⛅
-6°C
Қонаев
Сәрсенбі, Желтоқсан 10, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Қызылорда облысында 15 мың гектардан астам егістік жер қалпына келтірілді

    20.05.2025
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Қызылорда облысында 15 мың гектардан астам егістік жер қалпына келтірілді
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Қызылорда облысының Жалағаш ауданында Сырдария өзені бассейніндегі ирригациялық және дренаждық жүйелерді қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды.

    Барлығы 1362,2 шақырым канал қайта жаңғыртылып, 14 617 шағын гидротехникалық нысан ауыстырылып, жаңадан салынды. Сондай-ақ 327,86 шақырым коллектор мен 151 бақылау ұңғымасы қалпына келтірілді.

    Осы жұмыстардың нәтижесінде жалпы көлемі 15,1 мың гектар ауыл шаруашылығы алқаптарын сумен жабдықтау және мелиоративтік жағдайы жақсарып, суармалы жерлер толық игерілді. Жоба су шығынын 30%-ға дейін азайту арқылы жылына шамамен 95 млн текше метр суды үнемдеуге мүмкіндік береді.

    Жергілікті шаруа қожалықтары жұмыс нәтижелеріне оң баға беріп отыр.

    «Каналдарды тазарту, шлюздер орнату және басқа да жұмыстардың арқасында су жеткізу жағдайы 35-40%-ға жақсарды. Бұл жүйе диқандарға су тапшылығы жағдайында да жұмыс істеуге көмектеседі. Жалпы нәтижелер өте жақсы», – деді жергілікті шаруа қожалығының агрономы Сұлтанбек Үсенов.

    «Бұл жұмыстар Дүниежүзілік банкпен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасының екінші кезеңі аясында атқарылды. Осыған ұқсас жобалар Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында да жүргізіліп жатыр. Осының арқасында 105 мың гектардан астам жердің суармалы жағдайы жақсарады. Бүгінгі таңда бұл жобалардың 86%-ы аяқталды. Қазірдің өзінде 79,15 мың гектар егістікке су жеткізу жақсарып, жылына 201,8 млн текше метр су үнемдеуге жағдай жасалды»,– деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

    Ұсынымдар

    Қаламгерлерге құрмет көрсетілді

    Қаламгерлерге құрмет көрсетілді

    5 months ago
    Қаламгерге арналды

    Қаламгерге арналды

    5 months ago
    Көшесі бар абыздың

    Көшесі бар абыздың

    2 years ago
    Полиция жұмысы жанданады

    Полиция жұмысы жанданады

    2 years ago
    Алматы облысында мектептердегі балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілуде

    Алматы облысында мектептердегі балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілуде

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>