⛅
-20°C
Қонаев
Сенбі, Қаңтар 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Қызмет сапасы артады

    25.07.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Қызмет сапасы артады
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

           Отандық денсаулық сақтау саласының дамуына ауылдық дәрігерлік амбулатория  ұжымдары да өз үлестерін қосуда. Солардың бірі – Қарасай ауданының Әйтей ауылындағы дәрігерлік амбулатория.  Медициналық мекеме ғимараты ескі әрі тар болғанымен, ұжым жергілікті тұрғындарға уақытылы әрі сапалы қызмет көрсетіп келеді.

    Әйтей ауылдық амбулаториясының меңгерушісі Азамат Ықыласовтың айтуынша, бұл мекемеге Үштерек ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункті де қарайды . Жалпы тіркелген халық саны – 11 500 адам. Екі медициналық мекемеде барлығы 7 дәрігер мен 21 медбике еңбек етуде. Сонымен қатар Әйтей амбулаториясына «Өмірұзақ» тұрғын үй кешенінің және «Арай» саяжайлар қауымдастығының тұрғындары да тіркелген.

    – Қуаныштысы – Үштерек ауылында 50 орынды жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүргізіліп жатыр, – дейді меңгеруші. – Нысанның жобалық-сметалық құны – 618,2 миллион теңге. Құрылыс жұмысына «Бауыр Құрылыс Компаниясы» ЖШС жауапты. 1969 жылы салынған ескі амбулатория орнына  жаңа  екі қабатты ғимарат бой көтеруде. Бұрынғы ғимарат 1500 адамға есептелген болатын, алайда бүгінде медициналық қызметті 5000-нан астам ауыл тұрғыны қажет етеді. Сондықтан жаңа нысан пайдалануға берілген соң, қызмет көрсету жағдайы жақсарып, соған сәйкес медициналық қызмет сапасы да артады деп күтілуде.

    Ал Әйтей ауылындағы амбулатория ғимараты 1989 жылы салынған. Құрылысы берік болғандықтан, бұл жерде қайта жаңғырту жұмысы жүргізілуде.

    Тағы бір айта кетерлігі, биылғы мамыр айында Қарасай аудандық көпсалалы клиникалық орталық ауруханасының директоры Алмат Чормановтың бастамасымен осы амбулаторияға және тағы тоғыз ауылдық дәрігерлік амбулаторияға Chevrolet Cobalt автокөліктері берілген болатын. Бүгінде жаңа қызметтік көлік ұжым мен ауыл тұрғындарына қызмет етуде.

    Азамат Мұратұлының айтуынша, соңғы екі жарым жыл бойы науқастарға бару үшін жүргізуші Төрехан Тұрғынбаев пен дәрігерлер жеке көліктерін пайдалануға мәжбүр болған. Енді жаңа Chevrolet Cobalt автокөлігі жедел жәрдемнің төртінші санатындағы шақыртуларға баруға, сондай-ақ қажетті дәрі-дәрмектерді, талдауларды, құжаттарды Қаскелеңге немесе Алматы қаласындағы медициналық мекемелерге жеткізуге қолданылады. Мұның бәрі ауыл халқының медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға өз әсерін тигізуде. Дегенмен, ұжым қолданыстағы ғимаратты қайта жаңғырту арқылы тұрғындарды әлдеқайда жайлы жағдайда қабылдайтын күнді асыға күтуде.

    Қуат Қайранбаев

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Айтыста топ жарды

    Айтыста топ жарды

    1 year ago
    Сәтбаев университеті студенттері зертханалық сынамалар жүргізуге қатысты

    Сәтбаев университеті студенттері зертханалық сынамалар жүргізуге қатысты

    2 years ago
    Ел экономикасына елеулі өзгеріс керек

    Ел экономикасына елеулі өзгеріс керек

    2 years ago
    Егіз сарбаздар: Ұлттық ұланда биыл екінші рет ерекше оқиға тіркелді

    Егіз сарбаздар: Ұлттық ұланда биыл екінші рет ерекше оқиға тіркелді

    4 weeks ago
    Ауыл медицинасында маман тапшы

    Ауыл медицинасында маман тапшы

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>