-13 °c
Qonaev
Thursday, July 3, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жарқын жобалар жүзеге асады

    30.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Өңір тынысы, Энергетика
    Жарқын жобалар жүзеге асады
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласындағы құрылыс нысандарын аралады. Аймақ басшысы алдымен 10-шағынаудандағы іргесі қаланып жатқан халыққа қызмет көрсету нысаны бар көппәтерлі тұрғын үй кешеніне барды. «Феникс» деп аталатын тұрғын үй кешенінің жалпы құрылыс аумағы – 183 303 шаршы метр. Инвестиция сомасы –  65 млрд теңге. Мұнда 2029 жылға дейін кезең-кезеңмен тұрғын үйлер, полиция бөлімшесі бар коммерциялық үй-жайлар, балабақша, кеңсе ғимараты,  жерасты тұрағы бой көтереді. Электр энергиясын тарту мен жылу жүргізу өзекті мәселе болып тұрғанын естіген Марат Елеусізұлы тиісті сала басшыларына  тезірек мұның шешімін  табуды тапсырды. Қала әкімі Ермек Бердіханов тек бірінші кезеңде ғана пайдалануға берілетін ғимараттарды жылумен қамтуға мүмкіндік болатынын айтты.

    Одан кейін облыс басшысы 5-шағынауданда салынып жатқан кардиологиялық медицина орталығының құрылыс жоспарымен танысты. Халықтың денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында салынып жатқан 42 төсектік медициналық орталықтың тікелей инвестиция көлемі 2,2 млрд теңгені, аумағы 3 мың шаршы метрді құрайды. Қолданысқа берілгенде 3 операциялық зал, 21 диагностикалық және емдеу кабинеті, 20 науқас бөлмесі халық игілігіне қызмет ететін болады. Амбулаториялық және стационарлық емдеуді қоса алғанда, 15000-нан астам адамға қызмет көрсете алады. Жоба менеджері Бекарыс Тимурұлы құрылыстың қарқынды жүріп жатқанын, 2026 жылы аяқталу жоспарланып отырғанын, ешқандай мәселе туындамағанын, қала әкімдігі тарапынан  көрсетіліп жатқан көмек-қолдауға риза екенін жеткізді.

    Келесі кезекте әкім қалалық жағажайда болып, ағымдағы жөндеу жасалған спорт алаңын және  №8 жағажайдағы халықаралық деңгейдегі курорттық-ойын-сауық кешенінің құрылыс барысын көрді. Жоба бойынша аумақта аттракциондар саябағы, аквапарк, ойын-сауық орталығы, қонақ үй кешені,  ойын алаңы бар құмды жағажай, жеңілдік дүкендері, бажсыз сауда қалашығы,  автортұрақ және тағы басқа нысандар орналасады. Биыл «Көңілді теңіз аралы», «Шағын автобус», «Гироскоп», «Ғарышқа серуендеу», «Ұшатын шарлар», «Автодром», «Тізбекті әткеншек», «Жабайы тышқан», «Қарақшылар кемесі» «Зымыран»,  тағы басқа атауы бар  аттракциондар саябағы мен батуттар және  су сырғанақтары бар  бассейн, жүзу бассейні, субұрқағы болатын  аквапарктің құрылысын аяқтау жоспарланған. Бұл кешеннің құрылысы бітіп, пайдалануға берілген кезде 350 жаңа жұмыс орны ашылады.

    Облыс әкімі  «Жылу Орталығы» мекемесіне де атбасын бұрды. Жылу энергиясын өндіріп, таратумен айналысатын кәсіпорын 2022 жылы күрделі жөндеу өткен. Мұнда 6 бу шығаратын және 4 су жылыту қазандығы бар. 58 шақырымнан астам жылу желісі жүргізілген. Ендігі мәселе – жылыту маусымы басталғанға дейін 4 бу қазандығын орнату. Оның орны белгіленген. Жобасы дайындалып, қазандықтар жеткізілген. Мердігер анықталса, жылыту маусымына дейін іске асырылады. Сонымен бірге түтін құбырын, «Қонаев қаласының жылу желілерінің жылу-гидравликалық режимін реттеу» жобасын және ТК1-ден ТК14-ке дейін, ТК14-тен ТК-35-ке дейін 2-шағынаудан, Сейфуллин көшесіндегі жалпы ұзындығы 1800 метр болатын жылу желілерін қайта жаңарту керек.

