Перейти к содержимому
Главная страница » 5-шағынаудан тұрғындары сенбілікке шықты

5-шағынаудан тұрғындары сенбілікке шықты

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қонаев қаласында 5-шағынаудан тұрғындары сенбілікке шықты. Табиғатты аялау мен қоршаған ортаның тазалығына үлес қосу мақсатындағы бұл шарада тұрғындар аумақты қоқыстан тазартып, бірлесе әрекет етудің жарқын үлгісін көрсетті.

Сенбілікке 50-ге жуық адам қатысып, аумақтан 18 қап қоқыс жиналды. Аулада, жол жиегінде және демалыс орындарында қалған тұрмыстық қалдықтар іріктеліп, арнайы жәшіктерге орналастырылды.

Тұрғындардың бірі — зейнеткер Сауле апай бұл бастамаға шын ықыласпен қатысқанын айтты.

«Таза орта — ұрпағымызға қалдырар ең үлкен мұрамыз. Мұндай шаралар бізді біріктіреді, ортақ іске жұмылдырады. Бұған қатысу — әрбіріміздің азаматтық міндетіміз», – деді ол.

Тұрғындар сенбіліктердің қала тазалығын сақтауға септігін тигізетінін жеткізді.