-13 °c
Qonaev
Saturday, May 10, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    АМАНАТҚА АДАЛДЫҚ

    03.05.2025
    in Барлық жаңалықтар
    АМАНАТҚА АДАЛДЫҚ
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

           Талай адамзаттың өмірін, талай баланың атасын, әкесін жалмаған сұм соғыстың аяқталғанына 80 жыл толғанда, менің әкемнің артында қалған ұрпақтарын «Әкеміздің аманатын орындауға мүмкіндік бар» деген қуанышты хабар елең еткізді. Бізді осындай қуанышқа бөлеген соғыста із-түзсіз жоғалған, еліне орала алмай, жат жерде қалған ата-бабаларын іздеп жүрген жандарға көмек көрсететін «Атамның аманаты» атты ұйым еріктілері жіберген сілтеме еді.

    Сүлеймен атадан тараған бес атаның балалары Сарыарқаның Көкшетау облысынан (казіргі Ақмола облысы) келген Арғынның он жеті жігітінің бірі – Жексембайдан туған Жебеген атамыздың соғыстың нағыз қызып жатқан кезінде Ресей жерінде қаза болғанын әкеміздің әкесінің соңынан соғысқа оралып, майданнан аман-есен оралған Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, туған інісі Рамазан атамыздан бала кезімізде көп еститінбіз. Әкеміз де ұдайы айтып, «Әкемнің қай жерде жерленгенін білсем, арманым жоқ, туған жердің топырағын апарып, тағзым етіп қайтар едім» деген қиял-арманын құлағымызға құйып өстік. Арғы атамыз Жексембайдан Төлеген, Жебеген, Молдахмет, Рамазан, Ернамазан атты бес бала тарайды. Осы әңгіменің басты кейіпкері – менің атам Жебеген. Жебегеннен – Сейітқазы, Сейітқазыдан Қабиден, Қабиденнен Мақсат, Мақсұт, Мақсұттан Мансұр деп тараған ұрпақтары бар.
    Жебеген Жексембайұлы 1902 жылы бұрынғы Алматы облысы Гвардия ауданы Буденный ауылдық кеңесіне қарайтын Өрқайыңды деген ауылда дүниеге келіп, 1941 жылы туған жерден майданға шақырылады. Артта қалған әкесі Жексембай, анасы Ұлбосын, зайыбы Кеукер атамыздың амандығын тілеп, жылап, еңіреп қала берген. Сол кезде атамыздан қалған жалғыз тұяқ біздің әкеміз Сейітқазы үш жастағы бала екен. Біраз уақыттан соң Жебеген атамыздың артынан інісі Рамазан атамыз да соғысқа аттанған. Соғысқа кетіп бара жатқан баласына Ұлбосын әжеміз: «Бауырыңа (Жебегенге) ауылдың дәмін ала бар, көрсең, берерсің», – деп дорбаға салып, құрт беріп жіберіпті. Шіркін, ананың баласын сағынған, амандығын тілеген жүрегін-ай десеңізші?! Кескілес­кен қан майданда олар қалай кездеседі?!
    Рамазан атамыздың әкемізге айтқан әңгімелері бойынша, аталарымыздың бірі атқыштар дивизиясына (Рамазан), бірі жаяу әскер дивизиясына түскен. Соғысқа келген Рамазан атамыз бауырымды кездестірсем деген үмітін үзбей, әркімнен сұрастырып, көп іздеген. Содан, күндердің бір күні, Құдайдың құдіреті десем, шатаспаспын, Алла Тағала екіге бөлінген бауырлардың үмітін үзбей, бір сәтке болса да кезіктірген ғой. Майдан тәртібі бойынша, атқыштар дивизиясының тынығып, сәл демалып жатқан кездерінде жанынан өткен жаяу әскер командирінің «Жексембаев, не отставать! Быстрее, быстрее!» деген сөзін естіп қалған Рамазан атамыз бауырының осы сапта кетіп бара жатқанын біліп, артынан жүгіріп, көріп, қауышып, ертең осындай сәт болған кезде көрісерміз деп айырылысқан. Бірақ атамыз: «Бәрі қиындап барады, қалай боларын, кім білсін? Ертең көрісеміз бе, жоқ па?» – деп қимай қоштасыпты. Ертеңінде іздестіріп жүріп, сол дивизияға барған Рамазан атамыз бауырының түнгі шайқаста қаза болғанын естіп, аза тұтып, мәйіттердің ішінен мүрдесін алып, қасындағы азаматтардың көмегімен жерлеп, тақтайға бауырының аты-жөнін, туған жылын жазып, жерленген топыраққа шаншып, соғыс шебімен батысқа қарай кете берген. Осы әңгімені соғыстан оралған Рамазан атамыз ағасының артта қалған баласы, біздің әкеміз Сейітқазыға үнемі айтып жүрген, бірақ қай жер екенін анық білмеген. «Қалың ну орманда қалды, мүмкіндік болса, іздеп табарсың», – деп аманат еткен.
