-13 °c
Qonaev
Tuesday, June 3, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    3. Намыс пен төзімділіктің символы: «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің жеңімпаздары анықталды

    15.05.2025
    in Барлық жаңалықтар
    3.	Намыс пен төзімділіктің символы: «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің жеңімпаздары анықталды
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Қонаев қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі өз мәресіне жетті. Жарысты «AMANAT» партиясының қолдауымен Алматы облысы әкімдігі және Ұлттық спорт қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырды.

    Жеңімпаздарды марапаттау салтанатына «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, Премьер-Министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, «JORYQ» ат спорты федерациясы қамқоршылық кеңесінің төрағасы Әлібек Әлденей, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Еркебұлан Ілиясов және «JORYQ» ат спорты федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбеков қатысты.

    «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек ұлттық спорт түрлерін дамыту – бұл тек қазақтың салт-дәстүрін сақтау және мәдени мұраны насихаттау ғана емес, сонымен қатар жас ұрпақты тәрбиелеудің маңызды тетігі екенін атап өтті.

    «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Қазақстан көшпенділер өркениетінің бесігі, дамыған орталығы екенін, түрлі халықтар мен мәдениеттерді біріктіретінін айтты. Мұның жарқын мысалы – елімізде өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары. «AMANAT» партиясы бұл бағытта ауқымды жұмыс атқаруда. Партия жыл сайын халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесін ұйымдастыруға атсалысады. Біз қоғамды ұлттық мәдени-тарихи құндылықтар төңірегінде топтастыруға ұмтыламыз. Сонымен қатар Қазақстанда этнотуризмді дамыту аса маңызды. Партиямыздың «Ұлттық мұра» жобасы жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеуге, ұлттық спортты, мәдениетімізді, өнеріміз бен салт-дәстүрімізді дәріптеу арқылы қастерлі құндылықтарымызды дамытуға бағытталған», – деді Дәулет Кәрібек.

    Бес күнге созылған марафон нәтижесінде бірінші орынды Астана қаласының командасы иеленді. Олар 500 шақырым қашықтықты 31 сағат 19 минут 5 секундта жүріп өтіп, төзімділігі мен шеберлігін дәлелдеді. Екінші болып мәре сызығын 32 сағат 26 минут 57 секундта Қырғызстанның (бірінші) командасы кесіп өтті. Ал жүлделі үшінші орынды Ұлытау облысының командасы иеленді. Олардың уақыт көрсеткіші – 32 сағат 37 минут 47 секунд.

    Биыл жарысқа Мажарстан, Иран, Қырғызстан, Ресей және Оңтүстік Африка Республикасынан келген шабандоздарды қоса алғанда, барлығы 19 команда қатысты. Алайда мәреге тек 5 команда ғана жетті. Бұл – аса қатал тәртіп пен жарыс жолының қаншалықты қиын екенінің жарқын дәлелі.

    Қазақстан мен шет елдің ең үздік шабандоздары бас қосқан «Ұлы дала жорығы» марафоны ұрпақтар сабақтастығының, қайтпас қайсар рухтың және ұлттық құндылықтарымызға, дара дәстүрімізге деген құрметтің символына айналды. Бұл – еліміздің спорттық және мәдени күнтізбесіндегі ең маңызды оқиғалардың бірі.

    Ұсынымдар

    Президент Қазақстан құтқарушыларын кәсіби мерекеге орай құттықтады

    Президент Қазақстан құтқарушыларын кәсіби мерекеге орай құттықтады

    2 years ago
    Ауыл шаруашылығына тың серпін

    Ауыл шаруашылығына тың серпін

    2 months ago
    Жаңа энергия көзі ретінде маңызы зор

    Жаңа энергия көзі ретінде маңызы зор

    9 months ago
    Алматы облысында биыл 800 тұрғын үй қолданысқа беріледі

    Алматы облысында биыл 800 тұрғын үй қолданысқа беріледі

    10 months ago
    Қапшағай көлінде адасып кеткен жастар аман-есен табылды

    Қапшағай жағалауындағы 42 жер телімі мемлекетке қайтарылады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.