-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ынтымақтастық нығаяды

    14.03.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Ынтымақтастық нығаяды
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

          Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Богдановпен кездесті. Басқосуда екі ел арасындағы сауда-экономикалық әріптестік, инвестиция және мәдени қарым-қатынас мәселелері талқыланды.

           Беларусь Республикасы – Алматы облысының негізгі экономикалық серіктестерінің бірі. Өткен жылы екі жақтың тауар айналымы 21,3 пайызға өсіп, 41,2 млн долларды құрады. Беларусь мемлекеті біздің өңірімізбен сауда-саттық бойынша ЕАЭО елдері арасында үшінші орынға тұрақтаған. Ендігі ретте ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған жаңа орталық – Алатау қаласын дамытуға да үлес қоспақ.

    Кездесуде алғашқы болып сөз алған облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Қазақстан мен Беларусь Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 33 жыл толатынына, осы жылдар ішінде екіжақты ынтымақтастық жоғары деңгейге көтерілгеніне тоқталды. Екі ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты кеңейтуге баса назар аударып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ  Алматы облысы аграрлық-индустриалды бағыттағы аймаққа жататынын айтып, өңірдің даму барысымен таныстырды.

    • Аймақ экономикасы қарқынды дамып келеді. Өткен жылы рекордтық өсімге қол жеткізіліп, жалпы ішкі өнім бойынша облысымыз 10-орыннан 5-орынға көтерілді. Әлемнің 100-ден астам елімен сыртқы сауда қызметі жүзеге асырылады, – деді облыс басшысы.

    Келесі кезекте сөз алған Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Богданов сауда-экономикалық бағыттағы өзара іс-қимыл екіжақты ынтымақтастықтың маңызды құрамдас бөлігі екенін алға тартты. Сонымен қатар Беларусь Республикасы бүгінде индустриялық-аграрлық мемлекетке айналып, көптеген салада айтарлықтай ілгерілеушілік көрсеткенін атап өтті.

    • Белорусь Республикасында энергетика, машина жасау, ауыл шаруашылығы, химия, орман және тау-кен өнеркәсібі, құрылыс салалары дамыған. Біздегі ірі кәсіпорындар технологиялық дамудың жоғары деңгейіне ие, сондай-ақ қазақстандық серіктестермен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі, – дей келе, Алматы облысында бүгінде Беларусь капиталының қатысуымен 13 кәсіпорын, бірлескен меншік нысанындағы 5 өндіріс ошағы жұмыс істейтінін айтты.

    Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Қазақстан мен Беларусь арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың маңызына да тоқталып, екі мемлекеттің ежелден бері етене жақын екенін жеткізді.

    • Бүгінде Алматы облысында 1188 Белорусь этносының өкілі тұрады, оның ішінде Іле ауданында – 264, Талғар ауданында – 229, Еңбекшіқазақ ауданында – 202, Қарасай ауданында – 195, Қонаевта – 139. Екі елдің мәдени ынтымақтастығын арттыратын ұлттық мәдени бірлестіктер жұмыс істейді. Ақпан айында Беларусь мәдени орталығының ұйымдастыруымен «Масленица» мерекесі өтті. Талғар ауданында «Беларусь мәдени орталығы» облыстық қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалы жұмыс істейді. Бірлестік төрағасы мен Белорусь этносының өкілдері облыс, аудан әкімдіктері ұйымдастыратын шараларға белсене қатысады, – деді аймақ басшысы.

    Кездесу соңында тараптар Қазақстан Президентінің Беларусь еліне алдағы сапары екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін беретініне сенім білдірді.

    Құралбек Сәбитов

    Ұсынымдар

    Жұмыр жерге сыймай кеткен Жұмағам!

    Жұмыр жерге сыймай кеткен Жұмағам!

    7 months ago
    Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін күшейтетін “Парыз” конкурсы басталды

    Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін күшейтетін “Парыз” конкурсы басталды

    2 years ago
    Қонаевта Наурыз мерекесін тойлады

    Қонаевта Наурыз мерекесін тойлады

    2 years ago
    Батысқа арнайы техникалар жөнелтілді

    Қонаевтан БҚО-ға арнайы техникалар жеткізілді

    1 year ago
    Рәміздер күніне орай ұлттық спорт түрлерінен облыстық жарыс өтті

    Облыс әкімі Рәміздер күніне орай құттықтады

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>