-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Шаршы тақтадағы тартыс

    07.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Шаршы тақтадағы тартыс
    0
    SHARES
    19
    VIEWS

    Талғар ауданында шахматтан «Senat Open-2025» ашық кубогінің облыстағы іріктеу кезеңі өтті. Жарысқа барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, облыстық ардагерлер кеңесі мен қоғамдық кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, барлығы 120-дан аса адам қатысты.

    Республикалық «Senat Open» ашық кубогі аясында өткен турнир елімізде шахмат спортын кеңінен насихаттауға арналған.

    «Аталған жарысты Қазақстан шахмат федерациясы мен ҚР Парламенті Сенатының бірлесе ұйымдастырып отыр. Сол арқылы шахмат спортының дамуы ерекше серпін алып келеді, – деді облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев.

    Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша, 25 үздік ойыншы анықталды. Олар тамыз айында Талдықорғанда басталатын жартылай финалда бақ сынайтын болады. Ал «Senat Open» ашық кубогінің финалдық ойыны 25 тамыз күні Астанада өтеді.

    «Турнирді ұйымдастыруға қолдау көрсеткен облыстық мәслихат пен жергілікті атқарушы органдарға алғыс білдіремін. Спорт пен өнерде шекара болмайтыны белгілі. Шахмат – адамдар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, қатысушылардың жеңіске деген жігерін жанып, ой-өрісін кеңейтуге ықпал етеді, – деді Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Александр Бабенко.

    Жарыс барысында шахмат тақтасы нағыз сайыс алаңына айналады. Ондағы әр қадам маңызды. Ойланбай жүрсең, ұтыласың. Сондықтан бұл ойын түрі ойлау қабілетін дамытып, адамның миын шынықтырады.

    «Шахмат спортымен бала кезден айналысамын. Бүгінгі жарыста тыңғылықты дайындықтың арқасында жүлдегер атанып, екінші орынға қол жеткіздім. Мұндай жарыстар жиі ұйымдастырылғаны дұрыс деп ойлаймын. Өйткені шахмат жадыңды жақсартып, санаңды сергітеді, – деді  Іле аудандық мәслихатының депутаты Нұрлан Байғазиев.

    Шахмат бәсекесі швейцариялық жүйе бойынша 9 кезеңнен тұрды. Уақытты бақылау – 10+5, әр ойынға 10 минут және әр қозғалысқа 5 секунд берілді. Турнир қорытындысына сәйкес төмендегідей жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

    Ерлер арасында:

    1 орын – Ахат Солтанқұлов;

    2 орын – Қалибай Нұрболат;

    3 орын – Ерлан Нұрмұхамбетов.

     

    Әйелдер арасында:

    1 орын – Алма Күмербаева;

    2 орын – Аиткүл Амангелдіқызы;

    3 орын – Мәриамгүл Нұрышева;

    3 орын – Жанна Қасымханова.

     

    Ардагерлер арасында

    1 орын – Темірхан Бозымов;

    2 орын – Владимир  Беломоин;

    3 орын – Асылжан Қасымов.

     

    БАҚ өкілдері арасында:

    1 орын – Амандолла Әбдімұратов;

    2 орын – Амангелді Жоламанов;

    3 орын – Фархатдин Райымқұлов.

     

    «Қоғамдық кеңес» өкілдері арасында:

    1 орын – Марс Смағұлов;

    2 орын – Жұмагелді Молдияров;

    3 орын – Бауыржан Дәулетов.

     

    Мемлекеттік қызметкерлер арасында:

    1 орын – Рамиль Исмаилов;

    2 орын – Рустам Пермуэамедов;

    3 орын – Амангелді Сәлменбаев.

     

    Мәслихат депутаттары арасында:

    1 орын – Ғалымжан Үсенов;

    2 орын – Нұрлан Байғазиев;

    3 орын – Денис Котелевский.

     

    Жалпы командалық есеп бойынша:

    1 орын – Карасай ауданы;

    2 орын – Талгар ауданы;

    3 орын – Жамбыл ауданы.

    Ұсынымдар

    Бестемшеден бақ сынады

    Бестемшеден бақ сынады

    2 months ago
    Аружанның білезігі қауіптен құтқарады

    Аружанның білезігі қауіптен құтқарады

    11 months ago
    Ізгілік ізі

    Ізгілік ізі

    6 months ago
    Қоғамдық бақылау күшейеді

    Қоғамдық бақылау күшейеді

    1 year ago
    5 облыста құрғақшылыққа байланысты ескерту жарияланды

    5 облыста құрғақшылыққа байланысты ескерту жарияланды

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.