Перейти к содержимому
Главная страница » Арулар бәсекесі

Арулар бәсекесі

      Кеген аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде әйелдер арасында волейболдан жарыс өтті. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған жарыстың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, əйелдер арасындағы волейбол спортын дамыту.

Турнирдің ашылу салтанатында аудандық бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының директоры Гайдар Мұқанқожаев, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Азамат Дүмбіров, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі­нің бас маманы Марат Әпендиев қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бұдан кейін спортшылар жере­бе бойынша топ-топқа бөлініп, бәсекеге түсті. 10 команда қатысқан сайыс қорытындысы бойынша, қарсыластарына дес бермей, әдемі ойын өрнегін көрсеткен кегендік арулар оқ бойы оза шығып, бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Қарқара ауылының командасы иеленді. Ал үшінші орын Бөлексаз ауылының командасына бұйырды. Сонымен қатар үздік ойындарымен көрермен көзайы­мы болған Гүлдана Өмірзақ «Үздік шабуылшы», Еркемай Елібай «Үздік ойыншы», Ақниет Сейітқожа «Үздік жас ойыншы», Эльмира Ибрайымова «Үздік ардагер ойыншы» деп танылды, ал жарыстың жоғары дәрежеде өтуіне еңбек сіңірген Дана Сүйеніш «Үздік ұйымдастырушы» атанды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлде­герлер аудандық бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталы­ғының дипломдары, медаль­дары мен кубок­тары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

Кеген ауданы