-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ТАЛАНҒАН ТАҒДЫР

    08.03.2025
    in Барлық жаңалықтар
    ТАЛАНҒАН ТАҒДЫР
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

        Еңбекшіқазақ аудандық Мәдениет үйі жанындағы «Жастар» драма театры көрерменге жаңа қойылым ұсынды. Қысқа да нұсқа спектакль бүгінгі күннің бір емес, бірнеше үлкен проблемасын баяндап берді.

    Ақ пен қара араласып, жақсы мен жаман қатар жүретін қоғам өмірін бейнелейтін шығармалар қашанда халық жүрегінен өз орнын табады. «Таланған тағдыр» атты спектакль көлік апатына түскен ұлы мен келінінен айырылып, немересімен қалған ақсақалдың алаяқтарға алданған шарасыз күйін көрсетеді. Төрінен көрі жақындаған қарт ауылдағы үйін сатып, қолындағы барымен пәтер алуға қалаға келген. Ондағы ойы – ұлының көзі болып қалған жалғыз немересін өркениетке жақындатып, аяқтандырып кету. Қулық пен сұмдық өмірден алшақ, ауылда қоңыр тіршілік кешкен, ішер асын адал тауып, нағыз еңбекпен өскен, ниеті таза, кең жүректі, арам ойдан ада, аңғал ақсақал мен үлкен өмірдің дәмін татпаған, адамдардың аласын танымаған жас қыз қалаға келіп, баспана сатумен айналысатын алаяққа тап болады.
    Құлқынның құлы болып, ар мен намысты, адамгершілікті ұмытқан, алдап-арбауды, пайда көріп, жеп-асап қалуды әдеткі іске айналдырған қаланың қуы таяққа сүйеніп әрең тұрған қарттың да, ертеңгі күнге мол үміт артып, жаңа өмірге қадам басқалы тұрған жас қыздың да жағдайына, әрине, еш алаңдамайды. Амандасқаннан адамның іші-бауырына кіріп, ақшасын алған соң, зым-зия жоқ болады.
    Аяқасты болған ақсақалдың арманы, жанбай жатып өшіп үлгерген жас қыздың үміті, жеңілдің асты, ауырдың үстімен жүріп, ақшаға оңай кенелетін алаяқтың тағы бір «жеңісі» – бүгінгі заманның бір бейнесі. ҚР Халық әртісі, драматург Ерсайын Төлеубай жазған сценарийді режиссер, ҚР Мәдениет қайраткері Берікқан Рақымжанұлы, «Жастар» драма театрының әртістері – Әсел Салық, Ернат Мұхамедханов, Диана Қазыкешева, Рахат Әлқожа, Саясат Маратұлы көрерменге шебер жеткізді.
    Алаяқ Айбикенің рөлін сомдаған республикалық Н.Төреқұлов атындағы жыр-мүшәйра жүлдегері, «Ақ жауын тектес жанарым» атты поэзиялық кітаптың авторы, Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі Әсел Салық: «Халық рухани азықпен сусындап, өнерге, ән мен би, театрға, кітапқа жақын болса, бүгінгі қоғамда орын алып жатқан жағымсыз әрекеттерге жол бермес еді. Жастарымыз адамдықтан аттамай, ақ жолмен жүріп, елдің қарғысы емес, алғысын алып өсуіне осы бір шағын қойылым себебін тигізсе екен», – деп өз ойын ортаға салды.
    Еңбекшіқазақ аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен дайындалған спектакль Есік қаласы мен Шелек ауылында қойылды. «Жастар» театры алдағы уақытта алыс елдімекендерге де гастрольге шығуды жоспарлап отыр.

    Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

    Ұсынымдар

    Бақыттың кілті еңбекте

    Бақыттың кілті еңбекте

    10 months ago
    Майдангер медбике

    Майдангер медбике

    1 year ago
    Ұлттық киім киген азаматтық белсенділер

    Ұлттық киім киген азаматтық белсенділер

    8 months ago
    Түзету мекемелеріндегі тіршілік: мүмкіндік пен үміт

    Түзету мекемелеріндегі тіршілік: мүмкіндік пен үміт

    1 month ago
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ

    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.