⛅
-22°C
Қонаев
Сенбі, Қаңтар 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    Асауды ауыздықтаған

    16.08.2025
    in Ауыл тынысы, Барлық жаңалықтар
    Асауды ауыздықтаған
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

          Жер тарпыған тұлпардың тізгінін тартып, жуасытқан қазақтың ұлдарын талай көргенбіз. Ал бірақ асауды ауыздықтаған қайсар қыздарды сирек кездестіреміз. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Гүлдана – сондай ержүрек жанның бірі.

    Жуырда жолымыз Шалкөде жайлауына түсті. Жұбайымның ескі танысы Дархан есімді жігіттің үйіне қонақ болып түстік. Есік алдында малды жайғап, ас-су дайын­дап, елпек қағып жүрген қызды көрдік. Әңгімеден әңгіме өрбіп, сол қыздың батырлығын естіп, таңдай қақтық. Бала кезінен мал соңында жүрген Дархан есейе келе осы кәсіпті нәсіп етеді. Құдай қосқан қосағы Әйгеріммен бірге жаз жайлау, қыс қыстау қонып, атакәсіпті дамытады. Қыздары Гүлдана да титтейінен жандарынан бір елі қалмай, малға жақын болып өседі. Бес жасында атқа отырады. Міне, сол күннен бастап, Гүлдананың жылқы малына деген ерекше мейірімі оянады. Тұлпар көрсе, мінбей тыныш таппайды екен. Өсе келе ат құлағында ойнайды. Ол былай тұрсын, ептілігі мен батылдығының арқасында асауды ауыздықтайтын болған.
    Ұйғыр ауданы Кетпен ауылындағы М.Жалилов атындағы орта мектептің 7-сыныбына көшкен Гүлдана небәрі 12 жаста. Бірақ ат баптауда ер азамат­тарды жолда қалдырады. Небір жүген-құрық тимеген асауларды тұсаула. Талай мінезі шорқақ жабағыны тақымдады.
    Қызын қанаттыға қақтырмай, тұмсық­тыға шоқыттырмай мәпелеп отырған әкесі әу бастан-ақ Гүлдананың қалауына ерік беріп, айтқанын екі етпей өсірген. Өзі сынды жылқы малына жақындығына да қуанған. Өткен жылы қызының кішкентайынан бірге өскен аты бәйгеде жарақат алып қалады. Гүлдана неше күн көңілсіз жүріп алған соң, әкесі Жамбыл ауданына барып, тағы бір бәйге атын арнайы сатып алып келеді. «Көкойнақ» атты тұлпарды Гүлдана өзі үйретіп, тақымына басқан.
    «Жылқы малы жаныма өте жақын. Бастысы, оны мінерде қорыққаныңды сездірмеуің керек. Өте сезімтал жануар ғой. Сондықтан үстіндегі адамның әлсіздігін бірден біледі. Тақымың қатты, тізгінді мықты ұстасаң болғаны», – деп шабандоз қыз асауды ауыздықтаудағы ойымен бөлісті. Алдағы уақытта бәйгеге қатысуды да жоспарлап қойыпты. Ашылып сөйлей бермейтін, тек ісімен ғана бар өнерін көрсететін Гүлдананың тағы бір қыры бие сауғанды ұнатады. Шынашақтай қыздың ересектер айылын тартатын іске ер азаматша кіріскеніне ерекше тәнті болдық. Әрі тіл-көзден Жаратқанның сақтауын сұрадық.

    Анар Дүйсенбайқызы

    Ұйғыр ауданы

    Ұсынымдар

    Халықтың ынтасы айрықша

    Халықтың ынтасы айрықша

    3 years ago
    Мәдениет майталмандары марапатталды

    Мәдениет майталмандары марапатталды

    1 year ago
    Жаңа мектеп – жарқын болашақ кепілі

    Жаңа мектеп – жарқын болашақ кепілі

    7 months ago
    Тоғызқұмалақ ойнайтындар көбейді

    Тоғызқұмалақ ойнайтындар көбейді

    12 months ago

    Қапшағай жағасы қоқыстан тазартылды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>