-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қазақстанда ірі орман өрттерінің алдын алу шаралары қабылданып жатыр – Экология министрлігі

    16.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Төтенше жағдай, Экология
    Қазақстанда ірі орман өрттерінің алдын алу шаралары қабылданып жатыр – Экология министрлігі
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

    Еліміздің мемлекеттік орман қорының алқабы 31 млн га құрайды, оның ішінде орманмен көмкерілген жерлер – 13,9 млн га. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ірі орман өрттерінің алдын алу шараларын қабылдады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ведомствоның вице-министрі Нұркен Шәрбиев мәлімдеді.

    Спикердің айтуынша, орман шаруашылықтарын жабдықтау нормалары мен нормативтері қайта қаралып бекітілді. Оларда өртке қарсы техника мен жабдықтардың тізімін кеңейтіліп, саны көбейтілді. Үкімет қаулысына орман шаруашылықтарын утиль төлем есебінен жабдықтау мүмкіндігіне қатысты өзгерістер енгізілді.

     

    Сондай-ақ Нұркен Шәрбиев елдің оңтүстік және батыс өңірлері үшін өрт маусымы 26 наурыздан , солтүстік және орталық өңірлер үшін 7 сәуірден, ал шығыс өңірде 14 сәуірден бастап белгіленгенін атап өтті. Биыл республикалық бюджеттен орман шаруашылығын жарақтандыруға 3,1 млрд теңге бөлінді. Бұдан бөлек, лизингтік қаржыландыру шеңберінде Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы 35 млрд теңге, оның ішінде Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты ведомстволық ұйымдар үшін 15 млрд теңге көзделген.

     

    «Жыл басынан бері Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мекемелері үшін 3,7 млрд теңгеге 136 шағын орман өрт сөндіру кешені мен 60 трактор жеткізілді. Маусым айының соңына дейін қалған 166 өрт сөндіру машинасы, 27 шағын орман өрт сөндіру кешені және 15 трактор жеткізіледі деп күтілуде. Биыл облыс әкімдіктері орман шаруашылығын жарақтандыруға жергілікті бюджеттен 6,3 млрд теңге және лизинг есебінен 20 млрд теңге бөлді. Осылайша, жыл соңына дейін әкімдіктер орман шаруашылықтарына 186 өрт сөндіру машинасын, 186 шағын орман өрт сөндіру кешенін және 247 тракторды сатып алады деп жоспарланған. Қабылданып жатқан шаралар еліміздің өрт қаупі ең жоғары 11 өңірінде орман шаруашылығын жаңартуға және жарақтандыруға мүмкіндік береді», – деді вице-министр.

    Ұсынымдар

    Ел қорғаны – жастар

    Ел қорғаны – жастар

    12 months ago
    Министр: Төрт айда экономика 5 пайызға өсті

    Министр: Төрт айда экономика 5 пайызға өсті

    2 years ago
    Премьер-министр: Алматы мен Атырау облыстарында негізгі макроэкономикалық өсім төмен

    Алматы облысында ЖӨӨ 7,4 пайызға өсті

    11 months ago
    Президент: Сайлаудан кейін бірқатар тың бастамаларымды жариялаймын

    Президент: Сайлаудан кейін бірқатар тың бастамаларымды жариялаймын

    2 years ago
    Энергетикалық тәуелсіздікті нығайтады

    Энергетикалық тәуелсіздікті нығайтады

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.