⛅
15°C
Қонаев
Сәрсенбі, Қыркүйек 17, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысында екі жыл бойы АИТВ -ның вертикалды жолмен берілу жағдайлары тіркелмеді

    16.09.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Алматы облысында екі жыл бойы АИТВ -ның вертикалды жолмен берілу жағдайлары тіркелмеді
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Алматы облысы АИТВ-инфекциясына қарсы күресте үлкен қадамдар жасап келеді. Соңғы екі жылда өңірде АИТВ-ның анадан балаға берілуінің бірде-бір жағдайы тіркелмеді.
    Бұл туралы Қонаев қаласында өткен брифингте облыстық ЖИТС орталығының директоры Алмас Масалимов 2025 жылдың 8 айындағы жұмыстың қорытындыларын таныстыруында мәлімдеді.
    Директор ЖИТС орталығының негізгі жетістіктерін атап өтті. Оның сөзінше, балалар сау болып дүниеге келуде. Осы жылдың сегіз айында өңірде АИТВ-мен өмір сүретін 24 әйел босанды. Олардың барлығы толық антиретровирустық профилактика курсынан өтті. Жаңа туған сәбилер де дәл осындай курстан өтті. Нәтижесінде — балалардың 100 %-ы вирустан қорғалды.
    «Заманауи терапияның тиімділігі айқын: АИТВ-мен өмір сүретін және ем қабылдайтын адамдар денсаулықтарын сақтап қана қоймай, вирусты жақындарына да жұқтырмайды», — деп атап өтті Алмас Байқұрмашұлы.
    Бүгінде Алматы облысында АИТВ -мен өмір сүретін шамамен 2 800 адам есепте тұр. Олардың 2 700-і тұрақты түрде терапия қабылдайды — бұл науқастардың 90 %-ын құрайды және көрсеткіш өсуде.
    АИТВ-тен өлім-жітім өте төмен деңгейде қалып отыр —100 мың адамға шаққанда 0,3 %. Сонымен қатар өңірде қосымша ауруларды емдеу жұмыстары күшейтілуде: АИТВ-мен өмір сүретіндер арасында С гепатитін емдеумен қамту бір жыл ішінде төрт еседен астам өсті.
    Негізгі топтар назарда. Өңірде осал топтар арасында алдын-алуға ерекше көңіл бөлінуде: секс-қызметкерлер, еркекпен жыныстық қатынас жасайтын ер адамдар, есірткі қолданатындар және транс-гендерлі тұлғалар. Бүгінде 271 адам байланысқа дейінгі алдын алу қабылдап жүр — ол АИТВ жұқтырудың алдын алуға мүмкіндік беретін дәрі.
    Директордың айтуынша, мұндай нәтижелер денсаулық сақтау жүйесінің бірлескен жұмысы мен халықаралық стандарттарға сай терапияның арқасында мүмкін болды.
    «Басты міндет — заманауи профилактика мен емдеу әдістеріне
    халықтың барлық тобы үшін қолжетімділікті кеңейту. Бұл жағдайды бақылауда ұстап қана қоймай, ВИЧ таралуын 2030 жылға дейін тоқтату жөніндегі жаһандық мақсатқа жақындай түсуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті ЖИТС орталығының директоры.

    Самал Кеңшілікқызы
    ШЖҚ «Алматы облыстық ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» КМК, ұйымдастыру-әдістемелік бөлім меңгерушісі

    Ұсынымдар

    Бюджет Қаржысы

    Бюджет Қаржысы

    11 months ago
    Жайылымды жайлаған қара құрт

    Жайылымды жайлаған қара құрт

    1 year ago
    Су айдындарын қорғаудағы 25 жыл: Айдархан Мырзалының өмір жолы

    Су айдындарын қорғаудағы 25 жыл: Айдархан Мырзалының өмір жолы

    2 months ago
    Алматы облысында туризм қалай дамып жатыр?

    Алматы облысында туризм қалай дамып жатыр?

    7 months ago
    Спорт шеберлері дауыс берді

    Спорт шеберлері дауыс берді

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>