☀️
7°C
Қонаев
Сенбі, Сәуір 18, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Ауыл шаруашылығы

    Дала төсінде қызу еңбек

    05.08.2025
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Дала төсінде қызу еңбек
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

         Ерте көктемнен кетпен-күректерін қолға алып, егін егу жұмысына білек сыбана кіріскен диқандардың ала жаздай төккен терлерінің өтелетін уақыты да келіп жетті. Олай дейтініміз, шілде айы басталғалы арпа-бидай ору жұмысы жанданып, дала төсінде еңбек көрігі қызып жатыр.

    Аграрлы Балқаш ауданындағы егін шаруашылығының тасын өрге дөңгелетіп жүрген диқандар қауымы бұл күнді тағатсыздана күткені жасырын емес. Балаша баптаған дәнді дақылдардың өсіп-жетілуін жіті қадағалаған олардың бар арманы – егін орағын уақытылы жүргізіп, дәнді ысырапсыз жинап алу. Бұл жауапты науқанда атқарылатын жүйелі жұмыс аудан әкімінің тікелей назарында тұр. Сондықтан болар, осы салаға жауапты мамандардың егіс алқабында атқарылып жатқан жұмыстарға бейжай қарамайтыны.
    Ауыл шаруашылығы саласы мамандарының мәліметіне сүйенсек, аудан бойынша биыл 16124,1 гектар суармалы жерге егін егілсе, оның 5066 гектары арпа-бидайға және 500 гектары сұлыға, ал 7000 гектары күріш дақылдарына арналған. Бүгінгі таңда аудан диқандары арпа-бидай орағының 510 гектарын бастырып үлгерген.
    Ерте тұрып, кеш жатып, күні бойы дала төсінде күннің аптап ыстығына қарамастан, егін орағын дамылдатып, бар күш-жігерін жұмсап, жауапты науқанды қарқынды жүргізіп жатқан шаруашылықтардың бірі – Ақдала ауылдық округіне қарасты «Марат» шаруа қожалығы. Біз аталмыш шаруашылықтың егіс алқабына арнайы атбасын бұрғанымызда, ол жерде бөлімше басшысы Нұркен Пұшанов, механизаторлар Әлихан Көшербаев пен Ғалым Қоржынбаев қожалыққа тиесілі 90 гектар суармалы жерге егілген бидай дақылының әр гектарынан 18 центнерден өнім алу жоспарын қызу талқылап тұр екен. Аталмыш шаруашылық бүгінгі таңда егілген бидайдың 90 пайызын бастырып үлгерген. Олар бидай орағын сапалы атқару мақсатында бір «MacDon» және бір «Claas Trion 730» комбайндарын, сонымен қатар астық тасымалдауға екі «КамАЗ» автокөлігін жұмылдырған.
    Аталмыш шаруашылықтың бар жұмысын ойдағыдай атқарып, өз жұмысын бес саусақтай меңгерген бөлімше басшысы бидай алқабынан шыққан сәтте бізге жол сілтеп, 120 гектар жерге егілген күріш дақылын көрсетті.
    Иә, мақтанарлық шаруа атқарылып жатқаны көрініп-ақ тұр. Өйткені шалқыған суды бойлай өскен ақ күмістей астық жайқалып, самал желмен шайқалып, дән қауыздары да ашыла бастаған.
    Әңгіме барысында Нұркен Пұшанов 300 гектар суармалы жерге егілген жоңышқа шөбінің бірінші оралымын ойдағыдай аяқтап, 8000 орама шөп бастырып, қысқы мал азығын дайындап қойғанын және 8 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отырғанын айтты.
    Қазіргі таңда аудан диқандары үшін арпа-бидай ору – жауапты науқан. Ал жауапты науқанға білек сыбана кіріскен «Марат» шаруа қожалығы аудан көлемінде көш бастап тұр.
    Егіс алқабындағы қай жұмысты мысалға алсаң да, оңай олжа өңгеріп, қырғын пайдаға шашетектен кенеле бермейтінің хақ. Аса төзімділікті қажет ететін диқандардың жұмысы қаншалықты күрделі болса, олардың несібесі де соншалықты арта түседі.

    Бақтығали ДӘУІТБАЕВ
    Балқаш ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Тазалық – әр азаматтың міндеті
    18.04.2026
    Іле ауданында «Таза Қазақстан» акциясына тұрғындар мен кәсіпорындар жұмылдырылды
    18.04.2026
    Маңызды мәдени нысанның маңы тазартылды 
    18.04.2026
    Алатау қаласында “Таза Қазақстан” акциясы аясында сенбілік өтті
    18.04.2026
    Ұзақ батырдың шоқпары
    18.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>