🌫️
-2°C
Қонаев
Жексенбі, Желтоқсан 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тоғанды балыққа толтырған

    26.08.2025
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Тоғанды балыққа толтырған
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         1940 жылдың 24 сәуірінде Олжаевтар әулеті қуанышқа кенелді. Дәл сол күні Суханның шаңырағында шекесі торсықтай ұл дүниеге келді. Ата-анасы сәбиіне азан шақырып, Кеңес деп ат қояды. Сол Кеңес кешегі Кеңес одағы кезінде республикадағы жоғары білімді балық өсіру мамандарының бірі әрі бірегейі болды.

    Кеңес Суханұлы биыл тірі болса 85 жасқа толар еді. Ерен еңбегінің арқасында Қазақстандағы балық шаруашылығының білікті маманы атанған азаматтың өнегелі өмір жолы ел аузында. Әсіресе, Шелек өңірінің тұрғындары үшін есімі ерекше есте қалды.
    Ол Қазақ мемлекеттік универ­ситетінің биология факультетінде ихтиолог-балық өсіруші мамандығы бойынша білім алды. Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы Арал теңізіне жақын «Қызылту» ұжымшарында туып-өскен Кеңесті тағдыр өзі иіп әкеліп, балықшылық кәсіптің арнасына түсірді де жіберді. 1964 жылы жолдамамен алғашқы еңбек жолын Шелек тоған балық өсіру шаруашылығында бастайды.
    Ол шаруашылықты қабылдап алған кезде, қағаз жүзіндегі сұлбасы ғана болатын. Су ағатын арналар тазаланбаған. Техникалар ескірген. Жұмысшылардың да жағдайы мәз емес. Жетістікке жету үшін кәнігі кәсіп иелерінен команда жасақтау қажет болды. Қыруар шаруаны игеруге де тәжірибелі балықшылар керек. Бұл туралы Кеңес Суханов «Тоған байлығы» атты кітабында: «Енді бізге тұрақты жұмыс істейтін, балық шаруашылығына шын берілген, оны кәсіп деп қарайтын маман балықшылар қажет болды. Өйтпеген күнде осыншама көлемдегі жерге балық өсіру мүмкін емес еді. Осыған орай балықшыны балығы бар жерден іздеуге Қазақ КСР Балық шаруашылығы министрлігінен рұқсат алдым», – деп жазған екен.
    Осы ойын іске асыру үшін Қызылордадағы «Бөген» балық аулау базасына барып, басшыларымен, балықшылармен кездесіп, келген шаруасын мәлімдейді. Ең алдымен Социалистік Еңбек Ері Төлеген Әлімбетов: «Арал теңізінің толқынында тербеліп өскен адам едім. Аралдың бір кездегі тайдай тулаған сазаны, күмістей жылтылдаған табаны, ақ шағаладай жарқылдаған ақ балықтары мен ақ марқалары жойылып барады. Сол себептен де болашақта сол балықтарды қолдан өсіру кең өріс алуы керек деп ойлаймын. «Қармақшының көзі қалтқыда» дегендей, біздің көзіміз балықта. Балықсыз өмір сүре алмаймыз», – деп Кеңеске қолдау көрсетеді. Бұл туралы ол кітабында: «Сол-ақ екен, біртіндеп Шелекке баратындар көбейе түсті. Осы жолы Аралдан 10 отбасын көшіріп әкелдім», – деп еске алады.
    1976 жылы көшіп келгені бар, жергілікті балықшылар бар, Қапшағайдан жылына 400-500 тонна балық аулауға қол жеткізеді. Сонымен қатар әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары да шетінен шешіліп, екі пәтерлі 12 үй, балабақша, дүкен, монша салынып, орталық қазандық іске қосылып, су құбырлары тартыл­ған. Тоған жұмысшыларының айлық жалақылары көтеріліп, жыл қоры­тындысында ақшалай сыйақыға ие болады.
    Кеңес Суханов 1980 жылы Ленинградта өткен халықаралық «Ипрыбпром–80» көрмесінде уылдырықты шелден айыру тәсілін ұсынды. Бұл зерттеуші ғалымдармен бірігіп жасалған жаңалықтардың бірі болғандықтан, тез қолдау тапты. Еңбекқорлығы, жауапкершілігі, бастаған ісін аяғына дейін тыңғылықты орындау қабілетінің арқасында 300 млн ұрық беретін инкубация цехы ашылып, жасанды тоғандар көбейеді. Қапшағай көлінен балық аулау көлемі ұлғайтылды. Сонымен қатар зерттеу институттарымен бірлесіп селекция жасау, балықтардың тез өсіп-жетілетін, жергілікті климатқа төзімді түрлерін өсіру жұмыстарымен де айналысты. Соның нәтижесінде 1980 жылдары тоған шаруашылығы жылына 1500-1800 тонна өнім өндіруге қол жеткізді. Республикадағы ең алдыңғы қатарлы шаруашылық болып есептелді.
    Кеңес Суханов осы жетістіктері үшін Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің Құрмет грамотасын алады. «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген балық өсірушісі» атағына қол жеткізеді. Бірнеше дүркін Шелек аудандық кеңесінің депутаты болып сайланды.
    Балық шаруашылығы министр­лігінде, Балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында және Алматы тоған шаруашылығында бес жылдай қажырлы жұмыс атқарғанда да, ол алғашқы еңбек жолы басталған ұжымын ұмытқан емес. Сондықтан болар, 1991 жылы Шелек балық комбинатына қайтадан директор болып тағайындалады. Шаруашылық өтпелі ауыр кезеңді бастан өткізді. Қоғамда болып жатқан түбегейлі өзгерістерге бейімделіп, шаруашылық аты мен басқару жүйесі де өзгерді.
    Зайыбы Күлсара Орынбаева Қазақ қыздар педагогикалық институтында қызмет атқарған. Қазір ол кісі де бақилық болған. Ұрпақтары өсіп-өнуде. Ұлы Руслан, қыздары Жанар мен Аида – бәрі жоғары білімді, өз ортасына танымал азаматтар, бала-шағалы болған өнегелі отбасы.
    Атпал азамат арамыздан өтсе де, өнегелі істері ұрпаққа үлгі. Еңбектің ерен үлгісін көрсеткен Кеңес Сухановтың есімі ел есінде сақталады.

    Анарбек БЕРДІБАЕВ
    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Ассамблея – Бірлік бастауы

    Ассамблея – Бірлік бастауы

    3 months ago
    Премьер-министр: Алматы мен Атырау облыстарында негізгі макроэкономикалық өсім төмен

    Әлеуетті аймақтан қуатты елге

    2 years ago
    МЕН КӨКТЕМДІ КҮТЕМІН!..

    МЕН КӨКТЕМДІ КҮТЕМІН!..

    10 months ago
    Жаңару символы – саяси реформалар діңгегі

    Жаңару символы – саяси реформалар діңгегі

    9 months ago
    Институциональное укрепление экономической повестки ШОС

    Институциональное укрепление экономической повестки ШОС

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>