🌫️
-3°C
Қонаев
Жексенбі, Ақпан 8, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Маңызды мәселе көтерілді

    25.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Экология
    Маңызды мәселе көтерілді
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Алматы облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев тұрғындармен және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті.

    Кездесуде Мансұр Тұрсынұлы Мемлекет басшысының экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі тап­сырмасын іске асыру мақсатында Алматы облысында 13 іс-шарадан тұратын Жол картасы бекітілгенін айтты. Сондай-ақ облыстағы эколо­гиялық мәселелерді кешенді шешуге бағытталған бұл іс-шараның төртеуі орындалып, басқаларын жүзеге асыру жүргізіліп жатқанын айта келе, қалдықтарды басқару мәселесіне тоқталды.
    – Бүгінгі таңда облыс көлемінде қалдықтарды басқару бағдарламалары толық бекітілмеген. Жиналған орташа қалдық көлемі – 460 мың тонна. Тұрмыстық қатты қалдықтардың өңделген немесе сұрыпталған үлесі 29 пайызды құрайды. Бұл нәтиже респуб­ликалық көрсеткіштен жоғары. 151 қатты тұрмыстық қалдықтар поли­гонының бесеуі ғана санитарлық және экологиялық талаптарға сай. Тоғыз айдың қорытындысында 145 заңсыз қоқыс орны анықталып, оның 107-сі жойылған. Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру мақсатында министрлік тарапынан бірқатар жүйелі шаралар қолға алынған. Атап айтқанда, былтыр ақпан айынан бастап экоқолдау, утильалым есебінен төлемдер қайта басталды. Бүгінде облыс бойынша 18 компаниямен келісімшарт жасалды. Сонымен бірге қалдықтарды басқару саласындағы инвестициялық жобаларды жеңілдетумен қаржы­ландыру механизмі бекітілді. Облыста құны 43,3 млрд теңге болатын қоқысты қайта өңдейтін үш жоба іске асырылуда. Үкімет экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті. Ел Президентінің 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасы аясында Алматы облысында 39 млн-ға жуық көшет егілді, – деген Мансұр Ошурбаев министрлік тарапынан басқа да атқарылып жатқан жұмыстар жайын баяндады.
    Сұрақ-жауап кезеңінде ЖСДП партиясының облыстық филиал төрағасы Нұрлыбек Нұрмұхамедұлы Шеңгелді ауылынан 700-800 метрдей жерде заңсыз қоқыс полигоны пайда болғанын және Талғар ауданы Қарабұлақ ауылындағы «Наргиз» базарындағы мал сою орнының қалдықтары ауыл ішінен өтіп жатқан өзенге төгіліп жатқанын жеткізіп, Мансұр Тұрсынұлынан осы мәселелерді өз бақылауына алуды сұрады. Сонымен қатар заңсыз қоқыс үйінділерінің пайда болуы, су тапшылығы мен сапасы, көгалдандыру және тағы басқа мәселелер көтерілді.
    Вице-министр мен облыс әкімінің орынбасары Рустам Исатаев және департамент пен басқарма өкілдері тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Мансұр Тұрсынұлы барлық сұрақтың хаттамаға енгізілетінін, кейбіреулерін тиісті министрліктерге жеткізетінін, көтерілген мәселелердің ешқайсысы жауапсыз қалмайтынын жеткізді.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Қонаевта десанттық-шабуылдау әскерлерінің 25 жылдығы аталып өтті

    Қонаевта десанттық-шабуылдау әскерлерінің 25 жылдығы аталып өтті

    7 months ago
    Дәстүрлі басылымның жөні бөлек

    Дәстүрлі басылымның жөні бөлек

    1 year ago
    Алматы облысының аумағында жер сілкінді

    Алматы облысында жер сілкінді

    2 years ago
    Бірлігі жарасқан

    Бірлігі жарасқан

    2 months ago
    Алматы облысында бірнеше бала мен екі әйел құтқарылды

    Алматы облысында бірнеше бала мен екі әйел құтқарылды

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>