-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ардагерлер сынға түсті

    04.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Ардагерлер сынға түсті
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

          Кегендегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде еңбек ардагері Бағашар Тоқмолдаевты еске алуға арналған ардагерлер арасында волейбол жарысы өтті.

    Турнирдің ашылу салтанатында аудандық «Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы» КММ директоры Гайдар Мұқанқожаев ардагердің өмір жолына және қоғамдық жұмыста атқарған еңбектеріне шолу жасай келе, осы іс-шараға мұрындық болған бауырлары мен ұрпақтарына алғыс білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
    Спортшылар жеребе арқылы топ-топқа бөлініп, бақ сынады. Турнир қорытындысы бойынша, волейбол жарысында сынға түскен 6 командадан бірінші орынды Қарқара ауылының спортшылары жеңіп алса, екінші орынды Жылысайдың ардагерлері иеленді. Ал үшінші орын Алғабас ауылының командасына бұйырды. Бұдан бөлек, топтан оза шапқан ойыншылар да жүлдеден құр қалмай, түрлі марапатқа ие болды. Сонымен қатар әдемі ойын өрнегімен көрермен көзайымына айналған Нұрлыбек Қоңырқұлжаев «Үздік шабуылшы», Ерболат Сәменов «Үздік қорғаушы» деп танылды, ал жарыстың жоғары дәрежеде өтуіне үлес қосқан Әнуар Мұқалбаев «Үздік ұйымдастырушы» атанды.
    Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді ардагер-спортшы Ертай Нарынбаев, аудандық қазынашылық басқармасының басшысы Ғайсагүл Омарбекова, Гайдар Мұқанқожаев құттықтап, бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының дипломдары, медальдары мен кубоктары және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Еңбек ардагерінің ұрпақтары Гауһар Бағашарқызы мен Дастан Тоқмолдаев әулеті атынан жарысқа қатысқан спортшылар мен қонақтарға алғысын білдірді.
    Осылайша, салауатты өмір салтын насихаттап және аға буынның өнегелі өмір жолын жастарға үлгі ету мақсатында өткен турнир өз мәресіне жетті.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Көз – адамның шырағы

    Көз – адамның шырағы

    7 months ago
    Ынтымақтастық нығаяды

    Ынтымақтастық нығаяды

    3 months ago
    Зілзалаға байланысты жедел штабтың отырысы өтті

    Зілзалаға байланысты жедел штабтың отырысы өтті

    1 year ago
    Президент: Аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығын берген жөн

    Президент: Аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығын берген жөн

    2 years ago
    Алматы облысында сел қаупі сейілді

    Алматы облысында сел қаупі сейілді

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>