-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Биыл Қазақстанда ауылшаруашылығы санағы өтеді

    28.05.2025
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Биыл Қазақстанда ауылшаруашылығы санағы өтеді
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    2025 жылдың 1 тамызы мен 20 қазаны аралығында елімізде Ұлттық ауылшаруашылығы санағы өткізіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз маслихатында ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Бағлан Каргулов мәлімдеді.
    Ауыл шаруашылығы санағы Мемлекет басшысының 2023 жылғы 26 сәуірдегі тапсырмасы және Үкіметтің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы қаулысы негізінде өткізіледі. Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы елімізде кемінде он жылда бір рет ұйымдастырылады. Соңғы рет ауқымды шара 2006–2007 жылдары жүзеге асқан болатын.

    Ауыл шаруашылығы санағы – аграрлық саланың нақты жағдайын кешенді бағалауға, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер туралы толыққанды деректер жинауға, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды статистикалық науқан. Санақ нәтижесінде саладағы әрбір субъектінің әлеуеті мен рөлі туралы толық әрі объективті ақпарат алынады, — деді Бағлан Каргулов.
    Санаққа ауыл шаруашылығы қызметімен айналысатын барлық субъектілер тартылады:
    • шаруа және фермер қожалықтары;
    • ауыл шаруашылығы кәсіпорындары;
    • жеке қосалқы шаруашылықтар.

    Санақ объектілері ретінде жер және егіс алқаптары, ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстары, техника мен жабдықтар, мал шаруашылығы кешендері мен құс фабрикалары, өнім сақтау құрылыстары тіркеледі.
    Бағлан Каргуловтың айтуынша, мәліметтерді жинау екі әдіспен жүргізіледі:
    1. Онлайн толтыру: 2025 жылғы 1–31 тамыз аралығында sanaq.gov.kz веб-платформасында респонденттер сауалнамаларды өздері толтыра алады.
    2. Жеке сұхбат: 2025 жылғы 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында интервьюерлер планшет арқылы санақ парақтарын толтырады.
    — 2025 жылғы ауыл шаруашылығы санағы алғаш рет толықтай цифрлық форматта өтеді. Планшеттік құрылғылар мен арнайы мобильді қосымшалар деректерді жинау, өңдеу және жіберу процесін автоматтандырады Санақтан өткен респонденттерге SMS-хабарлама немесе электрондық пошта арқылы қатысқаны жөнінде растау жолданады. Интервьюерлер арқылы қатысқан азаматтарға арнайы анықтамалар беріледі, — деп атап өтті Бағлан Каргулов.
    Баспасөз мәслихатында Алматы облыстық ішкі саясат басқармасымен бірлесіп бекітілген медиа-жоспар туралы да айтылды. Жоспарға БАҚ-та ақпарат жариялау, үгіт-насихат бейнематериалдарын әзірлеу, плакаттар орналастыру, телеарналарда түсіндіру жұмыстарын жүргізу секілді шаралар кіреді.

    Ұсынымдар

    Бапкер Азат

    Бапкер Азат

    10 months ago
    Алматы облысында «Alatau hub» жазғы лагері ашылады

    Алматы облысында «Alatau hub» жазғы лагері ашылады

    11 months ago
    “60 жыл бір шаңырақ астындамыз” – Қонаев тұрғыны

    “60 жыл бір шаңырақ астындамыз” – Қонаев тұрғыны

    1 year ago
    Кененнің әндері-ай!

    Кененнің әндері-ай!

    2 months ago
    Қазақстан Халық партиясы Парламентке баратын депутаттарын бекітті

    Қазақстан Халық партиясы Парламентке баратын депутаттарын бекітті

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>