-13 °c
Qonaev
Saturday, July 12, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Қос қуаныш

    11.07.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Инфрақұрылым
    Қос қуаныш
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

     Саурық батыр мен Көкдала ауылдарында бір күнде екі бірдей фельдшерлік қосын ел игілігіне берілді. Нысанның салтанатты ашылуына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Максим Рожин, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов, Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас қатысып, шалғай ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасты.

    Жаңа нысандар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынды. Бұл – ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмекті сапалы әрі уақытылы көрсетуге бағытталған нақты қадам. Шараға жиналғандарға құттықтау тілектерін арнаған мәртебелі қонақтар заманауи талапқа сай жабдықталған денсаулық сақтау мекемелерінің ауыл тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсетуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Бүгінде өңірде ауылдық денсаулық сақтауды жақсарту бағытындағы жұмыстар жаңа қарқынмен жүзеге асып жатқанын, алыстағы ауыл тұрғындарына есігін айқара ашқан екі жаңа медицина мекемесі ұлттық жоба аясындағы игілікті жұмыстың жарқын көрінісі екенін тілге тиек етті. Ашылу лентасы қиылған соң қонақтар нысанның ішін аралап көрді.

    Саурық батыр ауылында бүгінде 660-тай тұрғын тұрады. Жаңа фельдшерлік-акушерлік  қосын халық үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жаңа деңгейге көтеруге сеп болмақ. Оған ұлттық жоба аясында бөлінген 184 миллион теңгедей қаржы жұмсалды. Ғимарат көлемі 250 шаршы метргу жуық. Мамандардың айтуынша, халық денсаулығын сақтау жолындағы маңызды нысан бүкіл стандартқа сай толық жабдықталып, қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділігі басты назарға алынған. Мұнда фельдшерлік қызмет, алғашқы тексеру, екпе егу, ана мен бала денсаулығын бақылау сияқты қызмет түрлері көрсетіледі. Онда 1 фельдшер мен кіші медбике жұмыс істейді, күніне 10 адам қабылдауға мүмкіндігі бар. Тұрғындар тиісті медициналық көмекті аудан орталығына сабылмай-ақ дер кезінде өз ауылдарында ала алады.

    – Бұған дейінгі медициналық қосын мен қазіргісінің айырмашылығы жер мен көктей. Жаңа ғимаратта ауырып келген адам үшін жанына керекті барлық жағдай жасалған. Фельдшерлік қызмет көрсетуге қажетті кабинеттер бар. Әсіресе ана мен балаға жақсы жағдай қарастырылған. Әйелдер кеңесі үшін қажетті жабдығымен арнайы бөлме бар. Күндізгі жатын бөлмесі де бар, бұрын ондай орын жоқ болатын. Ем қабылдау, физиоемдеу, фельдшер бөлмелеріне керекті құрал-жабдықтар қойылды. Өз міндетімізді сапалы атқару үшін осындай медициналық қосын салынғанына өте қуаныштымыз, – дейді Жамбыл ауылдық округіне қарасты Саурық батыр ауылының фельдшері Майра Есбаева.

    Тұрғындар бұған дән риза. Олар ескі ғимаратта ем алып келген және ондағы қызмет түрі шектеулі болатын. «Ауылымызда үлкен жақсылық болғанына қуанышымыз қойнымызға сыймай тұр. Бұған дейін 20 шақырым жердегі Ұзынағашқа барып, қаралатынбыз. Енді біраз қызмет түрін осыннан алатын болдық. Халыққа керекті осындай мекемелер біздің кішкентай ауылымызға салына берсе екен», – дейді ауыл тұрғыны Сағынтай Омаров.

