Алматы облысы көлемінде шегірткеге қарсы күрес жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Осы орайда облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Шеңгелді алқабына барып, көшпелі кеңес өткізді. Аймақ басшысы зиянкестермен күрес барысымен танысып, техникалардың жай-күйін көріп, сала басшыларына науқан кезінде препараттармен және техникамен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету, анықталған жаңа ошақтарды жою жұмысын жеделдету және тағы басқа бірқатар тапсырмалар жүктеді. Шегірткемен күрестің тек агротехникалық міндет емесін, мұның азық-түлік қауіпсіздігі мен аграрлық сектордың тұрақтылығы мәселесі екенін қаперге салған Марат Елеусізұлы тиісті орындар мен мамандардың үйлесімді, кәсіби және алдын ала әрекет ету керегін шегелеп айтты.
– Биыл шегіркелердің өсіп-өнуіне 1 млн 800 гектарға болжам жасалу керек. Бүгінге дейін 333 мың гектары болжанды. Облыс бойынша жоспарға сәйкес оның италиялық, азиялық және саяқ шекіртке тұқымдастарына қарсы 113 мың гектарға мониторниг жүргізілді. Оның 63 мың гектары республикалық, 50 мың гектары жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Қазіргі уақытта белгіленген аумақтың 25 пайызы өңделді. Қонаев қаласы, Ұйғыр, Талғар, Райымбек, Іле, Кеген аудандарында жұмыс қалыпты деңгейде жүргізілуде. «Авиасила» ЖШС орта және жеңіл ұшақтары арқылы химиялық өңдеумен айналысуда. Сонымен бірге жер бетінде жүретін 17 техника тартылған. Әзірге зардап шеккен шаруашылықтар жоқ, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқарамасының басшысы Ғалым Тоқпейісов.
Фитосанитария республикалық мемлекеттік кәсіпорны Алматы облыстық филиалының директоры Несіпбай Чингизбаевтың айтуынша, Алматы облысына бөлінген зиянкестерге қарсы күрес жүргізуге арналған дрондар ұшақтар мен жерүсті техникасы жүруге қолайсыз Райымбек және Кеген аудандарына берілмекші. «ЕА-J 1001 дрондары 1 батарейкамен 10 минут ұша алады. Бұл уақыт аралығында 45 гектар жерге сұйықтық шашып шығады. Биыл қыста келген бұл жаңа техниканы меңгеру үшін қызметкерлерді оқытып алған. Ақау шыққан жағдайда өндіруші «Favision» компаниясының өкілдері келіп жөндеп береді екен.
– Орта және жеңіл ұшақтар мен тікұшақтар зиянкестерге қарсы өңдеу жұмысы бойынша 25 жылдық тәжірибеміз бар. Жетісу, Қызылорда, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Түркістан облыстарында мұндай жұмыс істегенбіз. Қазіргі уақытта Талғар, Ұйғыр, Жамбыл, Балқаш, Іле аудандары мен пияздың отаны саналатын Шеңгелді алқабында шегіркемен күрес жұмысы жоспарға сәйкес жүргізілуде. Қажетті препараттар жеткілікті. Бізге арнайы мамандар шегірке бой көрсететін аумақты алдын ала анықтап береді. Сол бойынша егістік пен шабындық жерлер химиялық өңделеді. Нәтижесі жаман емес, – деді «Авиасила» авиакомпаниясының директоры Игор Сухориков.
Бүгінде 30 мыңға мың гектарға жуық астам аумақ шегірткеге қарсы химиялық өңделген. Бұл жұмыс авиация, дрондар мен және жерүсті техникалары арқылы жүргізілуде. Зиянкестермен күреске 46 техника мен 200-ден астам адам жұмылдырылған.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