Қонаев қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы іс-шаралар жалғасуда. Оның бірі – тазалық мәдениетін қалыптастыру. Ескертулер мен әкімдіктің ресми хабарламаларына қарамастан, қалада тазалық ережесін бұзушылар өте көп.
Мысалы, 22-28 наурыз аралығында Қонаев қалалық полиция бөлімі ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабына (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) сәйкес, 24 хаттама толтырып, 943 680 теңгеден астам сомаға айыппұл салды.
Одан бөлек, ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) сай, 67 хаттама толтырылып, 235 920 теңге айыппұл салынды. Барлық айыппұл сомасы 1 179 600 млн.тг. құрады.
Қала халқына «Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, ірі көлемді қоқыстар мен құрылыс қалдықтарын шығаруға тұрғындар жауапты екенін жеткіземіз.
‼️Егер сіз заңбұзушылықтың куәгері болсаңыз, 102 немесе 109 нөміріне хабарласыңыз!
Жалпы жыл басынан сенбіліктерге 3000-нан астам адам қатысты. Бұл көрсеткішті ұлғайту мақсатындағы жұмыстар жалғасын табады.
📹Видеода Қонаев қаласының тұрғындары