-13 °c
Qonaev
Tuesday, August 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында жаңа туған шақалаққа күрделі ота жасалды

    03.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Алматы облысында жаңа туған шақалаққа күрделі ота жасалды
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасына ми қан айналымының жедел бұзылуы диагнозымен түскен нәрестеге сәтті ота жасалды. Емхана қабырғасына шақалақ ауыр халде жеткізілген. Дәрігерлер қажетті тексерулерден кейін баладан геморрагиялық типтегі жіті ми қанайналымының бұзылысын анықтаған. Сол жақ самай-төбе аймағында масс-эффектпен байқалатын жіті миішілік қан ісігін көрген. Шұғыл көрсеткіштер бойынша нейрохирургтер сәбиді ота үстеліне жіберуге шешім қабылдапты.

    «Науқас ауыр халде жеткізілді. Краниотомия, яғни субдуралдық ісікті дренаждау отасын жасауға шешім қабылданды. Қуанышымызға орай бәрі сәтті аяқталды. Нәресте одан кейін неонатолог Арайлым Болат, анестезиолог-реаниматолог Ұлжан Маханованың бақылауында болды. Дәрігерлердің жоғары біліктілігі нәтижесінде баланы аман алып қалдық», – дейді отаны жүргізген нейрохирург Рахим Ахмаров.

    Ақ халатты жандардың айтуынша, нейрохирургиялық араласудан кейінгі кезең асқынусыз өтіп, бала денсаулығында оң динамика байқалыпты. Сәби 12 күннен кейін қанағаттанарлық жағдайда үйіне жіберілген. Қазіргі таңда оның дені сау, жасына сай дамып келеді, – дейді дәрігерлер. Айта кетерлігі, ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі есебінен тегін жүргізілді.

    ӘМСҚ КЕАҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

    Ұсынымдар

    Еркін және әйелдер күресінен облыс чемпионаты басталды

    Еркін және әйелдер күресінен облыс чемпионаты басталды

    8 months ago
    Жеңіс Эстафетасы

    Жеңіс Эстафетасы

    4 months ago
    Қыс қарсаңында көмірді теміржолмен экспорттауға шектеу қойылмақ

    Қыс қарсаңында көмірді теміржолмен экспорттауға шектеу қойылмақ

    2 years ago
    2025 жылы елімізде 19 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған

    2025 жылы елімізде 19 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған

    7 months ago
    Поэзия мұзбалағы Мұқағали Мақатаевты еске алды

    Поэзия мұзбалағы Мұқағали Мақатаевты еске алды

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>