⛅
17°C
Қонаев
Сейсенбі, Қазан 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ерекше жандарға құрмет

    16.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Ерекше жандарға құрмет
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         Кеген ауданы әкімдігі мен «Денсаулық – зор байлық» мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау қоғамы «Әр жан – ерекше, әр мүмкіндік – шексіз» атты қайырымдылық шарасын өткізді.

    Кегендегі Мәдениет үйінде ұйымдастырылған шараға аудан әкімінің орынбасары Кеңес Қабылбеков, мәслихат төрағасы Алмасбек Нұғыман, «Денсаулық – зор байлық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шолпан Жанбабаева, мекеме басшылары, мүмкіндігі шектеулі балалар мен ата-аналар қатысты.
    Кеңес Кабылбеков қайы­рымдылық шараларды ұйым­дастыруға ұйытқы болып келе жатқан «Денсаулық – зор байлық» мүгедектер қоғамдық бірлестігіне ризашылығын білдірді. Аталған жиынның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсету, көңілдерін көтеріп, қолтықтарынан демеп, жақсылық жасау екенін атап өтті. Маңдайға жазылған тағдыр тауқыметін мойымай көтеріп, өз салалары бойынша үлкен табысқа жеткен кәсіпкерлер – Еркебұлан Ұланұлы, Сержан Иембердіұлы, Айдын Тұяқбайұлы, Дәулет Нұрланұлына Алғыс хат пен заттай сыйлықтар табыстады. Ал аудандық мәслихат төрағасы Алмасбек Нұғыман жеке кәсіпкерлікпен айналысып, мүмкіндігі шектеулі жандарға демеушілік танытып жүрген Шолпан Ілікқызын аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасымен марапаттады
    Іс-шара барысында ерекше балаларды тәрбиелеп жүрген ата-аналар да жылы лебізін білдірді.
    – Біз, ата-аналар, балала­ры­мызға қамқорлық пен сүйіс­пеншілік танытып жүрген барша­ңызға шын жүректен алғыс айтамыз. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында біздің балалар өмірге сеніммен қарап, қуанышқа бөленіп келеді. Біз үшін олардың әрбір жетістігі – ең үлкен бақыт, әрбір күлкісі – үміттің нышаны. Баршаңызға мықты денсаулық, сабыр мен қуаныш тілейміз. Жүректеріңіз мейірімге, ал өмірлеріңіз жақсылыққа толы болсын! – деген Раушан Түстікбаева ата-аналар атынан ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
    Шара барысында мүмкіндігі шектеулі балалар өз өнерін көрсетіп, ән шырқап, залдағы көрерменнің жүрегін елжіретті. Бұдан кейін аудан өнерпаздары жиналған көпшілікке концерттік бағдарламасын ұсынды.
    Бұл шара мүмкіндігі шектеулі жандардың өз орнын сезініп, қоғамның толық мүшесі екенін ұғынуына жол ашты.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр

    Алматы облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр

    1 year ago
    Ақтау түбінде Әзербайжан ұшағы құлады

    Ақтау түбінде Әзербайжан ұшағы құлады

    10 months ago
    Бақыт кілті

    Бақыт кілті

    10 months ago
    Алтын құрсақ

    Алтын құрсақ

    8 months ago
    «Әкем – тірегім, анам – жүрегім» атты ашық есік күні өтті

    «Әкем – тірегім, анам – жүрегім» атты ашық есік күні өтті

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>