-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Орман шаруашылықтарына өрт сөндіру техникасын жаңартуға 26 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді

    15.04.2025
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар, Төтенше жағдай, Экология
    Орман шаруашылықтарына өрт сөндіру техникасын жаңартуға 26 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Жыл басынан бері Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мекемелері үшін 3,7 млрд теңге сомасына 136 шағын орман өрт сөндіру кешені мен 60 трактор жеткізілді. Маусым айының соңына дейін тағы 166 өрт сөндіру машинасы, 27 шағын орман өрт сөндіру кешені және 11,3 млрд теңге сомасына 15 трактор жеткізіледі, деп хабарлайды Primeminister.kz.

    «Облыс әкімдіктері орман шаруашылығын жарақтандыруға биыл жергілікті бюджеттен 6,3 млрд теңге және лизинг есебінен 20 млрд теңге бөлді. Осылайша, жыл соңына дейін әкімдіктердің орман шаруашылықтарына 26,3 млрд теңге сомасына 186 өрт сөндіру машинасын, 186 шағын орман өрт сөндіру кешенін және 247 трактор сатып алу жоспарланып отыр. Қабылданып жатқан шаралар еліміздің ең өрт қаупі жоғары 11 өңірінде орман шаруашылығын жаңартуға және 100% жарақтандыруға мүмкіндік береді», – деді экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында.

     

    Сонымен қатар, орман өрттерін ерте анықтау жүйесін енгізу жалғасуда. Бүгінгі таңда өртті ерте анықтау жүйелермен қамту мемлекеттік орман қорының 1,3 млн га аумағын құрайды.

     

    Биыл аталған жүйе «Семей орманы» резерватында орнатылады. «Семей орманынан» бөлек өртті ерте анықтау жүйесі 23 орман шаруашылығында да енгізіледі. Жыл соңына қарай бұл жүйемен 5,6 млн гектар мемлекеттік орман қоры қамтылады.

     

    Өңірлерде орман өртіне қарсы қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Осыған байланысты ведомство басшысы өңір әкімдерін ормандардағы өрт қауіпсіздігін сақтауға мұқият назар аударуға шақырды.

     

    Оның мәліметінше, жыл басынан бері еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында жалпы ауданы 4402 га болатын 25 орман өрті тіркелген. Талдау көрсеткендей, олардың шығуына өрттің даладан келуі және найзағайдан тұтануы негізгі себеп болса, ал таралуына қашықтық, жетудің қиындығы және жол қатынасының болмауы себеп.

     

    «Облыс әкімдіктері дала өрттерінің алдын алу және жою, орман шаруашылықтарының күштері мен құралдарын толық жауынгерлік әзірлікке келтіру жөнінде жан-жақты шаралар қабылдауы қажет. Қазгидрометтің болжамы бойынша, биылғы жаз өте ыстық болады. Облыс әкімдіктері ормандарда өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша барлық шараларды қабылдауы қажет», – деп атап өтті Ерлан Нысанбаев.

    Ұсынымдар

    Майдангер медбике

    Майдангер медбике

    1 year ago
    Кәсіпкер желтоқсаншыға үй сыйлады

    Кәсіпкер желтоқсаншыға үй сыйлады

    2 years ago
    Ептілік пен мергендік талап етілетін спорт

    Ептілік пен мергендік талап етілетін спорт

    4 months ago
    Көгілдір отын – игілік көзі

    Көгілдір отын – игілік көзі

    11 months ago
    “Ұлттық киім тігуден шабыт аламын”

    “Ұлттық киім тігуден шабыт аламын”

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>