-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Емдеу кешенін салуға ниетті

    10.04.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Емдеу кешенін салуға ниетті
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

          Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қытайлық «Jiangsu Kangyyitong Technology Co.,Ltd» компаниясының өкілдерімен кездесіп, жаңа инвестициялық жоба жайын талқылады.

    Кездесу барысында «Jiangsu Kangyyitong Technology Co.,Ltd» компаниясы­ның басшысы Даи Юэюэ облыс әкіміне кәсіпорынның әлеуетін таныстырып, өңірге инвестиция салуға қызығып отырғанын жеткізді. Оның сөзінше, аталған компания медициналық емдеу мен құрылғыларды онлайн сату, жаңа технологиялық өнімдерді өндіру, электронды коммерция мен IT сынды салаларда қызмет көрсетеді.
    – Алматы облысы – инвестициялық жағынан тартымды аймақ. Оның үстіне бұл өңірде көлік дәлізі жақсы дамыған. Біз осы мүмкіндікті ескере отырып, өңірлеріңізге емдеу-сауықтыруға негізделген жаңа индустриялық кешен салуды көздеп отырмыз. Индустриялық кешен аумағында денсаулық сақтау, қызмет көрсету, іскерлік байланыс және зерттеу орталықтары орын тепсе деген ойдамыз. Жоба жүзеге асса, 4 мыңға жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтуға күш саламыз, – деді «Jiangsu Kangyyitong Technology Co.,Ltd» компаниясының басқарма төрағасы.
    Өз кезегінде аймақ басшысы Қытайдан келген инвесторлармен өзара іс-қимыл облыстың экономикалық дамуы үшін маңызды екенін атап өтті.
    – Мұндай инвестициялар көбінесе жұмыс күшінің біліктілігін арттыратын және жалпы саланың дамуына ықпал ететін технологиялар мен білім трансфертін қамтиды. Қытаймен ынтымақтастықтың оң тәжірибесі жаңа инвестициялар тартуға және өңір экономикасының басқа да секторларын дамытуға мүмкіндік береді, – деген, аймақ басшысы аталған инвестициялық жобаның жан-жақты зерделенетінін, ұсыныстар ескерілетінін жеткізді.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Кеген мен Райымбек аудандарына газ құбырын тарту құжаттары әзірленіп жатыр

    Газбен қамтылады

    8 months ago
    Райымбек ауданында 91 жастағы кейуана дауыс берді

    Райымбек ауданында 91 жастағы кейуана дауыс берді

    2 years ago
    Дәстүрлі доп додасы

    Дәстүрлі доп додасы

    3 months ago
    Жобалау орталығы ашылды

    Жобалау орталығы ашылды

    1 year ago
    Қонаевтың шеткі аудандары қалай дамиды?

    Қонаевтың шеткі аудандары қалай дамиды?

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>