    Аймақ басшысының келесі аялдаған жері – өңірдің агроөнеркәсіптік секторында маңызды рөл атқаратын «Қапшағай бидай өнімдері» ЖШС.  Бүгінде кәсіпорын аумағында 3 зауыт салынуда. Олар –  жоғары сұрыпты ұн, құрама жем және май зауыты. Сондай-ақ өз қажеттіліктері үшін полиэтилен қаптарын өндіру цехын ашу жоспарлануда.  Бір жыл бұрын бұл элеватор кешені 5 миллиардқа сатып алынып, құрылысқа 8 миллиард инвестиция салынған. Зауыт толық іске қосылғаннан кейін жылдық өндіріс көлемі бір миллион тоннаны құрайды. Шикізат Солтүстік Қазақстаннан тасымалданады. 3 шақырым теміржол жаңартылған. Алғашқы кезеңі 1 қыркүйекте іске қосылады.

    Марат Сұлтанғазиев «Алматы – Өскемен» күрежолы бойындағы бұрынғы «Аладдин» казиносы ғимараты жаңа иелерінің кеңейту және қонақүй кешенін салу жоспарымен танысты. Инвестор – «HERITAGE INVESTMENT HOLDINGS LIMITED». Басқарушы компания  – «UNISTONE COMPANY». Инвестиция көлемі – 25 млрд теңге. Компания өкілдері электр энергиясының тапшылығын алға тартты. Облыс әкімі осы мәселені шешу жөнінде сала мамандарына тапсырма жүктеді.

    Марат Елеусізұлының Қонаев қаласындағы құрылыс нысандарын аралау сапары «Қарлығаш» шағынауданында жалғасты. Келешекте сыр және қатырылған фри картобын шығару зауытының ғимараты қоныстанатын орында әкімді қарсы алған «Sofood Kaz» ЖШС-ның директоры Құрманғали Амандосов жер телімінің рәсімделіп жатқанын тілге тиек етті. Инженерлік құрылым бойынша ирандық инженерлер жұмыс істейтіндіктен, виза мәселесі және инфрақұрылым бойынша қолдау көрсетілсе деген тілегін жеткізді. Компания басшысының айтуынша, Қонаев қаласында бірнеше жоба іске асырылады. Соның біріншісі  – үш түрлі ірімшік пен фри картобын шығару жобасы. Алғашқы кезеңде шикізат Иран мемлекетінен жеткізілмек. Болашақта жергілікті сүтті алып, терең өңдеу көзделген. Бүгінде Ираннан келген мамандар  жобалық жұмыстарды қолға алған. Биыл құжаттар рәсімделіп бітсе, келесі жылы құрылыс басталады. Жоба толықтай жүзеге асқанда 250 адам жұмыспен қамтылады.

    Облыс әкімінің қаладағы құрылыс нысандарын аралау сапарының кейбір ескерілмеген жайттарды анықтауға және  бірқатар өзекті мәселелердің шешу жолын табуға септігі тигенін айта кеткен жөн.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Мемлекеттік басқару академиясында биыл қандай өзгеріс бар?

    Мемлекеттік басқару академиясында биыл қандай өзгеріс бар?

    2 years ago
    Спорт, өнер және қосымша білім беру бойынша бірыңғай ваучер жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылады

    Спорт, өнер және қосымша білім беру бойынша бірыңғай ваучер жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылады

    1 month ago
    Еліміздің мектептерінде алғашқы қоңырау соғылды

    Еліміздің мектептерінде алғашқы қоңырау соғылды

    2 years ago
    Қапшағай жағасы қоқыстан тазарды

    Қапшағай жағасы қоқыстан тазарды

    3 months ago
    Сала жетістіктері сараланды

    Сала жетістіктері сараланды

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.