-13 °c
Qonaev
Saturday, May 10, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мемлекеттік тілді құрметтеу – әр азаматтың борышы

    24.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Лебіз, Мәдениет, Мемлекеттік тіл, Президент
    АҚСАҚАЛДАР – БІРЛІКТІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХА сессиясында айтқан «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынастың тілі» деген сөзі – қазақ тілінің ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімдегі маңызын айқын көрсететін ұстаным. Бұл тұжырым – еліміздегі әрбір азаматтың қазақ тіліне деген құрметі мен оны үйренуге ұмтылысын арттыратын нақты бағдар. Мемлекеттік тіл тек бір этностың емес, бүкіл қазақстандықтардың ортақ тіліне айналуы тиіс деген идея осында жатыр.

    Қазақ тілі – ұлттың рухани негізі ғана емес, ел ішіндегі түрлі ұлттар мен ұлыстарды біріктіретін алтын көпір. Этносаралық қатынастарды бекемдеу үшін ортақ тіл – маңызды құрал. Бұл орайда қазақ тілін үйрену – тек заң талаптарын орындау ғана емес, бұл – Қазақстанда тұрып жатқан әрбір азаматтың елге деген құрметінің, азаматтық жауапкершілігінің көрінісі болмақ. Тіл арқылы адамдар бір-бірін жақсы түсінеді, бір-біріне сенеді, сол арқылы ел бірлігі нығая түседі.

    Мемлекеттік тілдің ұлтаралық қарым-қатынас тіліне айналуы – еліміздің тұрақты дамуына, ішкі тұтастығына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі. Бұл процесте қазақ халқының кеңпейілділігі мен өзге ұлттарға құрметі ерекше рөл атқарып отыр. Сонымен қатар, өзге этнос өкілдерінің қазақ тілін еркін меңгеруге деген ниеті мен талпынысы ел ішінде шынайы ынтымақтастықтың бар екенін көрсетеді.

    Бүгінгі таңда қазақ тілін меңгеруге мүмкіндік мол – мемлекеттік бағдарламалар, тіл үйрету курстары, цифрлық ресурстар күннен-күнге көбейіп келеді. Демек, бастысы – ниет пен ұмтылыс. Мемлекеттік тілді білу – бұл тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – ел тарихы мен мәдениетін терең түсінуге жол ашатын маңызды баспалдақ.

    Сөзімді түйіндей келе, Мемлекет басшысының бұл сөзі – қоғамдағы барлық азаматты тіл төңірегінде топтастыратын, бірлікті арттыратын стратегиялық әрі даналыққа толы ой дегім келеді. Қазақ тілі – елді біріктіретін, болашаққа бірге қадам басуға жол ашатын ортақ құндылық. Сондықтан оны қадірлеу – әрбір азаматтың борышы.

    Амангелді Беспаев,

    ҚХА жанындағы ақсақалдар кеңесінің төрағасы

    Ұсынымдар

    Діни тұрақтылық – қоғамдық қауіпсіздік кепілі

    Діни тұрақтылық – қоғамдық қауіпсіздік кепілі

    9 months ago
    ШаҺарға шырай кірді

    ШаҺарға шырай кірді

    10 months ago
    Үшем дүниеге келді

    Үшем дүниеге келді

    10 months ago
    Ұлттық киім – ұлт мұрасы

    Ұлттық киім – ұлт мұрасы

    1 month ago
    Ардагерлер “Алматы-Қонаев” марафонын бағындырды

    Ардагерлер “Алматы-Қонаев” марафонын бағындырды

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>