⛅
14°C
Қонаев
Жексенбі, Қыркүйек 14, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мәскеуде Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған концерт өтті

    10.09.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Мерейтой
    Мәскеуде Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған концерт өтті
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Мәскеудің «Геликон-опера» музыкалық театрында қазақтың ұлы композиторы, дирижері, КСРО халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Әлқисса» концерті ұйымдастырылды.

    Іс-шараға көрермендер көп жиналып, концерт ұзаққа созылған ыстық ықылас пен зор қошеметке бөленді. Бұл кеш ЮНЕСКО-ның мерейтойлық даталар күнтізбесіне енгізілген композитордың 100 жылдығына арналған халықаралық бағдарламаның бір бөлігі болды.

    Кеш барысында Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Абаев сөз сөйлеп, Нұрғиса Тілендиевтің тек композитор ғана емес, ойшыл болғанын атап өтті.

    «Ол қобыз бен домбыраның көне күйлері мен заманауи симфониялық формалардың арасын жалғаған алтын көпір болды. Оның музыкасы – ғасырлар үнқатысы. Онда дала әуендері, қаһармандық сарындар, фольклорлық әуендер мен академиялық мектеп үйлесім тапқан. Оның шығармашылығы халқымыз үшін жады мен болмысты сақтаудың, рухани қуатты нығайтудың жолы», – деді ол.

    Көрермендердің ерекше ықыласына композитордың қызы, дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Дінзухра Тілендиеваның орындауы ие болды.

    «Москва – әкеме жат қала емес. Ол осында Николай Аносовтан тәлім алып, Үлкен театрда тағылымдамадан өткен. Сондықтан біз бұл концертке үлкен дайындықпен келдік. Әкемнің атын ұлықтап, мерейтойлық жылда осы сахнада өнер көрсету – мен үшін зор мәртебе», – деді ол.

    Сонымен қатар, театр фойесінде Жамбыл Жабаев атындағы Әдеби-мемориалдық музей қорынан әкелінген жәдігерлер көрмесі ұйымдастырылды. Музей директоры, ұлы ақынның немересі Салтанат Жамбылова 1936 жылы дәл осы Мәскеуде Жамбыл бүкілодақтық танымалдылыққа ие болғанын еске салды.

    Мерейтойлық кешті Алматы облысының әкімдігі мен Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі ұйымдастырды. Елшілік өкілдерінің айтуынша, концерт пен көрме Мәскеу жұртшылығына қазақ мәдениетінің бай мұрасын танытып, ерекше әсер қалдырды.

    Ұсынымдар

    Қонаев әкімі газ тартудың неге бәсеңдеп қалғанын түсіндірді

    Қонаев әкімі газ тартудың неге бәсеңдеп қалғанын түсіндірді

    2 years ago
    Қазақ метросының қара нары

    Қазақ метросының қара нары

    4 months ago
    Талғардағы жасөспірім өліміне қатысты іс қозғалды

    Талғардағы жасөспірім өліміне қатысты іс қозғалды

    11 months ago
    Қоғамдық көлікте қауіпсіздік күшейтілмек

    Қоғамдық көлікте қауіпсіздік күшейтілмек

    2 years ago
    ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША ЕҢ АУҚЫМДЫ СПОРТТЫҚ ЖОБА ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА БАСТАУ АЛДЫ

    ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША ЕҢ АУҚЫМДЫ СПОРТТЫҚ ЖОБА ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА БАСТАУ АЛДЫ

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>