⛅
-3°C
Қонаев
Сәрсенбі, Желтоқсан 24, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Өрт сөндіру депосы салынуда

    28.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Төтенше жағдай
    Өрт сөндіру депосы салынуда
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

           Қарасай ауданында жаңа өрт сөндіру депосының құрылысы басталды. Облыстық құрылыс басқармасының тапсырмасымен салынып жатқан нысан келер жылы қолданысқа берілмек.

    Қарасай ауданы – ауқымы үлкен және халық саны тығыз орналасқан өңір. Бүгінде мұнда тұрғын саны 350 мыңнан асады. Ал адам көп шоғырланған жерде өзге оқыс оқиғалармен қатар өртпен байланысты жағдайлардың жиілейтіні анық. Әрине ауданда оқыс жағдайларды жою бағытында жергілікті төтенше жағдайлар қызметімен қатар №5 өрт сөндірушілер бөлімшесі жұмыс істейді. Онда 44 құтқарушы бар. Олардың барлығы – өз ісін білетін, жүктелген қызметті бұлжытпай тиянақты орындайтын мамандар. Техника жағына келсек, бөлімше өрт сөндіруге арналған арнайы және қосалқы, жалпы 10 көлікпен қамтамасыз етілген. Алайда бұл халық саны кейбір облыстарға қарағанда көбірек Қарасай ауданы үшін жеткіліксіз деуге болады.

    Осыған байланысты соңғы бірнеше жылда төтеншеліктердің қатарын көбейтіп, жаңа бөлімше салу қажеттігі айтылып келген еді. Бірақ бастапқы кезде ол үшін тиісті жер телімін табу мәселесі туындады. Уақыт өте келе ауданға қарасты Жібек жолы ауылдық округі аумағынан 1,3 га жер учаскесі бөлінді. Мұнан соң жобаның құжаттарын жасау мен құрылыс жұмысын бастау үшін қаражат болмады. Осылайша бұл бастама біразға дейін тек жиындар мен кездесулерде көтерілетін мәселе ретінде ғана айтылып жүрді. Десе де биыл ол да өз шешімін тауып, қарасайлық өрт сөндірушілерге арналған қосалқы ғимараттың құрылысы басталды. Оған жауапты мердігер компания – «MIR-A Construction» ЖШС. Бөлінген қаражат соммасы – 851 млн теңге.

    Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан жұмыс қарқыны жаман емес. Құрылысшылар учаске аумағын тегістеп, негізгі ғимараттың темірден жасалған бағандарын орнатуда. Сонымен қатар аумақ абаттандырылуда. Ғимаратты жылытуға қажет қазандықтың іргетасы жасалып біткен. Ал болашақ мекемеге қажет бақылау-өткізу пунктінің іргетасы әлі қалануда. Жоспар бойынша орнатылатын стадионның қоршау жұмысы аяқталуға жақын.

    Жаңа заманауи үлгімен салынып жатқан нысанда өрт сөндірушілердің тәулік бойы жұмыс істеуіне, дайындық жүргізуіне және тынығуына қолайлы жағдай жасалып, қажетті жабдықтармен және мүлікпен жабдықталатын болады. Мұнда өзге деполардағы секілді диспетчерлік бөлме, оқу сыныбы, демалыс бөлмелері және ас үй, өрт сөндіруге арналған техника орналасатын жер қарастырылған. Сондай-ақ жаттығуларға арналған стадионда да болады.

    Жүргізіліп жатқан құрылыс қарқыны қалыпты, қажетті қаражат уақытылы беріліп тұрса, онда 2026 жылдың қаңтар айында нысан толығымен аяқталып, пайдалануға берілмек.

    Жалпы осындай заманауи өрт сөндіру деполары алдағы уақытта көптеп салынса деген ұсыныс бар. Бұл өңірдегі өртке қарсы қызметтің дайындық деңгейін және тиімділігін арттыруға, сондай-ақ қызметкерлерге лайықты еңбек жағдайларын жасауға бағытталған маңызды қадам болмақ.

    Ақтоты МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Жаңа цех іске қосылды

    Жаңа цех іске қосылды

    9 months ago
    Елордада Алматы облысы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

    Елордада Алматы облысы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

    2 years ago
    Қазақстандық ескекшілер Азия ойындарының жеңімпазы атанды

    Қазақстандық ескекшілер Азия ойындарының жеңімпазы атанды

    2 years ago
    Аймақ дамуына серпін береді

    Аймақ дамуына серпін береді

    11 months ago
    Жаңа дәуірдің жаршыларын дайындаудамыз

    Жаңа дәуірдің жаршыларын дайындаудамыз

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>