-13 °c
Qonaev
Wednesday, May 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Құқық-заң

    Президент бірқатар заңға қол қойды

    20.05.2025
    in Құқық-заң, Президент
    Президент бірқатар заңға қол қойды
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

    Түзетулердің бірінші блогында Қазақстан тауар өндірушілер тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) енгізілді. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым нысаны ретінде жұмыс істейтін тізілімде отандық тауар өндірушілер мен олар өндіретін тауарлар туралы мәліметтер қамтылады. Тізілімге енгізілген тауар өндірушілерге мемлекеттік қолдау шаралары қолжетімді болады. Сондай-ақ олар мемлекет сатып алулар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуларына қатыса алады.

     

    Тізілімнің қолданысқа енуіне байланысты бұрын тауардың шығу тегін растау үшін пайдаланылған СТ-KZ және индустриялық сертификаттарын, сондай-ақ сараптама актісін беру кезінде тәртіпті бұзғаны үшін белгіленетін әкімшілік жауапкершілік заңнамадан алынып тасталды.

     

    Түзетулердің екінші блогы елішілік құндылықтар институтын одан әрі жетілдіруге бағытталған. Осы мақсатта Үкімет бекітетін қағидаларға сәйкес, ірі тапсырыс берушілерге ел ішіндегі құндылықтарды дамыту бағдарламаларын бекіту және іске асыру міндеті жүктеледі.

     

    Өнеркәсіпті дамыту үшін келісімшарттың жаңа түрі – кепілдендірілген сатып алу келісімшарты енгізілді. Бұл шартқа сәйкес өңдеуші кәсіпорын өзінің өндіріс алаңында өндірілген тауарлардың кепілді көлемін ұзақ мерзімді негізде жеткізіп беруге міндеттенеді.

     

    Түзетулердің үшінші блогы кодтар мен атауларды жүйелеу арқылы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жіктеудің бірыңғай жүйесін қамтамасыз ететін Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышын (бұдан әрі – ТЖКҚЖС) енгізуді және жүргізуді көздейді.

     

    ТЖКҚЖС-ны енгізудің негізгі оң әсерлері мынадай: барлық жіктеуіш біріздендіреледі; бүкіл саладағы тауарлар мен қызметтердің түрлері, сипаттамалары барынша нақтыланады; тауар айналымын қадағалауға мүмкіндік туады; бірыңғай номенклатура түзіледі; тауарлардың қадағалануын дұрыс жіктеуге және түпкілікті сәйкестендіруге; көлеңкелі экономиканы мейлінше азайтуға мүмкіндік пайда болады.

     

    Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «2007 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығы арасындағы Хатшылықтың Қазақстан Республикасының аумағында болуы шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Алматы қаласында Америка Құрама Штаттарының консулдық мекемесінің үй-жайларын салу үшін Америка Құрама Штаттарының Үкіметіне жер учаскесін жалға беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды.

    Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

    Ұсынымдар

    Құрылыс қарқын алады

    Құрылыс қарқын алады

    6 months ago
    Өндіріс ошақтарында жаңа жұмыс орындары көбейді

    Өндіріс ошақтарында жаңа жұмыс орындары көбейді

    2 years ago
    Қазақстанда электрондық сауда көлемінің тұрақты өсуі байқалады

    Қазақстанда электрондық сауда көлемінің тұрақты өсуі байқалады

    3 months ago
    Аружанның білезігі қауіптен құтқарады

    Аружанның білезігі қауіптен құтқарады

    11 months ago
    Қаламгерге арналды

    Қаламгерге арналды

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>