☀️
25°C
Қонаев
Сейсенбі, Сәуір 28, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Белсенді өмір – саулық негізі

    04.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Белсенді өмір –  саулық негізі
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

          Есік қаласындағы Алматы облыстық Белсенді ұзақ өмір орталығында «Белсенді ұзақ өмір сүру тәжірибесі мен даму перспективалары» атты TEDx форматында халықаралық форум өтті. Әр саланың ардагерлері, қоғам қайраткерлері мен Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының қызметкерлерін бір алаңға біріктірген жиын барысында қарттардың өмір сапасын арттыру жайы қозғалып, отандық және шетелдік мамандар ойын ортаға салды.

    Егде жастағы азаматтардың денсаулығы мен әлеуметтік белсенділігін арттыруға, осы орайда тәжірибе алмасу мен жаңа шешімдерді іздеуге бағытталған форумға Өзбекстан, Қырғызстанмен қатар еліміздің барлық аймағынан арнайы қонақтар келді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері, әлеуметтік сала басшылары мен мамандары, Алматы облысының Құрметті азаматтары, халықаралық ұйымдар, шетелдік және отандық сарапшылар, ғалымдар, дәрігерлер, геронтопсихологтар, Белсенді ұзақ өмір орталықтарының мамандары қатысып, ой алмасты.
    «Алматы облысы бойынша Белсенді ұзақ өмір орталықтарының саны артып келеді. Бұл – өңірде қарттарға қолайлы орта құруға бағытталған жүйелі жұмыстың айқын көрсеткіші. Бұл орталық – тек мекеме ғана емес, үлкен өмір мектебі. Осы орталықта аға буын өкілдері денсаулығын нығайтып, жаңа дағдыларды меңгеріп, өзара араласып, қоғам өміріне белсене араласуға мүмкіндік алады», – деген облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдрламалар басқармасының басшысы Айгүл Ахметова форум жұмысына сәттілік тіледі.
    Қарияларды қолдауға арналған ұлттық және халықаралық бағдарламалар, белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының қызметі, медицина, технология және ҮЕҰ-дардың рөлі сынды тақырыптар көтеріліп, қарт адамдармен жұмыс істеу тәсілдерін дамыту бағыттары талқыланды. Халықаралық сипатта білім мен тәжірибе алмасуды көздеген форумда қарттарды әлеуметтік қорғау, медицина және басқа да салалардағы сарапшылар арасында белсенді ұзақ өмір сүру тек физикалық денсаулықты сақтау ғана емес, сонымен қатар егде жастағы адамдардың қоғам өміріне қатысуы, олардың әлеуметтік тұрғыда қамтылуын қамтамасыз ету, үздіксіз білім беруді дамыту, волонтерлік және шығармашылықпен айналысу мүмкіндіктерін кеңейту жолдары қарастырылды.
    Психикалық денсаулық – сапалы ұзақ өмір сүрудің ажырамас факторы. Осы орайда әлеуметтік қолдауды дамыту және орталықтың қолданыстағы бағдарламаларын жетілдіру мақсатында Белсенді ұзақ өмір орталығына баратын егде жастағы азаматтардың эмоционалдық саласына зерделеу және талдау жүргізген профессор, геронтопсихолог, ҚР Халықаралық «Болашақ» стипендиаты Күлмаш Елшібаева: «Егде және қарттық жастағы адамдардың есте сақтау қабілетін жақсарту, жандүниесіндегі шиеленісті жеңілдету, ең жайлы эмоционалды фон құру, өмірдің қуанышын, қызығушылығын және қарым-қатынас жасауға деген ұмтылысын қалпына келтіруде психологиялық тренинг оң нәтижесін берді», – деді.
    Одан бөлек конференция барысында «Қарт адамдардың өмір сүру сапасы және Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының даму болашағы», «Әлеуметтік оқшауланудың алдын алу және психологиялық аспектілер», «Инновациялық оңалту әдістері, тұз шахтасы мен магнитотерапияға», «Салауатты қартаю және профилактика» сынды тақырыптарда ғылыми баяндамалар жасалды.
    Форум қонақтары Есік мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайына экскурсия жасап, Белсенді ұзақ өмір орталығы қарттарының арнайы дайындаған шығармашылық көрмесі мен өнерін тамашалады.
    Мұндай іс-шаралар қарттарымызды қоғам өміріне кеңінен араласып, өмірлік бай тәжірибесі мен көрген-білгенін жас ұрпаққа үйретіп, елдің өсіп-өркендеуіне үлес қосуына мол мүмкіндік берері сөзсіз.

    Құралай Мұратқызы

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Қостанайда ең ауқымды «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі өтеді
    28.04.2026
    Ауыл аманаты: Алматы облысында ауыл кәсіпкері айына 60 мың кірпіш өндіреді
    28.04.2026
    Шекараның күміс көмей әншісі
    28.04.2026
    Тұлға
    28.04.2026
    Кітаппен дос бол!
    28.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>