    Алыстағы Ақсеңгір ауылдық округіне қарасты Көкдала елдімекенінің тұрғындары да осындай көңіл-күйде. Жаңа нысан әсіресе күнделікті медициналық көмекке мұқтаж жандар үшін үлкен қолдау болып отыр. 400-ге жуық адам тұратын бұл шағын ауылда да медициналық қосын қолданысқа берілуі – көптен күткен қуаныш. Оның жалпы құны – 124 млн 240 мың теңге. Ол да күніне 10 адамды қабылдауға қауқарлы. Мұнда алғашқы тексеру, жоспарлы бақылау, жеңіл медициналық ем-шаралар жүргізіледі. Бұдан бөлек ауыл тұрғындарына қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағы да қарастырылған.  Бұрынғы  қосын ескі мектеп ғимаратының бір бөлмесінде орналасқан болса, енді жеке еңселі ғимарат бой көтеріп, шағын ауылға ерекше сән берді. Көкдалалықтар бұған аса қуанышты екенін білдірді: «Бұрын ауданға баратынбыз. Енді, мінекей, өзіміздегі емдеу орнына жүгінеміз. Өзім 2-топтағы мүгедекпін. Жылына екі рет жоспарлы емдеуге жатуым керек. Мұндағы маман маған жақсы қарайды, тиісті дәрісін береді, сараптамалық құжаттарымды дайындауға жәрдемдеседі, – дейді ауыл тұрғыны Байжұман Ғалиев. Нысанның ашылу салтанатында ауыл ақсақалы, арқалы ақын Өмірбай Өмірзақұлы бата беріп, әжелер шашу шашты.

    «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында облыста 38 нысан салу көзделсе, соның 16-сы Жамбыл ауданында қолға алынған. Алғашқыларының құрылысы аяқталып, тұрғындарға қызмет көрсете бастады. Атап айтқанда, Айдарлы, Ащысу, Қопа, Саурық батыр және Көкдала елдімекендерінде 5 медициналық нысан ел игілігіне берілді. Қалған 11-інің құрылысы тамыз айының соңына дейін аяқталмақ. Кейін ашылған екі нысанның құрылысын «ТехноСнаб – 2002» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген.

    Ауыл жұртшылығымен жүздесіп, ақжарма құттықтауын жеткізген Мәжіліс депутаты Максим Рожин аталған жобаның маңыздылығына ерекше тоқталды. Жобаның басты мақсаты алғашқы медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру, аурудың алдын алу және медициналық инфрақұрылымды теңдей дамыту. Айтуынша, пайдалануға берілген дәрігерлік амбулаториялар мен ФАП тек жергілікті деңгейдегі инфрақұрылым нысандарын жетілдіру ғана емес, республикалық маңызы бар стратегиялық бастамалардың бірі. «Мұндағы мақсат – ауылдағы өмірді қаладағы жағдайға барынша жақындату. Соның нақты бір мысалы мына фельдшерлік қосындардың салынып, жабдықталуы. Бұрын қалаға немесе аудан орталығына барып емделетіндер енді сол емді осы жерден қабылдай алады. Оған қажетті аппараттың барлығы алынған. Ауыл адамдарды да қалалықтар сияқты жайлы өмір сүргісі келеді. Сондай жағдайға жеткізу үшін білім беру, медициналық қызмет көрсету сапасын көтеруде мемелекет тарапынан үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл халықты ауылдық жерде тұрақтандыру үшін де маңызды», – деді халық қалаулысы.

    Биыл Жамбыл ауданында 20-дан астам әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілді. Олардың дені осы жылдың соңына дейін толық аяқталып, қолданысқа беріледі деп күтілуде. Оның ішінде денсаулық сақтау саласымен қатар мәдени-спорттық орталықтар, білім және әлеуметтік қолдау бағытындағы нысандар бар.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Қазақ тілін үйретеді

    Қазақ тілін үйретеді

    12 months ago
    Жұмыла көтерген жүк жеңіл

    Жұмыла көтерген жүк жеңіл

    1 year ago
    Татулықты ту еткен

    Татулықты ту еткен

    9 months ago
    Адал қызмет ету – ­ абырой

    Адал қызмет ету – ­ абырой

    6 months ago
    Қаржылық сауатын арттырады

    Қаржылық сауатын арттырады

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>