⛅
20°C
Қонаев
Жексенбі, Қыркүйек 14, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Аманат хат табысталды

    28.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Тарих
    Аманат хат табысталды
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

           Жеңістің 80 жылдығы мен Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен бастау алған «Ардагер өсиеті» республикалық жастар марафоны Алматы облысына жетті. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен болған бұл рухани эстафетаның мақсаты – жастарды ұлттық құндылықтарға баулу, дәстүрлі өнерге деген құрметті арттыру, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, тарих пен ата-баба ерлігіне құрмет көрсету. Қонаев қалалық Ардагерлер саябағында облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткенге тағзым, келер ұрпаққа өнеге болатын салтанатты шараға облыстық басқармалардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, ардагерлер, жастар  мен еріктілер қатысты.

    Жиынды ашқан жастар саясаты басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ләззат Мырзабекова Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйытқы болуымен Ақтөбе қаласынан басталып, еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерін аралап, Қонаев қаласына келіп отырған «Ардагер өсиеті» республикалық жастар эстафетасының жастар үшін рухани маңызын атап өтті. Ләззат Оразбекқызы ұрпақтар сабақтастығын терең сезіндіретін тағылымды шараның бабалар аманатын арқалаған жастардың  бойына отансүйгіштік рухты сіңіруге үлес қосып, тарихи жауапкершілігін арттыруға септігін тигізетінін жеткізді. Сондай-ақ бұл хаттың жәй қағаз емес, халықтың амандығы мен болашаққа деген сенімінің, ел мен жерге деген махаббаттың, Отан үшін от кешкен ардагерлерге деген құрметтің, өткенді ұмытпай, болашаққа үмітпен қараудың белгісі екенін баса айтты.

    Келесі кезекте  қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Базарбай Оралбаев пен Қонаев қаласының Құрметті азаматы Қанат Жақыпов батыр бабалардың  рухына тағзым ету бүгінгі ұрпақтың парызы екенін қаперге салып, жастарды елге қызмет етуге, тарихты ұмытпауға шақырды.

    Осынау тарихи сәтте сөз алған Алматы қаласы Наурызбай ауданының қауымдастық орталығының басшысы Ермұхаммед Палмағанбетов «Ардагерлер өсиеті» хатын Ләззат Мырзабековаға салтанатты түрде табыстады. Облыстық жастар ресурстық орталығы ұйымдастыру бөлімінің маманы Аяулым Сәрсенбаева соғыс ардагерлері атынан арнайы жазылған бұл өсиет хатты көпшілікке оқып берді. Аманат хатта Отанды сүю, елге адал қызмет ету, тәрбие мен ұлттық құндылықтарға байланысты терең ойлар,  ата-ананы қадірлеу және білім алуға ұмтылу жайында ақыл-кеңестер жазылыпты.

    Салтанатты шара барысында жиналған қауым Даңқ мемориалы ескерткішіне гүл себеттерін қойып, Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан боздақтар рухына тағзым жасады. Алматы облысы ендігі кезекте марафон эстафетасын Жетісу облысына жолдады.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Ішімдікті заңсыз саудалағандарға айыппұл салынды

    Әкімдік сауда жасау тәртібін түсіндірді

    7 months ago
    Әкімдер сайланды

    Әкімдер сайланды

    2 years ago
    Алматы облысында тексеруден соң газ бағасы арзандады

    Алматы облысында тексеруден соң газ бағасы арзандады

    2 years ago
    “Адалдық жолынан аттама”

    “Адалдық жолынан аттама”

    2 years ago
    Маймыл шешегі қалай жұғады – дәрігер жауабы

    Маймыл шешегі қалай жұғады – дәрігер жауабы

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>