Екі күнге созылған баспасөз туры еліміздегі ең көрікті мекеннің бірі – Шарын шатқалына саяхатпен аяқталды. Сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер дүниесімен танысқан журналистер өз қолдарымен бір-бір көшет екті. 20 жыл ішінде адам танымастай өзгерген ұлттық парктің кешегісі мен бүгініне көз жүгіртіп, таңданыстарын да жасырмады. Республикалық, облыстық деңгейдегі ақпарат құралдарының өкілдері ауданымыздың даму қарқыны ерекше екеніне көз жеткізді. Өздері ғана тамашалап қоймай, енді Қарадалының атын бүкіл қазақ даласына паш етуге асықты.

    Анар Дүйсенбайқызы,

    Ұйғыр ауданы

    Ұсынымдар

    Тарихтан сыр шертеді

    Тарихтан сыр шертеді

    1 year ago
    Ерекше балаларды оңалту орталығы ашылды

    Ерекше балаларды оңалту орталығы ашылды

    1 year ago
    Денсаулық пен білім салаларын қолдау – мемлекет саясатының басым бағыты

    Денсаулық пен білім салаларын қолдау – мемлекет саясатының басым бағыты

    2 years ago
    Президент Алматы облысы кәсіпорындарының өнімдерімен танысты

    Президент Алматы облысы кәсіпорындарының өнімдерімен танысты

    2 years ago
    АЭС энергетикалық тапшылықты шешеді

    АЭС энергетикалық тапшылықты шешеді

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>