⛅
15°C
Қонаев
Жексенбі, Қазан 26, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home БАҚ

    Қаламгерлерге құрмет

    23.06.2025
    in БАҚ, Барлық жаңалықтар, Қауіпсіздік
    Қаламгерлерге құрмет
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

         Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне құрмет көрсетті. Алматыдағы Ұлттық кітапханада өткен алқалы басқосуды ТИжКЖБ бастығының міНдетін атқарушы, подполковник Хандияр Әділ ашып, жүргізіп отырды.

         Журналистерге шекара тақырыбын тұрақты түрде көтеріп, қоғам назарын осы маңызды салаға аударып жүргендері үшін  алғыс білдірген Хандияр Әділ сөз кезегін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің бастығы, полковник Әлібек Каюповқа берді.

    – ­­Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз ­– бұқаралық ақпарат  құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі брифинг ­– сіздермен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісіп, шекара қызметі мен БАҚ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында ұйымдастырылып отыр, – деді Әлібек Амангелдіұлы сөзінің басында. – Біздің департамент еліміздің шығыстағы шекарасын  қорғау, мемлекеттік шекара режимін қамтамасыз ету және шекаралық қауіпсіздікті сақтау міндетін атқарады. Бұл – жауапкершілігі жоғары, үздіксіз және жүйелі қызмет екені белгілі.

    Бүгінгі шекара қызметі заманауи техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілгенін тілге тиек еткен Әлібек Амангелдіұлы журналистермен бірлесе жүргізген жұмыстарға тоқталып, жас ұрпаққа отансүйгіштік және патриоттық тәрбие беруде бұқаралық ақпарат құралдарының атқарар қызметіне жоғары баға берді.

    Осыдан кейін ашық пікір білдіру үшін кезек журналистерге берілді. Жиында «Бірінші арна» телеарнасының продюсері Полина Шманская, «Казахстанская правда» газетінің тілшісі Николай Жоров, «Ұйғыр авази» газетінің бас редакторы Ершат Асматов,  «Евразия» бірінші арнасының тілшісі Ұлан Тәліпбай сөз алып, шекара қызметі мен жауынгерлердің еңбегін насихаттау барысында өздері атқарып жүрген жұмыстар жайлы әңгімеледі.

    Осыдан кейін өкен ғасырдың 20-шы жылдарынан бастау алатын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің даңқты жауынгерлік жолы мен тәуелсіздік кезеңіндегі ерлік істері баяндалатын «Біз ­– Отанның берік қалқаны» атты кітаптың тұсауы кесіліп, алғашқы даналары Ұлттық кітапхананың қорына табыс етілді.

    Бұл іс-шараға шекарашылар құралақан келмеген екен. Шекара қызметі жайлы мақалалар мен түсірілімдер әзірлеп, жауынгерлердің өмірін насихаттап жүрген журналистерге бағалы сыйлықтар мен департамент басшысының Құрмет грамотасы табыс етілді.

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Ұсынымдар

    “Балаларым мен немерелерімнің болашағы үшін дауыс бердім”

    “Балаларым мен немерелерімнің болашағы үшін дауыс бердім”

    3 years ago
    “Әділетті, демократиялық мемлекетте өмір сүргіміз келеді”

    “Әділетті, демократиялық мемлекетте өмір сүргіміз келеді”

    3 years ago
    Белсенділік танытты

    Белсенділік танытты

    1 year ago
    Маман дайындауға мүмкіндік жеткілікті

    Зор экологиялық тиімділікке ие

    1 year ago
    Мемлекеттік аппарат шығыстары 410 млрд теңгеге қысқартылды

    Мемлекеттік аппарат шығыстары 410 млрд теңгеге қысқартылды

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>