[um_weather city="Қонаев"]
Бейсенбі, Қазан 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Жұмыла көтерген жүк жеңіл

    07.10.2025
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Жұмыла көтерген жүк жеңіл
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Биыл 1 тамыздан 20 қазанға дейін елімізде Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы жүргізілуде. Осыған орай, біз Қарасай аудандық статистика басқармасының басшысы Жұмахан Қожаеваға жолығып, санақтың мақсаты, кезеңі, өткізу әдісі мен алғашқы нәтижесі туралы айтып беруін сұраған едік.

    Жұмахан Берденқызының айтуынша, бұл жұмыс Мемлекет басшысының 2023 жылғы 26 сәуірдегі тапсырмасына және Үкіметтің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №1248 қаулысына сәйкес жүргізілуде.
    Санақ нәтижесі аграрлық саланың нақты жағдайын көрсетіп, шаруашылықтың жай-күйі туралы жан-жақты ақпарат алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен олардың әлеуеті туралы деректерді жаңартуға мүмкіндік береді. Бұл – елдің азық-түлік қорын қалыптастыру үшін өте маңызды. Сонымен қатар өндіріс тиімділігін арттыруға және ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясат әзірленеді.
    – Ең алдымен, біздің басқарма аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімімен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, нұсқаулық және санақ учаскелерінің шекараларын анықтады, ауыл шаруашылығы құрылымдары мен жеке қосалқы шаруашылықтардың тізімдері нақтыланды, – деді статистика басқармасының басшысы. – Үгіт-насихат материалдарына келсек, барлық ауылдық округте 29 баннер орнатылды. Оның бірі – Бірінші май ауылдық округінде, екі-екіден – Қаскелең қаласында, Ұмтыл және Шамалған ауылдық округтерінде, үшеуден – Әйтей, Елтай, Жамбыл, Жандосов ауылдық округтері мен Жібек жолы округінде, төртеуі Райымбек ауылдық округінде орналастырылды. Сонымен қатар төрт ЛЭД-экран орнатылды, біреуі – Жібек жолы округінде, үшеуі – Іргелі ауылдық округінде. Сондай-ақ, Whatsapp мессенджеріндегі 275 топтық чат қолданылды.
    Аудан бойынша онлайн-санақ өткізу үшін 13 өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы дайындалған. Әрбір аймақ жиһазбен, кеңсе техникасымен және мемлекеттік электрондық жүйеге (ЕТС ГО) қолжетімділікпен жабдықталған. Санақ бойынша 88 адамнан тұратын топ жұмыс істеуде. Нұсқаушылар арнайы оқыту семинарларына қатысты. Санақ жүргізетін тұлғалар қажетті ақпараттық және нұсқаулық материалдармен, құрал-саймандармен, кеңсе тауарларымен және арнайы жабдықтармен қамтамасыз етілді.
    Санақ жүргізу мерзімі мен деректерді жинау әдістеріне келсек, Жұмахан Берденқызының айтуынша, 1–31 тамыз аралығында sanaq.gov.kz сайтында онлайн сауалнама жүргізілді. 1–19 қыркүйек аралығында онлайн қатыспаған шаруашылықтарды анықтау үшін деректер өңделді.
    20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында планшеттерді пайдалану арқылы интервью алу әдісімен санақ жалғасуда. Бұл науқан барысында жер және егістік алқаптары, ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың саны, техника мен жабдықтар, мал және құс шаруашылығы кешендері мен фабрикалары, өндірістік құрылыстар мен қоймалар туралы деректер жиналуда.
    1 тамыздағы мәлімет бойынша, 2169 ауыл шаруашылығы құрылымын қамту жоспарланған. Оның ішінде 158-і – заңды тұлға, 2011-і – шаруа және фермер қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер. Бүгінде 2169 шаруашылықтың 954-і (90,1%) қамтылды, ал 317-сі (14,6%) әлі де санақтан өтпеген.
    Жақсы және сапалы жұмыс Жамбыл, Бірінші май, Әйтей, Жандосов, Жібек жолы округтерінде жүргізілді. Ал Шамалған мен Ұмтыл округтерінде жұмыс тұрақты жүргізілсе де, кейбір шаруашылықтар әлі қамтылмаған. Қаскелең қаласы, Елтай мен Райымбек ауылдық округтеріндегі көрсеткіштер төмен, бұл елдімекендерде санақ баяу жүріп жатыр.
    222 проблемалық ауыл ша­руашылығы құрылымы ерекше назарда. Олардың 190-ы бойынша орналасқан жері белгісіз, салық органдарының базаларында мәлі­мет жоқ. Сонымен қатар 14 ша­руашылықтың басшысы шетелге қоныс аударған немесе демалыста, 10-ының басшылары қайтыс болған, 7-еуі түрлі себеппен санаққа қатыса алмай отыр.
    Санақтың алғашқы кезеңінде жеке қосалқы шаруашылықтар (ЖҚШ) да қамтылды. Жоспар бойынша 37077 ЖҚШ-ның 5059-ы өтуі тиіс еді. Бүгінгі күні 2698 шаруашылық онлайн форматта санақтан өтті, бұл жоспардың 53,3%-ын құрайды. Демек, бірінші кезең төмен көрсеткішпен аяқталды.
    20 қыркүйектен 20 қазанға дейін қалған 34379 ЖҚШ қамтылады деп күтілуде.
    – Екінші кезеңде интервьюерлер кей респонденттердің санаққа қатысудан бас тартуына тап болды. Халық бұл жұмысқа сақтықпен қарайды. Сондықтан көпшілік арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту қажет. Сонымен бірге автобус қатынасы жоқ ауылдарда жергілікті атқарушы органдар санақ персоналын көлікпен қамтамасыз етуі тиіс. Ал интервьюерлердің қауіпсіздігі үшін округ әкімдеріне олардың жұмысын учаскелік полиция инспекторларымен үйлестіру ұсынылады. Осылайша, Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының ауданымызда сәтті және тиімді өтуі үшін бәріміз бірігіп жұмыс істеуіміз керек. Бұл ауыл шаруашылығы сияқты маңызды саланың нақты жағдайын түсініп, оны дамыту үшін қажетті шаралар қабылдауға жол ашады, – дейді Жұмахан Берденқызы.
    «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының өз дәрежесінде өтеріне кәміл сенеміз.

    Қуат Қайранбаев

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    2025 жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 288 мыңнан астам қызмет алды

    2025 жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 288 мыңнан астам қызмет алды

    4 months ago
    Президент Алматыда сейсмоаудит жүргізу жоспарын мақұлдады

    Президент Алматыда сейсмоаудит жүргізу жоспарын мақұлдады

    3 years ago
    Энергия тапшылығын азайтады

    Энергия тапшылығын азайтады

    1 year ago
    Алматы облысында былтыр 1,2 тонна заңсыз ауланған балық тәркіленді

    Алматы облысында былтыр 1,2 тонна заңсыз ауланған балық тәркіленді

    6 months ago
    Қазына тұнған  – құт мекен

    Қазына тұнған  – құт мекен

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>