-13 °c
Qonaev
Saturday, May 10, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Комиссия құрамы өзгерді

    30.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәслихат
    Комиссия құрамы өзгерді
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

     Облыстық мәслихаттың кезекті ХХХVІ сессиясы өтті. Сессия отырысына облыс әкімінің бірінші Нұрлан Әбдірахым, облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы, құқық қорғау органдарының басшылары, департамент пен басқарма басшылары және онлайн режимде қала, аудан әкімдері мен мәслихат төрағалары қатысты. Басқосуды облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев жүргізіп отырды.

    Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөз кезегі облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Жандос Ақылға берілді.

    – 2023 жылдың 27 қазанында бекітілген «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасына сәйкес «Талшықты-оптикалық байланыс желілері арқылы елдімекендерде интернетке кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету» іс-шарасы шеңберінде 2027 жылға дейін  70 ауыл интернетпен қамтылады.  «Соңғы мильді» субсидиялау» іс-шарасы аясында  мемлекеттік мекемелеріне дейін талшықты-оптикалық байланыс желілері жеткізілген 86 ауылдың  тұрғындары жоғары жылдамдықты интернеттің игілігін көреді.  «Кең жолақты қолжетімділік қызметтерін ұсыну үшін ғарыштық байланыс жүйесінің ресурстарын пайдалана отырып, аз қоныстанған ауылдарда спутниктік арналарды ұйымдастыру» іс-шарасы бойынша 7 ауыл интернетпен қамтылады. 2023 жылдан бастап Қонаев қаласында байланыс операторларының 5G стандартындағы 29 базалық стансасы орнатылды.  Жылдың соңына дейін қалада тағы 15 базалық станса орнатылады, – деген басқарма басшысы облыстың көлік жолдарын мобильді байланыспен және интернетпен қамтамасыз ету көзделгенін жеткізді. Баяндамашының айтуынша, облыс халқын тұрақты жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету мақсатында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-мен шағын байланыс операторларына электр беру желілерінің тіректерін өтеусіз негізде беру жөнінде келісімге қол жеткізілген. Цифрлық технологиялар басқармасы басшысының «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасын іске асыру барысы туралы баяндамасын тыңдаған соң, депутаттар оны қолдап, дауыс берді.

    Сессия барысында халық қалаулылары Іле ауданы Өтеген батыр ауылындағы Мәдениет үйіне Нұрғиса Тілендиевтің есімін беру жөніндегі ұсынысты республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жолдануын  бірауыздан мақұлдады. Сонымен қатар облыстық бюджет комиссиясының,  облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның, облыстық  аумақтық сайлау комиссиясының және облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізілді.

    Сессия отырысын облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым қорытындылады.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Алматы облысының спортшысы әлем кубогын жеңіп алды

    Алматы облысының спортшысы әлем кубогын жеңіп алды

    2 years ago
    Академиктің есімі ардақталды

    Академиктің есімі ардақталды

    11 months ago
    Сарбаздар ант қабылдады

    Сарбаздар ант қабылдады

    3 months ago
    АУЫЛДЫ АҚСАТЫП АЛМАЙЫҚ

    АУЫЛДЫ АҚСАТЫП АЛМАЙЫҚ

    9 months ago
    Алматы облысының әкімі  Еңбекшіқазақ ауданындағы бірқатар нысанды аралады

    Алматы облысының әкімі Еңбекшіқазақ ауданындағы бірқатар нысанды аралады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>