⚠️ Ауа райы табылмады.
Сенбі, Сәуір 4, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Ауыл шаруашылығы

    Еңбек көрігін қыздырған

    14.08.2025
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Еңбек көрігін қыздырған
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

          Жұмысшы мамандығы иелерінің мәртебесін көтеру, қоғамда еңбек адамының қадірін арттыру, олардың кәсіби біліктілігін шыңдау – бүгінгі күннің басты талабы. Жұмысшылардың атқарған істерін жоғары бағалау да оларға көрсетілген құрметтің бір парасы.

    Балқаш ауданында егін шаруашы­лығының өркендеуіне өзіндік үлесін қосып жүрген жандар бар. Олар – механизаторлар. Олай дейтініміз, механизаторлар егіс алқабында атқарыла­тын барлық жұмыстың сапалы әрі жедел аяқталуы үшін бар күш-жігерін салып, таң атқаннан кеш батқанға дейін дала төсінде жұмыс істейді. Бүгінгі әңгіме кейіпкері де өзінің біліктілігін көрсетіп, дала төсінде жұмыс істеп жүрген азаматтың бірі – Дидар Құлсейітов. Ол Ақдала ауылдық округіне қарасты «Бауыржан-7» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде механизатор болып еңбек етеді.
    Дидар Құлсейітов бүгінгі таңда аталмыш шаруашылықта шөп тиейтін құрылғы орнатылған «МТЗ-80» трак­торын тізгіндеп, қысқы мал азығын дайындау жұмысын жүйелі атқарып жүр. Бала жасынан егіс алқабында еңбек етуге бел буған Дидардың өзінен кейінгі жастар үлгі тұтар қасиеттері жетерлік. Барлық жұмысқа төзімділікпен қараған механизатор әр көктемді сағына күтеді. Өйткені бұл кезеңдерде егіс алқабында қызу еңбек басталады. Ал жаз айлары диқандар үшін тынымсыз еңбек ететін мезгіл. Қоңыр күзде Дидар сынды механизаторлар үшін егіс алқабында атқаратын жұмыс жетерлік. Егін егумен айналысатын шаруашылықтарда механизатор болып жұмыс істеудің қыр-сырын әбден меңгерген әңгіме кейіпкері өзінің жұмысына қашанда тиянақты.
    Тәуелсіз мемлекетіміздің өркендеп, экономикасын арттыру үшін жұмыс­шы мамандығының беделін көтеру керек. Ең алдымен мектептерде кәсіптік бағыт-бағдар беру жүйесін жетілдіріп, техникалық колледждер мен оқу орындарын жаңа технологиямен жабдықтау арқылы біз мамандардың біліктілігін арттырамыз. Сол арқылы еңбек адамын қадірлейтін, шын мәніндегі дамыған қоғам құра аламыз.
    Жұмысшы мамандық иелеріне қашанда құрметпен қарағанымыз абзал. Себебі жұмысшы мамандық иелері адал еңбектің, маңдай термен тапқан нанның қадірін біледі.

    Бақтығали ДӘУІТБАЕВ
    Балқаш ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    600 доп, күш шоуы және болашақ чемпиондар: Қонаевта тарихи дода басталды
    04.04.2026
    Қонаевта 700 түп ағаш отырғызылды
    04.04.2026
    Аналар қуанышы ортаймасын!
    04.04.2026
    Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын ілгерілету және насихаттау жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті
    04.04.2026
    Казахстан, Кыргызстан, Туркменистан и Молдова названы самыми безопасными странами
    04.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>