-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Алматы облысында көлік-логистикалық орталық ашылды

    02.06.2023
    in Ауыл шаруашылығы, Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Кәсіпкерлік, Өңір тынысы, Саясат, Экология, Экономика
    Алматы облысында көлік-логистикалық орталық ашылды
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    Алматы облысының Іле ауданында «Жетіген» көлік-логистикалық орталығы ашылды. «Жетіген» теміржол стансысына іргелес орналасқан орталықтың ашылу салтанатына облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысты.

    «Жетіген» орталығы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ теміржол желісімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Аталған орталық Достық және Алтынкөл стансыларымен бірлесіп, Қазақстан – Қытай жүк тасымалын жандандырады. Жаңа нысан жүк тасымалы үшін неғұрлым тиімді көлік және логистикалық инфрақұрылымды қамтамасыз етуге қабілетті.

    «Жетіген» орталығы, ең алдымен, Қазақстанның көлік-логистикалық инфрақұрылымын жаңа сипатта жетілдіруді мақсат етеді. Сондай-ақ, үздік әлемдік тәжірибені пайдалана отырып, ақпараттық қызметтер мен электрондық құжат айналымының толық кешені бар автомобиль, теміржол және теңіз тасымалдарын қоса алғанда, әртүрлі көлік қызметтерін нарыққа ұсынады.

    Тағы бір айта кетер басымдық бар. Ол – «Жетіген» көлік-логистикалық орталығының Еуропа, Түркіменстан, Әзірбайжан, Қытай және Түркия, жалпы Орталық Азия елдеріне жүк тасымалдау жолында орналасуы. Аталған аумақ толық қуатында жұмыс істей бастағанда Алматыға түсетін жүктеме азаяды және экология тазарады. Мұнда 24/7 режимінде қызмет көрсетіледі.
    Оның ішіне, кросс-докинг аймағы, түрлі санаттағы жүктерді өңдеу және сақтау, контейнерлерді тиеу, оларды түсіру қызметтері кіреді. «Исткомтранс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі орталықты төрт кезеңде дамытпақ. Атап айтқанда, контейнерлі терминал құру; құрғақ порт жасау; индустриалды аймақ ашу және «А-С» санатында қойма салу көзделген. Осы орайда орталықтың жалпы аумағы 51,2 гектар болатынын айта кетейік. Оның 10 гектары – индустриалды аймақ.

    Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев бұл жобаның рекордтық мерзімде аяқталғанын айтты.

    – «Жетіген» көлік-логистикалық орталығы экономиканың дамуына және Қазақстанның әлемдік деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ете отырып, өңірлік және халықаралық көлік қатынасында маңызды рөл атқарады. Біздің өңір ауыл шаруашылығы саласына маманданған болса да, бұл жерде логистиканы дамыту мүмкіншілігі жоғары. Бұдан бөлек, жоба жаңа заман талаптарына сай. Орталықтың арқасында тұрғындар жұмыспен қамтылады. Мұның да өзіндік маңызы бар. Компанияның серіктестерін, мамандарын жаңа орталықтың ашылуымен құттықтаймын, сәттілік тілеймін, – деді облыс әкімі.

    Жаңа терминал орталығы Алматы көлік торабының шамадан тыс жүктемесін жеңілдетеді. Терминалдың орналасқан жері де экологиялық тұрғыдан ең қолайлы әрі таза болып есептеледі. Сонымен бірге, шығарылған жүк тасымалының арқасында Алматы қаласы шеңберіндегі кептелістер айтарлықтай азаяды. Бұл өз кезегінде экологияның жақсаруына ықпал етеді.

    – Қазақстан – көлік дәліздерін және жүктерді өңдеу мүмкіндіктерін дамыту арқылы Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен тауар айналымын ұлғайту әлеуетіне ие ел. «Жетіген» орталығы Қазақстан – Қытай шекаралық өткелдері үшін тірек терминалы болып саналады әрі жұмыс сапасын арттырады деп үміттенеміз. Бұл өз кезегінде біздің экономикамызға стратегиялық үлес қосады, – деп түсіндірді «Исткомтранс» ЖШС бас директоры Алмас Абайділдәнов.

    Бұл кәсіпорынның құрама жем шығару, май зауыттарын салу, минералды тыңайтқыштарды сақтау және дайындау кешенін жандандыру сияқты маңызды жоспарлары бар. Сөйтіп, «индустриялық аймақ» аумағын дамытуды көздеп отыр. Осылайша, «Жетіген» орталығы, тұтастай алғанда, көлік-логистика саласын дамытудың және қазақстандық нарықтың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың инфрақұрылымдық драйверіне айналмақ.

    Бағдат ШОЙБАСОВ,
    Іле ауданы

    Tags: жүк тасымалыкөлік-логистикасауда

    Ұсынымдар

    Әкім шатыры өртенген үйге табиғи газ тартуды тапсырды

    Әкім шатыры өртенген үйге табиғи газ тартуды тапсырды

    2 years ago
    Алматы облысы әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс болды

    Алматы облысы әкімдігінде кадрлық ауыс-түйіс болды

    4 months ago
    Бүтін бір әулет құжатсыз…

    Бүтін бір әулет құжатсыз…

    2 years ago
    Қонаев қаласының әкімі тағайындалды

    Қонаев қаласының әкімі тағайындалды

    1 year ago
    Алматы облысы экономикалық өсу жолында: жыл қорытындысы бойынша 109% және жаңа перспективалар

    Алматы облысы экономикалық өсу жолында: жыл қорытындысы бойынша 109% және жаңа перспективалар

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.