⛅
25°C
Қонаев
Жұма, Сәуір 3, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында 2 мыңға жуық тұрғыны бар ауылда фельдшерлік пункт ашылды

    28.08.2025
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Алматы облысында 2 мыңға жуық тұрғыны бар ауылда фельдшерлік пункт ашылды
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

    Енді ауыл тұрғындары алғашқы медициналық көмекті өз ауылынан-ақ ала алады

    Іле ауданына қарасты Көктерек ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Бұған дейін ауыл жұрты қарапайым тексерулер үшін аудан орталығына баруға мәжбүр болса, енді алғашқы медициналық көмекті өз ауылынан-ақ ала алады.

    Нысан ҚР Конституциясының 30 жылдығы қарсаңында пайдалануға беріліп, «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында салынды. Құрылысына мемлекетке қайтарылған заңсыз активтерден 263 миллион теңге бөлінген.

    Аудан әкімі Қайыржан Жақсымбетовтың айтуынша, жалпы аумағы 70 сотық жерге салынған 264 шаршы метрді құрайтын жаңа ғимарат бір мезетте 40 адамға дейін қабылдауға мүмкіндік береді.

    «Бұл фельдшерлік-акушерлік пункт – ауыл тұрғындары үшін қолжетімді әрі сапалы медициналық көмектің кепілі. Ғимарат заманауи жабдықтармен толық қамтылған. Мұнда алғашқы қабылдау, жүкті әйелдерге арналған арнайы кабинет, егу және процедуралық бөлмелер қарастырылған. Ғимаратқа ауыз су құбыры мен кәріз жүйелері тартылған. Алдағы уақытта ауданда осындай тағы екі медициналық пункт ашу жоспарланып отыр», – дейді Қайыржан Жақсымбетов.

    «AMANAT» партиясының өкілдері бұл жобаны ауылдағы денсаулық сақтау сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам деп отыр. Өйткені енді тұрғындар дәрігерге қаралу үшін аудан орталығына сабылмайды.

    «Анализ тапсыру үшін енді аудан орталығына барудың қажеті жоқ. Тіпті қажет болған жағдайда қаладағы ауруханаларға жолдама беріледі. Бұл – партияның ауылдарда медициналық көмекті жақындату бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі», – деді «AMANAT» партиясы Іле аудандық филиалының төрағасы Алмасбек Сатибаев.

    Бұл жобаның тағы бір ерекшелігі – оның қаржыландыру көзі. Жаңа медициналық пункттің құрылысына мемлекетке қайтарылған заңсыз активтерден бөлінген қаражат жұмсалды. Іле ауданының прокуроры Бауыржан Тулендиновтың айтуынша, мұндай бастама – заң үстемдігі мен әлеуметтік әділеттіліктің нақты көрінісі.

    «Өңірде заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сол қаражат есебінен халыққа қажетті әлеуметтік нысандар салынуда. Бүгін қолданысқа берілген бұл медициналық пункт – соның нақты дәлелі. Қазіргі таңда облыста осындай 22 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Көктерек ауылының тұрғындары енді медициналық көмекті өз ауылынан ала алады», – деді ол.

    Айта кетейік, биыл Алматы облысында партияның сайлауалды бағдарламасы аясында 15 дәрігерлік амбулатория, 12 фельдшерлік-акушерлік пункт және 11 медициналық пункт салу жоспарланған.

    Сонымен қатар, ауылдарға жас мамандарды тарту үшін де нақты шаралар қолға алынған. «AMANAT» партиясының бастамасымен аса тапшы мамандық иелеріне 8,5 миллион теңге көлемінде бір реттік төлем қарастырылған. Шарт бойынша дәрігерлер кемінде бес жыл ауылда қызмет етуге міндетті.

    Соңғы жаңалықтар

    Сөз – даналықтың діңгегі…
    03.04.2026
    Лудомания – ғасыр дерті
    03.04.2026
    ТҰРАН ОДАҒЫ
    03.04.2026
    Білімді ұрпақ – ел мерейі
    03.04.2026
    «Серпін» сенім ұялатады
    03.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>