    Әкеміз осы арманын жиі айтатын, бірақ біздер де ол кезде жас болдық, қазіргіден заман өзгеше, әке арманын іске асырудың сәті көпке дейін түспеді. Әкеміз Сейітқазы Жебегенұлы да 1938 жылы сол Гвардия ауданындағы Өрқайыңды ауылында, анамыз Қатша да сол ауданның Көксу ауылында дүниеге келген. Отағасынан жастай жесір қалған апамыз Кеукер әкемізді өзі бағып-қағып, өмірдің небір қиындықтарын көріп, қатардан қалдырмаған. Жалғыз кемпірдің тәрбиесінде өскен, өмірдің, тағдырдың тәлкегімен ерте есейген, ерте шаңырақ көтерген әкеміз бен анамыз 8 қыз, бір ұлға өмір сыйлады. Ұрпағы өсіп-өнген әкеміздің артында казіргі күнде 25 немере, 77 шөбере бар. Ал атамыз Жебегеннен 9 немере, 25 шөбере, 77 шөпшек тарайды. Аллаға сансыз шүкіршілік етеміз. Ата немерелерінің барлығы бір-бір әулет, алды 68 жаста. Ал соңғысы 53 жасты еңсерді. Бір қыз немересі өмірден озды. Ең өкініштісі, біздер әке-шешеден ерте айырылдық. Анамыз 49 жасында, әкеміз 58 жасында бақилық болды. Алланың ісіне шара бар ма?
    Әулетімізді қуантқан әлеуметтік желідегі сілтеме маған «Әкемнің арманын, аманатын орындау сәті келді» дегендей күш-жігер берді. Тиісті жауап алынғанша тынымсызданып, «Атамның аманаты» атты ұйымның мүшесі Айгүл Аитова деген еріктімен танысып, хабарласа отырып, атамыздың 11-атқыштар дивизиясында қызмет еткенін, Ресей жерінде 1942 жылы 24 қыркүйекте қан майданда қаза тапқанын, Калуга облысы, Ульянов ауданында, Троснянка деревнясында жерленгенін білдік. Ресейдің Подольск қаласындағы тарихи мұрағаттағы (ЦАМО – РФ Қорғаныс министрлігінің Орталық архиві) құжаттарының табылғанын анықтадық. Атамыздың мәңгі есте қалған сарбаз екенін, аты-жөнінің журналда, Мәңгілік естелік кітабында (Книга памяти), жерленген жерінде қойылған тақтада жазылғанын білдім. Барлық құжаттарының көшірмесі алынды. Осылай ойда жүрген бір арманның орындалғанына, әке аманатын іске асырудың бір ұшынан ұстағанымызға, дәлелді мағлұматтарға қол жеткізгенімізге барша әулет болып қуандық, қолдау көрсеткен жандарға ризашылығымыз шексіз! Алдағы уақытта жол түссе, атамыздың жерленген жеріне барып, тағзым етіп қайтсақ деген ойдамыз.

    Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан қатардағы жауынгер
    Жебеген Жексембаев ұрпақтарының атынан немересі
    Гүлбану СЕЙІТҚАЗЫҚЫЗЫ
    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Тама бабаға тағзым

    Тама бабаға тағзым

    1 year ago
    Өмірдің мәні – бала

    Өмірдің мәні – бала

    1 year ago
    Құжаты жоқтың құқығы да жоқ па?

    Полиция азаматтық ала алмаған қандастар мәселесіне жауап берді

    2 years ago
    Әлемнің “сегізінші кереметі” немесе ауылдардағы мәдениет үйлері өз мақсатында пайдаланылып жүр ме?

    Мәдени бастамалардың қозғаушы күші

    10 months ago
    Бетбұрыс басталды

    Бетбұрыс басталды

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>