-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Экологиялық мәселе қаралды

    11.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Экология
    Экологиялық мәселе  қаралды
    0
    SHARES
    12
    VIEWS

          Қонаев қаласындағы мемлекеттік кірістер департаментінде экологиялық жағдайды жақсарту бойынша 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасының орындалу барысын саралаған кезекті есептік жиын өтті. Отырысты ашқан облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайберген Жол картасы бойынша биылғы алғашқы тоқсандағы атқарылған істер пысықталатынын жеткізді.

    Жиынға облыстық экология департаменті­нің басшысы Қонысбек Байеділов пен бір­қа­тар басқарма басшылары, аудан әкімдері мен мемлекеттік қызметкерлер және қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Кездесуде аймақтағы өзекті экологиялық мәселелер көтерілді.
    Жол картасында қарастырылған көмірді пайдаланатын кәсіпорындардың зиянын азайту, жаңғырту жұмыстары жайында «АлЭС» АҚ №3 Жылу электр орталығының өндірістік-техникалық бөлім басшысы Мұрат Олжабаев баяндады. Ол қазіргі таңда көмірді пайдаланатын жылу энергиясын өндіретін кәсіпорындарды газға ауыстыру жұмысы жүргізіліп жатқанын айтты.
    Келесі кезекте газдандыру жұмысы жайында сөз қозғалды. Облыстық энергетика және сумен жабдықтау басқармасы басшысының орынбасары Ракеш Байжұматов көмір пайдаланатын жеке тұрғын үйлердің қалдығын азайту, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Қарасай, Талғар, Іле аудандарының қазандықтарын, әлеуметтік, өндірістік және өзге де нысандарын табиғи газға кезең-кезеңімен ауыстыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Оның сөзінше, бүгінгі таңда облыста 1,18 млн тұрғын көгілдір отынға қол жеткізген. Өткен жылдың соңына дейін өңірді газдандыру 52,8 пайызға дейін артып, жаңадан 150 елдімекен табиғи газбен қамтамасыз етілген. Қалған 134 елдімекен «Алматы облысын 2030 жылға дейін газдандырудың өңірлік схемасына» сәйкес көгілдір отынға қосылатын болады. Алайда облыс орталығы Қонаев қаласын газдандыру небәрі 40 пайыздан сәл асқан. Қала облыс орталығы мәртебесін алғалы құрылыс қарқынды жүріп, халық саны күннен-күнге көбейіп келеді. Осыған байланысты қосымша автоматтандырылған газ тарату стансасы мен желілерін тарту қажеттілігі туындап отыр. Өткен жылы №19-20, Спутник, Арна, Рауан, 12А, 12В шағынаудандарына газ құбырын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжат әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жіберілген. Ал жиналысқа қатысқан Қонаев тұрғындары қаланы көгілдір отынмен қамту тым баяу жүріп жатқанына наразы екенін жеткізді.
    Жол картасында қарастырылған көгалдан­дыру жайы бойынша да есеп сұралды. Өткен жылы облысымыз бойынша 50 мың түп ағаш егілген. Облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Бауыржан Османның сөзінше, «Таза Қазақстан» акциясы аясында жыл басынан бері Қонаев қаласындағы саябақтарға, ескерткіштердің маңына, көше бойына мыңдаған ағаш пен гүл егілген.
    Жиын барысында сөз алған бірқатар қоғамдық ұйым өкілдері күл-қоқысты бөліп тастауға дағдылану керектігін, Қонаев қаласын­дағы кәріз жүйесін жаңғырту жұмысын жандан­дыру қажеттігін ортаға салды. Облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасы мамандарының айтуынша, қазір жаңа кәріз стансасын салуға қаржы бөлініп, жобалық-сметалық құжаты әзірленіп, мердігер компания анықталған. Енді жаңалау жұмысы кезең-кезеңімен жүргізіледі. Кездесуде облыс орталығының тұрғындары су жаңа кәріз стансасын саларда жұртшылық пікірі ескерілуі керек деп санайды. Ал жауапты басқарма өкілдері көп тілегі ескерілетінін айтты.
    Жиынды қорытындылаған облыстық эколо­гия департаментінің басшысы Қонысбек Байеділов басқармалар басшылары мен аудан-қала әкімдерін Жол картасында қарастырылған мәселелерге баса назар аударуға шақырды.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Ерлік сабағы

    Ерлік сабағы

    8 months ago
    Есек жиғанның есебі қандай?

    Есек жиғанның есебі қандай?

    12 months ago
    Алматы облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр

    Алматы облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр

    1 year ago
    Тоңдырды бізді…

    Тоңдырды бізді…

    1 year ago
    Кәсіпкерлікке жол ашады

    Кәсіпкерлікке жол ашады

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.