[um_weather city="Қонаев"]
Дүйсенбі, Қаңтар 26, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Аймақ дамуына жол ашады

    24.09.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәслихат
    Аймақ дамуына жол ашады
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

       Облыстық әкімдіктің мәжіліс залында мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Әсет Масабаев, облыстық басқарма басшылары мен халық қалаулылары қатысты. Күн тәртібіне енгізілген 10 мәселенің алғашқы төртеуі ашық талқыланып, қалғандары депутаттардың өз ішінде қаралды.

    Сессия жұмысын ашып, жүргізген облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев қаралатын алғашқы мәселе өңірдегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы жайында екенін айтса, бұл жөнінде облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Асылан Ораз баяндама жасады. Аймақ дамуының өзегі саналатын жобалар жайын тарқатқан Асылан Саматұлының айтуынша, қазіргі таңда облыс көлемінде жалпы құны 84,8 млрд теңгеден асатын 57 жоба жүзеге асырылып жатыр. Соның ішінде 23 жоба мемлекеттік міндеттемелерді қамтыса, 34-і жеке серіктестердің қаражаты есебінен іске асырылуда. Жобалар негізінен білім беру, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, денсаулық сақтау, спорт және сандық технология салаларын қамтиды. Ол өз сөзінде:
    – 198 гектар аумақты құрайтын «Қайрат» индустриялық аймағында 104,2 млрд теңге инвестиция тартылып, 2 500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды. Қонаев қаласындағы кәріз суларын тазарту кешені мен Еңбекшіқазақ ауданындағы блокты-модульді қазандықтар құрылысы да өңір үшін маңызды жобалар қатарында. Сонымен қатар, Іле ауданында балаларға арналған «Атқыштар клубы» спорт мектебін құру және облыс аумағында «Сергек» камераларын орнату жобалары қолдау тапты, – деді.
    Келесі кезекте Алатау қаласының инженерлік инфрақұрылымы бекітілді. Алатау қаласы аумағының қала құрылысы мен инженерлік желілерін жоспарлаудың кешенді схемаларын бекіту жайында облыстық энергетика және сумен жабдықтау басқармасы басшысының орынбасары Рақыш Байжұматов баяндама жасады. Рақыш Абдрахымұлы Алатау қаласының Бас жоспары ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 9 қыркүйектегі №727 қаулысымен бекітілгенін жеткізіп, 1,9 млн тұрғыны және 1 млн жұмыс орны болатын жаңа қала заманауи талаптарға сай, «Ақылды қала» тұжырымдамасымен дамитынын айтты. Ол өз сөзінде:
    – Жоспарда қаланың жылу, электр, газ, су және кәріз жүйелері толық қамтылып, заманауи технологиялар қолданылатын инфрақұрылым нысандары айқындалған. 2050 жылға дейін қала инфрақұрылымын дамытуға 10 трлн теңгеге жуық инвестиция қарастырылған, – деп жаңа қаланың инфрақұрылымын жүйелі дамытуға арналған презентациясын көрсетті.
    Сессия жұмысында келесі талқы­ланған тақырып облыс орталығы Қонаев қаласындағы көшелерге тарихи тұлғалардың есімін беру жөнінде облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрмаман Оқас баяндама жасады.
    – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев соғыс қаһармандарының есімдерін мәңгі есте қалдырудың маңыздылығын атап өткені белгілі. Осыған орай, Қонаев қаласында Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне 6 көшеге жаңа атау беру ұсынысы қолдау тапты, – деп бұл бастама республикалық ономастикалық комиссияның келісімімен мақұлданғанын тілге тиек етті.
    Соңғы мәселе ретінде облысы­мыздың өркендеуіне елеулі еңбегі сіңген жандарға «Құрметті азамат» атағын беру жайы бекітілді. Бұған қатысты ақпарат алдын ала қаралғандықтан, депутаттар бірауыздан қолдады.
    Сессияны қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Әсет Масабаев қабылданған шешімдердің маңызына тоқталды. Ол аймақтың стратегиялық даму бағытын жүзеге асыруда әрбір жобаның уақытылы әрі сапалы орындалуы басты шарт екенін атап өтті. Осылайша, облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей ықпал ететін мәселелермен маңызды бола түсті. Жиында қабылданған шешімдер облыстың инфрақұрылымдық, мәдени және әлеуметтік салаларын дамытуға серпін бермек.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Ұсынымдар

    ҰЗЫНАҒАШ-ОТАР АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ БИЫЛ АЯҚТАЛАДЫ

    ҰЗЫНАҒАШ-ОТАР АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ БИЫЛ АЯҚТАЛАДЫ

    7 months ago
    Парыз бен Борышты арқалап

    Парыз бен Борышты арқалап

    1 year ago
    “Балаларым мен немерелерімнің болашағы үшін дауыс бердім”

    “Балаларым мен немерелерімнің болашағы үшін дауыс бердім”

    3 years ago
    Аймақ айнасы

    Аймақ айнасы

    1 year ago
    Қамыстан қағаз шығармақ

    Қамыстан қағаз шығармақ

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>